Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Су тапшылығы экономиканың дамуын тежейді Бозымбаев

Су тапшылығы экономиканың дамуын тежейді Бозымбаев

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, Ұлттық экономика министрлігінің және «AMANAT» партиясының өкілдері, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.

Кеңесте вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын енгізу, егістік құрылымын әртараптандыру, су ресурстарын есепке алу мен бөлуді цифрландыру, тарифтік саясатты жетілдіру және суды заңсыз алудың жолын кесу шаралары талқыланды.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп судың «қара нарығымен» күрес жөніндегі жол картасын әзірледі. Жол картасы аясында республикалық және өңірлік деңгейде ведомствоаралық жұмыс топтары құрылады. Құжатта анықталған заңбұзушылықтарды талдау, цифрлық мониторинг құралдарын енгізу, тексерулер мен рейдтер ұйымдастыру, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен су шаруашылығы ұйымдары жасайтын құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қарастырылған.

Вице-премьер Күрті су қоймасынан суды заңсыз алудың жолын кесуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Суару маусымында тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру шаралары көзделген. 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, Алматы облысында күріш егісінің жалпы аумағы 5,8 мың гектардан аспауы тиіс.

Белгіленген лимиттерді сақтау мақсатында суды меншікті нормадан артық тұтынған, өсірілетін дақылдарды өз бетінше ауыстырған және тиісті келісімшартсыз су алған жағдайда тарифтерді ұлғайтуды көздейтін суармалы суды пайдалану қағидалары қабылданды.

Фото: Үкімет

— Суармалы судың тапшылығы ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мәселесі аса өзекті. Әкімдік дақылдар құрылымын әртараптандыруға және құрғақшылыққа төзімді дақылдарды енгізуге ерекше назар аударуы тиіс. Күріш дақылдарының ауданын Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен индикаторларға сәйкес келтіру қажет. Былтырғы күрделі жағдайға қарамастан, вегетация кезеңінің салыстырмалы түрде жеңіл өтуіне су үнемдеу технологияларын енгізу ықпал етті. Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында атап өткендей, су ресурстарының 50 пайыздан астамы жерге сіңіп кетеді. Бұл заманауи жүйелерді қолданатын көрші елдермен трансшекаралық суды бөлу жөніндегі келіссөздерді қиындатады. Алдағы 3-4 жылда бұл мәселемен жүйелі түрде айналысу қажет, — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

2030 жылға дейін Қазақстандағы 1,3 млн гектар суармалы жерді су үнемдеу жүйелерімен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде Алматы облысы бойынша көрсеткіш — 186,6 мың гектар. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 2026-2028 жылдары республика бойынша жалпы сипаттағы трансферттер аясында су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға және суару суының құнын субсидиялауға 228,2 млрд теңге қарастырылған. Бұл алдыңғы үш жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Оның Алматы облысына 27,6 млрд теңге бекітілген.

2028 жылға дейінгі Су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Бартоғай су қоймасын реконструкциялау жобасын әзірлеп жатыр. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 270 км болатын топтық су құбыры мен төрт магистральдық канал салу жоспарланған. Үлкен Алматы каналының учаскелерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар биыл толық аяқталады.

Жергілікті атқарушы органдар «Сұңқар» және «Тегермен» су қоймаларын салуға арналған жобалау-сметалық құжат дайындап жатыр. Сонымен қатар төрт су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 74 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізу көзделген.

Фото: Үкімет

Вице-премьер облыс әкімдігіне осы жобалардың іске асырылуын ерекше бақылауға алуды және нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Ислам даму банкімен ынтымақтастық аясында Еңбекшіқазақ, Балқаш, Ұйғыр және Райымбек аудандарында суару желілерін реконструкциялау жобаларын іске асыру жоспарланып отыр. Нысандардың жалпы ұзындығы 550 шақырымнан асады. Нәтижесінде 34 мың гектардан аса ауыл шаруашылығы жері тұрақты сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және оның климаттық тұрақтылығын арттыруға елеулі үлес қосады.

Кеңесте «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы да қаралды. Биыл Алматы облысында ауыл кәсіпкерлігін дамытуға 10,8 млрд теңге бөлінеді.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, бағдарлама қазірдің өзінде айқын әлеуметтік-экономикалық нәтиже көрсетіп отыр. Ауыл тұрғындарының орташа табысы 23 пайызға артқан, ал кейбір кәсіпкерлердің өнімдері басқа өңірлерге және экспорттық нарықтарға шығарылып жатыр.
Соңғы үш жылда бағдарлама аясында 1436 жоба қаржыландырылып, 90 кооператив құрылды және 1616 жаңа жұмыс орны ашылды.
Қазіргі таңда Алматы облысы халқының 81%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Қанат Бозымбаев ауылда тұрақты табыс көздерін, жұмыс орындарын және шағын бизнесті дамытуға қажетті жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасының сапалы орындалуын бақылау Ұлттық экономика министрлігіне жүктелді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 17:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары