Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады

Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Оның айтуынша, су ресурстарын ұтымды пайдалану және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу экономиканың барлық салалары үшін ерекше маңызды болып отыр. Су пайдалану тиімділігін арттыру басымдық қана емес, тұрақты дамудың қажетті шартына айналуда.

— Саланың негізгі құжаты — су ресурстарын тиімді пайдалануды арттыруға бағытталған шараларды көздейтін жаңа Су кодексі. Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында да саланың ұзақ мерзімді дамуы көрініс тапқан. Оған қоса, су саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары, 2026 жылға дейінгі су үнемдеу жөніндегі жол картасы әзірленген, — деді Т. Момышев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әсіресе суармалы егіншілікте заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта Президент су үнемдеу технологияларын қолданатын суармалы алқаптарды жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту жөнінде тапсырма берген.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы судың ең ірі тұтынушысы болып қала береді. Жалпы су тұтынудың шамамен 65% осы салаға тиесілі. Су үнемдеу технологияларын кешенді енгізу мақсатында Су министрлігіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы су қызметтерінің құнын субсидиялау, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеу функциялары берілген.

— 2024 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандырудың негізі қаланды. Атап айтқанда, инфрақұрылымды жүргізу кезінде ұңғымаларды бұрғылауға, су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға жұмсалған фермерлердің шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды, — деп толықтырды спикер.

Сонымен бірге, тариф құнына байланысты субсидиялардың сараланған мөлшері енгізілді. Су үнемдеу технологияларын қолданған жағдайда субсидия мөлшері 60%-дан 85%-ға дейін ұлғаяды. Ал қолданылмаса — жыл сайын 10%-ға төмендейді.

— Қабылданған шаралар нақты нәтиже беріп отыр. Бұрын жыл сайын қамту көлемі 30-35 мың гектар болса, 2024-2025 жылдары бұл көрсеткіш жылына шамамен 150 мың гектарға жетті. 2025 жылы су үнемдеу технологиялары қолданылған алқаптар 543,5 мың гектарды құрап, нәтижесінде 874 млн м³ суару суын үнемдеуге мүмкіндік берді, — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі.

2030 жылдың соңына қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл 2,2 млрд м³ суару суын немесе шамамен 30% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі су көп қажет ететін дақылдар алқабы қалай қысқартылғанын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Сәуір 2026 14:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары