Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Сұраныста сапалы қызмет

Сұраныста сапалы қызмет

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан кәсіп ашамын деген азаматтарға жан-жақты мүмкіндік жасалып отыр. Тиімді несие, қайтарымсыз грант секілді бағдарламалардың түр-түрі бар. Ең бастысы, кәсіп көзін тауып, жобаңызды комиссия алдында қорғап шықсаңыз болғаны.

Өскемен қаласының тұрғыны Индира Әзілбаева «Бизнес бастау» бағдарламасы арқылы қайтарымсыз грант алып, жарнама агенттігін ашқан. Айтуынша, мемлекеттен берілген қаржыға лазерлі станок сатып алған, безендіру жұмыстарының сан түрімен айналысады. Жейдеге сурет басудан бастап, мектеп пен балабақшалардың көрнекілік, ақпараттық құралдарына дейін әзірлейді. Кәсіп көзін дөп баса тапқан көпбалалы ананың өндіріп жатқан жұмысына сұраныс баршылық. Көрсетіліп жатқан қызметтің қай түрі де сапалы.

«Қарап отырсақ, еліміздің дамуы көш ілгері. Қарапайым ғана мысал айтайын, балаларымыз тегін оқиды, тегін медициналық көмек аламыз. Білімі жетсе, жоғары оқу орнында да тегін оқиды. Кәсіпкерлікке де қолдау мол. Мен секілді шағын кәсіпкерлікті қолға алғандардың кеңеюіне жан-жақты жағдай жасалып жатыр», дейді Индира Ерғалиқызы.

Көп жыл декреттік демалыста отырған ол алғашында мемлекеттік грантқа іліне алмаған. Алған беттен қайтпайтын қайсар ана екінші рет тәуекел еткен. Арнайы жасақталған комиссияға барлық жұмысты, өзіне қажетті аппараттың қуатын көрсеткен. Сөйтіп, комиссия көзі жеткен соң, грант бөлді. Кәсіптің келешегі барын байқаған өмірлік серігі қосымша баннер шығаратын станок пен киімге сурет басатын құрылғы сатып алып берген. Жұмысты ұршықша иіріп әкетуінің себебі, Индира өзі оқушы кезінен сурет салуға жақын еді. Қабырға газеттерін шығарып, мектептегі безендіру жұмыстарына атсалысып жүретін. Жоғары оқу орнында алған білімі шығармашылықтан алшақтау. Мамандығы – алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. Он шақты жыл декреттік демалыста отырып, жұмыс істеуге мұршасы болмаған соң, кәсіп ашуды ұйғарған. Бұған дейін кәсіптің әр түрімен айналысып та көрген.

«Күршім ауданында туғаныммен, Көкпектінің Үлкен Бөкен ауылында өстім. Оқуымды тәмамдаған соң, шамалы уақыт әскери комиссариатта жұмыс істедім. Тұрмыс құрдым, балалы-шағалы болдым. Жарым үнемі қолдау көрсетіп отырады. Екінші анам балаларға қарайды. Шығар­машылық адамы болғандықтан, қазіргі кәсібім жаныма жақын. Дегенмен кез келген кәсіпті бастамас бұрын бағыт-бағдар беруші адам керек. Ол жағынан маған жол көрсеткен туысқан ағам Жасұлан еді. Ол да жарнама агенттігін ұстап отырған азамат»,  дейді кәсіпкер.   

Индира кітап оқуды жақсы көреді. Оның ішінде адамға күш беретін, жігерлендіретін шығармаларды іздейді. Өзінің осы уақытқа дейінгі көрген-білгенін кейінгі жастарға да үйреткісі келеді. Жастар да көбірек кітап оқыса екен деп тілейді. Әр сәт маңызды деп санайды. Өзі болса жұмысын жүйелі атқарып, уақытты ұтымды пайдаланып жүр.

ӨСКЕМЕН 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 08:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see130

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары