Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Сүзгісіз жарияланған сұхбат қоғамға зиян келтірумен тең журналист

Сүзгісіз жарияланған сұхбат қоғамға зиян келтірумен тең журналист

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Дін өкілінің даулы мәлімдемеден кейін оны жариялаған журналистің кәсіби жауапкершілігі өткір сынға ұшырады. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи мұндай мазмұндағы материалды эфирге шығару этикаға қайшы деп бағалап, медиа өкілдерін жауапкершілікке шақырған еді. Осы жағдайдан кейін Arasha.kz даулы тақырыптарды жариялауда журналист қандай ұстанымда болуы керек деген сұраққа журналист Айнұр Бекованың пікірін білді.

– Қоғамда мұндай мәселенің бары рас. Бірақ осындай ақпаратты жариялау бізге қажет пе, әлде ол қауіпті ме?

– Журналист даулы тақырыптарды қозғағанда, мейлі ол дін, адам құқығы немесе мораль мәселесі болсын, міндетті түрде қоғамдық сүзгі рөлін атқаруы тиіс. Кез келген журналист ұстануы керек басты қағида – зиян келтірмеу. Яғни жарияланған ақпарат ешкімге зиянын тигізбеуі керек. Материал қоғамда кемсітушілікке немесе заңсыз әрекеттерге жол ашпай ма деген сұрақ әрдайым бірінші орында тұруы қажет.

Қазір, мысалы, әйел құқығына қатысты тақырыптарда көп әйел алу сияқты көзқарастар ашық насихатталып жүр. Егер спикер сұқбат барысында әйелді, баланы немесе ер адамды кемсітетін пікір айтса, оны еш сүзгісіз жариялау – зиян келтірумен тең.

Жалпы кез келген тақырыпты көтеруге болады. Бірақ ол – екі жүзді пышақ сияқты. Мұндай мәселелерді көтеру қажет, өйткені олар қоғамда бар. Тіпті бұл тақырыптар парламент деңгейінде де айтылып жүр. Сондықтан оны «жабық есіктің артындағы бізге қатысы жоқ мәселе» деп қарауға болмайды. Керісінше, журналистер көтерген проблемалар кейде нақты шешімін тауып жатады, қоғамда талқылау туғызып, мемлекеттік органдардың назарын аударады.

Алайда қауіп қай жерде? Егер журналист сыни көзқарас танытпай, тек хайп үшін спикердің сөзіне бас шұлғып отыра берсе – бұл қауіпті. Өйткені мұндай пікірді қоғам қалыпты құбылыс деп қабылдауы мүмкін. Журналист мәселені көтеріп қана қоймай, оны сауатты жеткізіп, мүмкіндігінше шешім жолдарын да көрсетуі керек.

– Діни тақырыпты жазғанда қандай шектеулер мен талаптар ескерілуі тиіс?

– Журналист немесе сұқбат алушы адам спикердің әрбір сөзінің салмағын түсінуі керек. Айтылған деректерді тексеріп, қажет жерде нақтылау сұрақтарын қоюы шарт. Егер заңға қайшы пікір айтылса, «Бұл заңға қайшы емес пе?», «Бұл біреуді кемсіту емес пе?», «Сіздің сөзіңіз біреуге зиян тигізіп жатқан жоқ па?» деген сияқты қарсы сұрақтар қойылуы тиіс. Осы арқылы журналист өз позициясын сақтайды.

Ал егер айтылған сөзді сол күйінде бере салса, бұл редакциялық сүзгінің жоқ екенін білдіреді. Сондықтан контекст беру өте маңызды: материал барысында немесе соңында басқа тараптың пікірін – заңгердің, құқық қорғау органдарының көзқарасын қосу қажет. Сонда ғана тепе-теңдік сақталады.

Иә, біз демократиялық елміз, сөз бостандығына кепілдік бар. Бірақ бұл жауапкершілікті жоққа шығармайды. Спикердің сөзі зайырлылық қағидаларына қайшы келсе, діни алауыздықты немесе гендерлік теңсіздікті насихаттаса, журналист оны не жарияламауы керек, не оған сыни ескерту беруі тиіс. Сонда материал мүлде басқа сипат алады.

Кейде мұндай жағдайларда айыппұл салынса, оны сөз бостандығын шектеу деп қабылдайды. Бірақ бұл жерде ақпаратты айтқан адам да, оны таратқан адам да заң алдында бірдей жауап береді. Заң үстемдігін ұмытпауымыз керек.

Біржақты пікір – манипуляцияның құралы. Діни және басқа да даулы тақырыптарды жазғанда қоғамдық мүддені ажырата білу маңызды. Әрине, таралым мен қаралым да керек. Қазір көп журналистер мен блогерлер хайп үшін өткір тақырыптарды таңдайды, кейде тіпті өшпенділік тіліне де жол береді. Алгоритм мен монетизация үшін қаралым маңызды шығар, бірақ бедел одан да маңызды.

Этиканы сақтау айтуға оңай, бірақ оны ұстану – әр журналистің міндеті. Бұл жауапкершілік салада қырық жыл еңбек еткен маманға да, енді ғана келген жасқа да бірдей жүктеледі.

– Журналист қоғамға зиян болуы мүмкін пікірлерді қандай форматта беруі керек?

– Мен бұл сұқбатты толық көрген жоқпын, тек белгілі бір контекстпен ғана таныстым. Егер сұқбатта діни насихат немесе уағыз айтылған болса, онда мәселе мүлде басқа деңгейге өтеді. Өйткені заң бойынша діни уағыз жүргізуге шектеу бар: ол тек арнайы рұқсат етілген орындарда, яғни мешіттерде ғана айтылуы тиіс.

Қазір, өкінішке қарай, мұндай уағыздар тек YouTube-та ғана емес, тіпті ас беру сияқты жиындарда да айтылып жатады. Оның заңға сәйкестігіне құқық қорғау органдары баға беруі керек. Дегенмен, менің түсінуімше, діни пропагандаға жалпы жағдайда тыйым салынған, тек арнайы орындарда ғана рұқсат етіледі.

Сондықтан журналист мұндай пікірлерді сол күйінде бере салмай, міндетті түрде контекст қосып, заңдық шеңберін түсіндіріп, қажет болса сыни көзқарас білдіруі керек. Формат тұрғысынан да жауапкершілік маңызды: материал тек біржақты насихатқа айналып кетпеуі тиіс.

– Мұндай жағдайда негізгі жауапкершілік кімде: айтқан адамда ма, әлде оны жариялаған журналисте ме?

– Дін – өте нәзік тақырып. Қазақстан – зайырлы мемлекет, сондықтан кез келген діни көзқарас Конституциядан жоғары тұра алмайды. Бір топтың немесе радикалды көзқарастағы адамның бүкіл қауым атынан сөйлеуіне жол бермеу керек. Бұл – тек дінге емес, жалпы қоғамдағы барлық мәселеге қатысты қағида.

Сұқбат алар алдында журналист спикерді жан-жақты зерттеуі тиіс: оның көзқарасы қандай, қоғамда қандай мәселелер көтеріп жүр, қандай позиция ұстанады. Қазір бізде «әмбебап сарапшылар» көбейіп кеткен, сондықтан мұнда аса сақ болу қажет.

Жауапкершілік екі тарапта да бар. Бірақ меніңше, негізгі салмақ журналистке түседі. Өйткені дәл сол адам ақпаратты қалай беруді, қандай форматта ұсынуды және қандай сүзгіден өткізуді өзі шешеді.

– Әңгімеңізге рақмет!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 16:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары