Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Сырым Аманжанұлы, дәстүрлі әнші: Сол әндерден рақат ала алмадым

Сырым Аманжанұлы, дәстүрлі әнші: Сол әндерден рақат ала алмадым

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Дәстүрлі әншілік өнер атадан балаға, ұстаздан шәкіртке жалғасып, уақыт сүзгісінен өтіп бүгінге жетті. Бірақ бұл мұра тек әндердің өзімен шектелмейді, ән айтушылардың тәжірибесі мен көзқарасы да сол өнердің ажырамас бөлігі. Сондықтан бүгінгі күні тек әнді емес, әншінің өзін тыңдау маңызды. Осы орайда біз дәстүрлі ән өнерінің белді өкілі, орта буын әншісі Сырым Аманжанұлы Мұхамеджановты әңгімеге тарттық.

- Сәке, мына сұрақты бірден төтесінен қоюға рұқсат етіңіз. Көптен бері ойда жүр еді. Бүгінгі таңда дәстүрі әншілер сахнаға қара домбыраның сүйемелімен бірге, эстрада жанрында да ән салып жүр. Яғни, екі бағытты қатар алуда. Бірақ сізді эстрадамен ән салғаныңызды көрмедік. Бұл бағыттан арнайы бас тартқаныңыз ба? Әлде басқа себеп бар ма?

- Бұл рас. Бізге дейінгі, бізден кейінгі, замандастарымыз эстрадамен де ән айтып жүр. Маған да “қара домбыраңды арқалап қаншанғы жүресің, сен де ертең эстрадаға ерте ме, кеш пе әйтеуір бір түсесің” деген сынды пікірлерді алдыңғы буын әншілерден талай естігенбіз. Ал мен дәл сол өнерді аса көңілім қаламаған соң, және де сол әндерден рахат ала алмадым. Ол жаққа аса зауқым соқпады. Сол себепті осы қазақтың классикалық төл таза бекзада өнерін тереңдету жолында тер төгіп келемін. Ашылмай жатқан небір ақтаңдақтардың бір бұшпағы ілініп қалар деген ниетпен, тоқтаусыз ізденіспен келемін. Ол үшін әнді жан жүрегіңмен сүюің керек, яғни мен бұл әнді жан-тәніммен сүйемін.

- Рахмет. Ән алыптары жайлы сұрағым бар. Әнші ретінде қарапайым оқырманға мынаны түсіндіріп беріңізші, Ақан мен Біржанның, Үкілі Ыбырай мен Естайдың, жалпы сол дәуірдегі әншілердің әндерінің айырмашылығы неде?

- Бастарына түскен жағдайларына, тағдырларына және де сол кездегі ортасына байланысты айырмашылық береді. Зерттеп түйсініп түбіне үңілсең көрініп тұрады. Мысалы, Біржан салдың әндері үйреніп, жаттауға оңай келгенімен айтылуында дауыстың үлкенін талап етеді. Біржан сал көп жағдайда елдің әлеуметтік жағдайын көп жырлаған. Және де бай-бағыландармен жаны қас болғаны, әндерінде көрініс береді. Халық жағына шығып, халықтың сөзін сөйлеп теңдің іздеу жолында күрескен қайраткер өнерпаз болған. Ал енді “Мақпал”, “Он екі звот”, “Жан баспас”, “Көкшетаудың биігі”, “Айтбай” деген әндерін екінің бірі айта алмайтын, сондай әнші таңдайтын әндер. Мінезі драма, образы батырлық, беретіні рух. 

Ал Ақан серінің әндерін драмаға көп сала алмайсың көп жағдайда созыңқырап, ұшырып, әуездетіп айтасың. Яғни, дала лирикасы десек болады. Енді Үкілі Ыбырайдың әндері өз мінезіне сай құбылмалы болып келеді. Бір кезде ырғақтанып желсе, бірде будақтап атқылайды, бір кездерде ортаяды. Сан-алуан түрлілігімен ерекшеленіп тұрады қысқасы. Ал енді Естай болса естай Қорланды елу жыл жырлап өткен. Әндерінің жартысынан көбі өз ғашығына арналған, кейінгі заманмен ұштасқан. Естай арғы жақпен бергі жақты ұштастырған тұлға. Сондықтан жаңа заманға сай үлгісі жанданған жаңашыл композитор.

- Сонда Естайдың жаңа заман композиторы деуге бола ма? Әсіресе “Қорланы” аса танымал…

- Әрине, салыстырмалы түрде, Ақан, Біржан, Ыбырайларға қарағанда заманауи деп айтуға болады. Бірақ та мынаны ескеруіміз керек. Біржан, Ақан, Ыбырай, Естайдың кез келген әні бір-бірін жалғастырып тұрған, аңыз сияқты. Бөліп-жарып қарай алмайсың. Әрине, кейбір әндері халық арасында кең танымал, кейбірін тек кәсіби әншілер ғана айтып жүр. Бұл жәйт тек әншілік өнерде емес, барша өнер атаулының түрінде кездеседі. Десе де бұл жерде көбірек ел ішіне тарап, бірінен бірі үйреніп айтылды деген дұрыс шығар. Әйтпесе әндері бірінен бірі асып тұр ғой.

- Мен мысалға әншілерді көп тыңдаймын. Өткен ғасыр әншілерін. Олар бір-біріне ұқсамайды. Ал қазіргі әншілердің дауысы өте ұқсас сияқты көрінеді. Әсіресе жастарды тыңдағанда осындай әсерде қаламын. Себебін іздеп көрейікші. 

- “Болмасаң да ұқсап бақ” дейтін тамаша тәмсіл бар ғой. Қазақта ұстазға еліктеу бар да, өзінше айту бар. Қалай дегенде де ұстазыңа, бір қырыңның ұқсап тұруы қалыпты жағдай. Солай болуы да керек. Ал қалған бөліктерін ұзақ ізденіспен табасың. Ал таза көшірме жасау әсте дұрыс емес. Әр әншінің Құдай берген өз дыбысы, тембры бар. “Бұзды, өзгертті” деген күннің өзінде, кейіннен көп ізденсе сол дыбысына қайтсе де қайта оралады. Жасанды нәрсе ешқашан мәңгі болмайды. Дауыс қою деген керек, бірақ оны көрсетуші ешқашан ауызына салып бере алмайды. Яғни көп жағдайда қателік ізденушіден, үйренушіден кетуі мүмкін. Ал үйретуші бар білгенін ортаға салады. Олардың да дәрежелері әр түрлі. Бірі мектеп жасындағылармен жақсы жұмыс істей алса, ал бірі орта білімдегі жастармен дұрыс жұмыс жасай алады.

Үлкен оқу орындарында болашақтағы жақсы әншілерді, зерттеуші, ғалым оң-солын таныған, мойындалған мықтылар дөп басады. Дәл осы үш дәрежедегі оқытушылар қазіргі таңдар араласып кеткендіктен, шәкірттердің дауыстары кейбір тұстарда ұқсап кетіп жатыр. "Бірақ көш жүре түзеледі" дегендей сол өнерпаздар бір кездері, тынбай еңбектенсе діттеген мақсаттарына жететініне кәміл сенемін.

- Ізденіп жүру демекші, өзіңіз де студент болдыңыз, сол кезбен осы кез студенттерінің айырмашылығы бар ма? Жиырма жылдай уақытты өтті.

- Жиырма жыл дейсіз бе? “Елу жылда ел жаңа” дейді ғой. Әрине өзгеріс өте көп. Әлеуметтік желісі бар, аудио-видео жазбалары бар, барлығы интернетте сыңсып тұр. Уақыт бөлсең болғаны, барлығы дайын. Және де заманына қарай адамы дегендей, қазіргілер бізден гөрі едәуір шапшаң. Ал ән айту, сөз бөлу, әнді әуездетіп ырғалту жағынан кемшін түсіп жатыр. Демек кітап оқымайды, көп ақпараттың құрбаны десек дұрыс болар.

- Бүгінгі таңда осы саладағы тағы кемшін тұстары жайлы айта өтсеңіз.

- Жалпы өнер әлемінде орын алып жатқан сорақылықтар өте көп ғой қайссы бірін айтасың. Өнерпаздың бағында, тағында қызғану, өзін ғана дәріптеп өлермендікпен атақ алу дәл қазір дендеп тұр. Оны бәрі де көріп жүр. Мен бұны шын өнерпаздық деп есептемес едім. 

- Осының бәрін дұрыстау үшін шәкірттеріңізге ән үйретуден бөлек, жалпы өмірлік бағыт-бағдар да беріп отыратын шығарсыз.

- Әрине, ұстаздың тек ән үйретуден шектелмейді ғой. Өзімнің ұстазым Ұстазым Қайрат Байбосыновтың ізімен, шәкірт санасына тамшыдай болсын үлес, көкірегіне сәуле құя алсам деймін. Шәкіртке қарай, біз де айтып отырамыз. Мысалға, өнер әлемінде қызғаныш, көреалмаушылық дейтін жаман әдеттен аулақ жүруді, шәкірттеріме әсте айтып естеріне жиі салып отырамын. Әрине, білгіш те, ғұламада емеспін, тек осы өнерді өлтірмей, жандандыру жолында, кейінгі буынға таза саф қалпында бұзбай үйретсек – бұдан асқан құндылық жоқ мен үшін.

- Алдағы уақытта жеке шығармашылық кешіңіз жайлы айтып кетсеңіз.

- Ия, бұйырса алдағы күндері жеке шығармашылық концертім өтеді. Концерт атауын "Райхан гүл" деп атадым. Бұл атауды тақырыпты жай ғана қоя салған жоқпыз әрине. Адамдыққа, адалдыққа, сүйіспеншілікке, махаббатқа, сұлулыққа құштар көңілімізді, әнмен жеткізу үшін "Райхан гүл" деп атадық. Бұл ән Ақан серінің ең сұлу, ерекше әуезді, өлшемі бөлек әндерінің бірі. Концертке бір топ шәкірттерім және өнердегі шертпе күйші досым Жігер Бертісов, кеш тізгінін белгілі актриса Гаухар Жүсіпова жүргізеді. Өзім он үш ән айтамын. Құдай қуат берсе, халық сұрап жатса ән орындауға дайынбыз. 

Осы сәтті пайдалана отырып, барша оқырмандарды ақпан айының 27-күні К. Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің (Астана қ., Тәуелсіздік көшесі, 50) камералық залында өтетін концертіме шақырамын. Басталуы сағат 16:00-де.

- Шығармашылық кеш сәтті өтсін!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 14:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары