Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Талдықорғанда ауруханаға жатудан бас тартқан 23 жастағы спортшы қайтыс болды

Талдықорғанда ауруханаға жатудан бас тартқан 23 жастағы спортшы қайтыс болды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Марқұмның құрбысы Гүлім Бектұрғанованың сөзінше, спортшы өзін жайсыз сезінген сәтте жедел жәрдем шақырылған. Келген бригада науқасты тексеріп, тамағын қабынғанын байқаған. Оған дене қызуын түсіретін дәрі ішуді ұсынып, кетіп қалған.

Кейінірек жағдайы одан сайын қиындаған бойжеткенді жақындары ауруханаға өздері апарған. Алайда туыстарының айтуынша көпбейінді ауруханада Аянның тіркеуі жоқ деген сылтаумен қабылдамай, облыстық ауруханаға жіберген.

Ондағы дәрігерлер науқастың жағдайын «инфекциялық» деп бағалап, инфекциялық ауруханаға бағыттаған. Медициналық мекемеде бойжеткенге екі тамшылатқыш қойылған. Құрбысының айтуынша, басында жағдайы жақсарғандай көрінгенімен, кейін өңі бозарып, еріндері көгеріп кеткен.

Сондай-ақ науқастың әрі қарай ауруханада қалудан бас тартып, өз қолымен қолхат жазғаны хабарланды. Бірақ сол түні оның жағдайы күрт нашарлап, тағы да жедел жәрдем шақырылған. Ол облыстық ауруханаға шұғыл жеткізгенімен, есін жимастан көз жұмды.

Фото: Видеодан алынған кадр

Ресми жауап

Туыстары Аян Тұрдыбекке медициналық көмек дер кезінде көрсетілмегенін және медицина қызметкерлері тарапынан салғырттық болуы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар олар өлім туралы қорытындыда «белгісіз заттан улану» деп көрсетілгенін атап өтті.

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы 9 сәуір күні сағат 18:16–да Аян Тұрдыбекке алдын ала «жіті респираторлық вирустық инфекция» (ЖРВИ) диагнозы қойылып, ем тағайындалғанын хабарлады.

— Кейінірек науқас облыстық инфекциялық ауруханаға өз бетімен жүгінген, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, стационарға жату ұсынылған. Алайда ол емделуден бас тартып, тиісті құжатқа қол қойған, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Кенжеғұлова.

Оның айтуынша, сағат 03:49–да жедел жәрдемге қайта шақырту түскен. Дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, науқасты облыстық ауруханаға жеткізсе де, құтқара алмаған.

Тергеу барысы

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта 23 жастағы бойжеткеннңң өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

— Қазіргі уақытта құзырлы органдар тексеру жүргізіп юстыр, сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі, — деді Алмагүл Кенжеғұлова.

Өңірдің спорт басқармасы Аян Тұрдыбектің көзі тірісінде күреспен айналысқанын және самбодан аймақтық жарыстарда өнер көрсеткенін мәлімдеді.

Еске салайық, Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 00:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары