Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Тәуелсіздік баға жетпес ұлы сый

Тәуелсіздік баға жетпес ұлы сый

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ал «мемлекет», «мемлекетшілдік» деген ұғымдардың өзі қоғамда әртүрлі мағынада қабылданады. Көп жағдайда бұл сөздер ресми мін­берлерде айтылатын жалпы түсінік ретінде қабылданады да, оның адам өмірімен, қоғамның ішкі болмысымен байланысы екінші қатарда қалып қояды. Осы түсініктердің мәнін ашу, тәуел­сіздіктің бүгінгі қоғамдағы орнын анық­тау мақсатында біз әр сала мамандарын сөзге тартқан едік.

Жамбыл АРТЫҚБАЕВ,

тарихшы:

Мемлекетшілдік идеясының түп тамыры аңыздарда жатыр

Мемлекет феноменіне қатысты кешенді зерт­теулер отандық ғылымда әлі де жеткіліксіз. Әсіресе, мемлекет ұғымын тарихи эволюция тұрғысынан пайымдау мәселесі назардан тыс қалып отыр. Қа­зіргі заманғы мемлекет туралы түсінік пен дәстүрлі қоғамдағы мемлекет ұғымының арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Бізге кезінде ұзақ уақыт бойы мемлекеттің пайда болуын адам­дар арасындағы таптық қарама-қайшылықтың нә­тижесі ретінде түсіндіріп келді. Яғни, бір әлеуметтік таптың екінші тапты қанау, езгіге салу мақсатында мемлекеттік билікті қалыптастырғаны жөніндегі маркстік-лениндік тұжырым қоғамдық санада орнықты.

Бүгінде де қоғамдық ой-санада осы әдіс­намалық қаңқаның ықпалы сезіледі. Мемлекет пен тәуелсіздік мәселелерін талдауда біз әлі де сол идеологиялық шеңберден толық шыға алған жоқпыз. 

Қазақ халқын мемлекетшіл халықтардың қа­та­рына жатқызуға толық негіз бар. Бұған өткен ға­сырдағы аға буын өкілдерінің, қариялардың күн­делікті әңгіме-талқыларында мемлекетке қатысты мәселелердің тұрақты түрде көтеріліп отырғаны дәлел бола алады. Мемлекет тағдырына бейжай қарамау қазақ қоғамына тән құбылыс болды. 

Қазақтың мемлекетшілдік идеясының түп-тамыры ауызша тарихи дәстүрде, аңыздар мен шежірелерде жатыр. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Кө­пейұлының шежірелік деректерінде қазақ халқының үш жүз болып қалыптасуы және сол үш жүздің игі жақсыларының Алаша баланы алашаға салып, Ұлытаудың басына көтеріп, елдік ант беруі баяндалады. Осы ант арқылы «Алаш» атауы елдің ортақ атына, ұранына айналған. Бұл рәсімде ортақ ұранға қосылмау елдікке қарсы әрекет ретінде қа­былданған.

Жансая АКАНОВА, 

әлеуметтанушы:

Тәуелсіздік – қауіпсіз орта

Тәуелсіздік деген ұғымды біз көбіне саяси еркіндікпен ғана шектеп аламыз. Ал, шын мәнінде, ол – қоғамның қалай ойлайтынын, адамдардың өз болашағына қалай қарайтынын айқындайтын кең ұғым. Мемлекет дегеніміз – тек аумақ пен би­лік емес, ең алдымен сол елде өмір сүріп жатқан адам­дар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін орта. Сол ортаның қауіпсіз, тұрақты әрі әділетті болуы қоғамның дамуына тікелей әсер етеді.

Әлеуметтанушы ретінде мен тәуелсіздіктің бар-жоғын заңдардан немесе ресми құжаттардан емес, адамдардың күнделікті өмірінен, олардың мінез-құлқынан, құндылықтарынан байқаймын. Қазір жастардың білімге, жаңа мамандықтарға, өз ісін бастауға деген талпынысы айқын көрінеді. Көп адам бұрынғыдай тек мемлекетке үміт артпай, өзіне сенуге, өзін дамытуға бет бұрды. Бұл – тәуелсіз қо­ғам қалыптасып келе жатқанын көрсететін маңызды белгі.

Бүгінде адамдар өз ойын ашық айтуға, қоғамдық мәселелерге араласуға қорықпайды. Әлеуметтік желілер арқылы пікір білдіріп, түрлі бастаманы талқылауға қатысып жүр. Мұндай ашықтық пен белсенділік қоғамдағы тәуелсіздік институттарының біртіндеп нығайып келе жатқанын аңғартады.

Нұрсұлтан РАХЫМБАЙ, 

PhD докторант:

Тағдырымызға біткен сый

Осы орда бұзар жасқа дейін бірнеше мемлекетте болдым. Кәрі құрлықтың құрамына кіретін барлық елге табаным тиді, Аллаға шүкір. Көрер қызықты көп көрмесін. Айтпағым, ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың ұшы-қиыры жоқ даласын кең пейіліне берген ғой. 

Былай қарап тұрсаң, бір Жамбыл облысының аумағына бірнеше Еуропа елдері емін-еркін сыйып кетеді. Ал біздің егеменді елімізде жалпы саны 17 облыс, 3 республикалық маңызы бар қала бар. Жер көлемі бойынша тоғызыншы орында тұ­рақ­таған еліміздің шұрайлы да, шырайлы шекарасы шегенделген. Көршімен жаға ұстасып, иық тіресіп, жанжалдасып жататын даулы мәселе жоқ. Бәрі заң шеңберінде шешімін тапқан. 

«Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый». Қандай көңілге медеу, жүрекке жылу сыйлар тамырдан тап басып айтылған әдемі тіркес, ә? Шынтуайтында, қолда бар алтынның қадіріне жете бермейтініміз секілді, күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген дәл осы ұғымның байыбына бара бермейміз. Бұл өмірде қайсыбір қыбырлаған тіршілік иесі де иен далада еркін кезгісі келеді емес пе? Тура сол секілді ешбір адамзат баласы аяғы жіпсіз байланып, бозін­гендей боз далада боздағысы жоқ. Бәріне әуелі – отан, сосын тәуелсіз мемлекет және зайырлы қоғам қажет. Дәл осы тұрғыда біз – бір басында бағы бес елі болған алты Алаштың ұлы ұрпағымыз!

Жансая ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

физика мұғалімін даярлау мамандығының магистранты:

Тәуелсіздік  тек пафос емес

Мен үшін мемлекет – белгілі бір халықты бірік­тіріп тұрған ортақ жүйе. Оның өз жері, шекарасы, заңы, басқару тәртібі бар. Сол жүйе арқылы біз қоғам болып өмір сүреміз, өзара келісіммен әрекет етеміз, яғни күнделікті өміріміздің негізі. Ал Тәуел­сіздікті өз тағдырыңды өзің шешу мүмкіндігі дер едім. Басқа бір елдің шешіміне тәуелді болмай, өз заңымызбен, өз тілімізбен, өз таңдауымызбен өмір сүру. 

Шынымды айтсам, мен тәуелсіздікті күнделікті өмірдің ұсақ-түйегінен сезінемін. Қазақша еркін сөйлей алуымнан, ана тілімнің қоғамда қолданылып жатқанынан. Көшеде көк байрағымызды көргенде, спортшыларымыз жеңіп, әнұран шырқалған сәттерде ерекше әсер аламын. Шекарамыздың бар екенін, оны өз әскеріміз күзетіп тұрғанын ойлау да ішкі сенімді күшейтеді. Елде болып жатқан оң өзгерістерді, балалардың қазақ тарихын оқып, өз батырларын танып өсіп келе жатқанын көргенде, тәуелсіздіктің мәнін тереңірек түсінесің.

Меніңше, тәуелсіздік үлкен мінберлерде айтылатын пафосты сөз ғана емес. Ол – түнде алаңсыз ұйықтау, таңертең оянғанда өз еліңде, өз үйіңде өмір сүріп жатқаныңды сезіну.

Дайындаған 

Әсет ҚАЛИ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:348
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Желтоқсан 2025 06:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары