Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еті арзан елдер де ет экспортын шектейді сарапшы

Атырауда екі трансвестит өз клиенттеріне ВИЧ инфекциясын әдейі жұқтырған

Ақтөбеде ақылды жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды

2 наурыздан бастап Отбасы банк үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді

Биыл егістіктерде су тапшылығы болуы мүмкін бе

Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?

Орталық Азия Ұлыбритания форматы: Лондонда серіктестіктің жаңа кезеңі басталады

Ұлттық қордың балаларға шарапаты

Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?

Ғалым Думан Жекеновтың Орталық Азия мұраты атты ғылыми монографиясы жарық көрді

Сербиялық сарапшылар: Қазақстандағы реформалар екіжақты ынтымақтастыққа серпін береді

Арнайы операциялар күштері мергендері Алматы облысының Кубогында үздік атанды

БҰҰ мен Қазақстан өзара ынтымақтастықтың екінші кезеңіне өтті Джерен Гюрес

Wolt Өзбекстан мен Жапониядағы қызметін тоқтатты

Илья Малинин Шайдоровпен бірге Қазақстанға келгісі келеді

БҚО жолдарын күтіп ұстауда 60 тан астам ақаулық анықталды

Мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды

Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді

Атырауда интернет алаяқтыққа қарсы орталық ашылды

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді

Таза көмір тұрақты энергия көзі

Таза көмір тұрақты энергия көзі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы өңірлердегі жылу мен электр тапшылығы халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететінін ескертіп, Үкіметке жобаларды жеделдетуді тапсырған болатын. Әсіресе, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы жаңа стансалардың тағдырына қатысты сұрақ көп екенін меңзеп, нақты нәтиже қажет екенін атап өтті.

Бастаманың болашағы

Осыдан кейін Энергетика министрлігі «таза көмір» технологиясымен салынатын үш жаңа ЖЭО-ның мерзімін жариялады. Жоспар бойынша, Көкшетау ЖЭО-сы 2029 жылдың ортасында, ал Семей мен Өскемен­дегі стансалар сол жылдың соңына қарай іске қосылуы керек. Қазір үш жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзір­леніп жатыр.

Бұл бастамаға қатысты энергетика саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің пікірі айқын. Оның сөзінше, мәселе тек жаңа станса салуда емес, елдің ұзақмерзімді энергетикалық болашағында жатыр.

«2017 жылдың өзінде-ақ мен «таза көмір» болашақтың энергиясы болатынын айтқан­мын. Себебі біздегі мұнай қоры шексіз емес. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, 2030 жылдардан кейін мұнай өндірісі төмендей бастайды. Ал 2040 жылдары ішкі нарықты толық қамтамасыз етудің өзі күрделі мәселеге айналуы мүмкін. Тіпті, 2050 жылдары Қазақстанның бір кездері мұнай өндіруші ел болғанын ұмытып кетуіміз ғажап емес», – дейді ол.

Маман газ өндірісі әзірге үміт сыйла­ғанымен, оның да ғұмыры шектеулі екенін еске салды. Кей есептерге қарағанда, 2055-2060 жылдары газ қоры да сарқыла бастайды. Атом энергетикасы бойынша да жағдай түбегейлі шешім бола алмайды. Осындай жағдайда ұзақмерзімді тұрақты ресурс ретінде көмір ғана қалады.

«Көмір қорының шамамен үш жүз жылға жететіні туралы болжам бар. Бүгінде жылына 100 млн тонна мұнай өндірсек, көмір өндірісі 115 млн тоннаға жуықтайды. Демек, көлем жағынан да, қор жағынан да көмірдің әлеуеті әлдеқайда жоғары. Барлық дәстүрлі энергоресурстар азайған кезде елде нақты қолда қалатын ресурс – осы көмір. Әңгіме жай көмір туралы емес, «таза көмір» технологиясы жөнінде. Бұл – әлемде бұрыннан қолданылып келе жатқан тәсіл. Қытай мен Еуропа елдері көмір жағатын стансаларды заманауи тазарту жүйелерімен жабдықтап үлгерген. Ал біздегі көптеген ЖЭО-ларда толыққанды тазалау жүйелері жоқтың қасы», – деді Олжас Байділдинов.

Сарапшы сөзіне сүйенсек, Қытайдың тәжірибесі ерекше назар аударуға тұрарлық. Онда көмір күлін тек жол құрылысына ғана емес, сирек кездесетін металдарды өндіруге пайдаланады. Себебі Қытай – көмірді ең көп тұтынатын елдердің бірі. Сондықтан олар қалдықтың өзін шикізат көзіне айнал­дырып, экологиялық таза құрылыс материал­дарын да шығарып отыр.

«Әрине, мұндай технологиялардың өз құны бар. Заманауи сүзгі жүйелері, газ тазарту қондырғылары орнатылған ЖЭО-ларда өндірілетін электр энергиясы салыс­тырмалы түрде қымбат болады. Шамамен есептегенде, оның бір киловатт-сағаты 25-30 теңге көлемінде болуы мүмкін. Яғни, «таза көмір» технологиясы арқылы алынған энергия бағасы атом энергетикасымен шамалас. Сондықтан «таза көмір» туралы айтқанда, оның экологиялық пайдасымен қатар, экономикалық жағын да ескерген жөн. Кез келген жаңа технология белгілі бір инвестицияны талап етеді. Бірақ ұзақ мерзімде ол елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылығына қызмет етеді», – дейді энергетика саласының сарапшысы.

Экономикалық һәм экологиялық тиімділігі

Жаңа ЖЭО жобалары тек үш қаланың жылу мәселесін шешу емес, Қазақстанның келесі онжылдықтардағы энергия қауіп­сіздігіне қатысты стратегиялық шешім рет­­інде қарастырылып отыр. Алайда құрылыс мерзімі, қаржыландыру тетігі және тарифтік салдары қоғам назарында қала бермек.

Энергетика тақырыбындағы талқылауға тәуелсіз сарапшы Жақып Хайрушев те қосылды. Оның айтуынша, қоғамда «таза көмір» ұғымы көбіне қате түсіндіріледі. Сарапшы бұл бағыттың мәнін, экономикалық және экологиялық қырын кеңінен тарқатып берді.

«Бүгінде «таза көмір» деген ұғым көмірден бас тартуды емес, оны жағудың және шы­ғарындыларды тазартудың заманауи, жетіл­дірілген технологияларын қолдануды біл­діреді. Мұнда аса жоғары және ультра аса жоғары қысымды бу параметрлері, айналмалы қайнау қабаты технологиясы, түтін газдарын терең тазарту, күкірт пен азотты бөлу жүйелері, жаңа буындағы электрофильтрлер және жану режимдерін цифрлық басқару тәсілдері қолданылады», – дейді тәуелсіз сарапшы.

Оның айтуынша, жаңа стансалардың басты артықшылығы – тиімділігінің жоғары болуы және зиянды шығарындылардың азаюы. Бұрынғы ЖЭО-лардың ПӘК-і 32-36% болса, заманауи қондырғылар 42-45%-ға дейін жетеді, яғни отын аз жұмсалып, экологияға салмақ төмендейді. Сарапшы Қазақстанның көмір қоры мол екенін ескерсек, басты мәселе оны пайдаланудың мәдениетінде екенін айтады.

«Қазақстан көмірге бай ел, сондықтан алдағы жылдары көмір энергетикада негізгі ресурс болып қала береді. Мәселе көмірді пайдалану-пайдаланбауда емес, оны қалай тиімді әрі қауіпсіз қолдануда. Экологияға түсетін салмақты азайтуға болады: ескі ЖЭО-ларды жаңарту, қазандықтарды зам­анауи технологияға көшіру, сүзгілер орнату, автоматтандыруды күшейту және отынды үнемдеу қажет. Болашақта көмірқыш­қыл газын ұстап, сақтау жобалары да іске асуы мүмкін, бірақ оған қаржы мен техноло­гиялық дайындық керек. Сонымен қатар нәтиже тек техникаға емес, дұрыс басқаруға да байланысты. Энергетика саясатын жүйелеу, ескірген қуаттарды кезең-кезеңімен тоқтату маңызды. Әйтпесе, «таза көмір» жай сөз болып қалуы мүмкін», – дейді ол.

Жаңа стансалардың тиімділігі туралы сұраққа сарапшы нақты салыстыру келтіреді.

«Айырмашылық айқын: ескі ЖЭО-ларда жабдық тозған, отын көп жұмсалады және жиі жөндеуді қажет етеді, бұл тариф пен сенімділікке әсер етеді. Ал жаңа стансалар тиімділігі жоғары, автоматтандырылған және отын үнемдейтін жүйемен жұмыс істейді. Соның арқасында пайдалану шығы­ны азайып, жабдықтың қызмет мерзімі ұзара­ды. Бірақ бастапқы инвестиция көлемі үлкен болғандықтан, экономикалық пайдасы 15–25 жылда көрінеді», – дейді Жақып Хайрушев.

Ал электр энергиясы бағасына әсері тура­лы сарапшы асығыс шешім күтпеуге шақырды. Өйткені қысқа мерзімде жаңа станса салу тарифті бірден арзандатпайды, себебі салынған инвестиция қайтарылуға тиіс. Алайда орта және ұзақ мерзімде көмір генерациясын жаңғырту бағаны тұрақтан­дыруға ықпал ете алады.

Демек, көмірден бірден бас тарту мүмкін емес, бірақ оны бұрынғы тәсілмен пайдалану да тиімсіз. Ендігі шешім – көмірді заманауи технологиямен игеру ме, әлде энергетикалық саясатты түбегейлі қайта қарау ма – уақыт пен нақты іске байланысты болмақ.

Кәмила ДҮЙСЕН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 07:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еті арзан елдер де ет экспортын шектейді сарапшы

24 Ақпан 2026 22:24see114

Атырауда екі трансвестит өз клиенттеріне ВИЧ инфекциясын әдейі жұқтырған

24 Ақпан 2026 12:23see112

Ақтөбеде ақылды жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды

25 Ақпан 2026 01:29see111

2 наурыздан бастап Отбасы банк үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді

24 Ақпан 2026 16:06see111

Биыл егістіктерде су тапшылығы болуы мүмкін бе

24 Ақпан 2026 11:21see110

Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?

24 Ақпан 2026 09:24see107

Орталық Азия Ұлыбритания форматы: Лондонда серіктестіктің жаңа кезеңі басталады

24 Ақпан 2026 23:19see107

Ұлттық қордың балаларға шарапаты

24 Ақпан 2026 09:24see107

Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?

24 Ақпан 2026 16:06see107

Ғалым Думан Жекеновтың Орталық Азия мұраты атты ғылыми монографиясы жарық көрді

25 Ақпан 2026 19:19see107

Сербиялық сарапшылар: Қазақстандағы реформалар екіжақты ынтымақтастыққа серпін береді

24 Ақпан 2026 22:06see107

Арнайы операциялар күштері мергендері Алматы облысының Кубогында үздік атанды

25 Ақпан 2026 08:37see106

БҰҰ мен Қазақстан өзара ынтымақтастықтың екінші кезеңіне өтті Джерен Гюрес

24 Ақпан 2026 18:30see106

Wolt Өзбекстан мен Жапониядағы қызметін тоқтатты

25 Ақпан 2026 21:07see106

Илья Малинин Шайдоровпен бірге Қазақстанға келгісі келеді

24 Ақпан 2026 13:59see105

БҚО жолдарын күтіп ұстауда 60 тан астам ақаулық анықталды

25 Ақпан 2026 01:29see105

Мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды

24 Ақпан 2026 22:06see105

Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді

25 Ақпан 2026 18:58see105

Атырауда интернет алаяқтыққа қарсы орталық ашылды

25 Ақпан 2026 18:12see104

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді

26 Ақпан 2026 00:40see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары