Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Тазыны қалай дұрыс күтіп баптау керек маман пікірі

Тазыны қалай дұрыс күтіп баптау керек маман пікірі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Әр елдің өзіндік сиволына айналған жануары бар. Ол дүниежүзіне танытатын визиттік карточкасы сияқты. Мысалы, Аустралияның символы — кенгуру, Қытайдікі — панда, ал Үндістандікі — бенгал жолбарысы. Мұндай бейнелер, ұлттық бірегейлік пен мәдени мұраның ажырамас бөлігі саналады. Қазақстанның да мақтан тұтар құндылықтары жетерлік. Соның бірі — тазы. Көне дәуірден бастау алатын қазақы тазы — ұлан-ғайыр даланың болмысын, еркін рухын бейнелейтін бірегей асыл тұқым.

Кинолог Абзал Досыман бұл бірегей тұқымды сақтап, жаңғырту ісімен айналысып келеді. Оның айтуынша, 2023 жылы тазының ресми стандарттары бекітілді. Қазір иттің түп тұқымына сәйкестігі осы талаптар бойынша анықталады.

— Мәселен, тазыға арнайы паспорт беріледі. Онда иттің қаны таза екені және халықаралық деңгейде танылғаны көрсетіледі. Әлемдік реестрде тұқым Kazakh Tazy атауымен тіркелген. Құжатта күшік кезінен бастап орнатылатын чип нөмірі де жазылады. Сол арқылы ит туралы барлық мәлімет — аты, иесі, шыққан тегі мен тіркелген жері анықталады, — деді кинолог.

Фото: Jibek Joly радиосынан скрин

Кинологтың айтуынша, қазақ дәстүрінде тазының бағасын сатушы емес, сатып алушы белгілеген. Итті тегін беру де құпталмаған. Оған қатысты салт-дәстүрімізде ырым-тыйымдар бар. Қазір интернетте тазы сатылымы жиі жарияланады. Әсіресе Астанада нақты бағамен ұсыныстар көп кездеседі. Бұл — қазіргі заманның үрдісі. Ал ата-дәстүрімізде сатып алушы өзі ұсынған бағада төлейді, сатушы сол бағаға разы болады.

— Менің ойымша, Қазақстанда шамамен 3 мыңға жуық тазы бар. Бұл — ресми дерек емес. Нақты есеп жүргізілмеуі мүмкін. Мүмкін, оны Қазақстан кинологтар одағы тіркеп отырған шығар, — дейді сарапшы.

Абзал Досыман тазыны ерте жастан алуға кеңес береді. Бірақ жаңа туған немесе екі апталық кезінде алу қатаң түрде ұсынылмайды.

— Ең қолайлы уақыт — үш айдан бес айға дейін. Осы кезеңде күшік анасынан маңызды гормондар алады. Соның бірі — окситоцин. Ол кейін мінез-құлқына әсер етеді. Агрессияны азайтуға көмектеседі, — деді Абзал Досыман.

Тазыны тек жеке үй ауласында ұстау шарт емес. Бұл тұқымды пәтер жағдайында бағып отырғандар да бар. Алайда мұндай жағдайда күшіктің тұрақты физикалық жүктеме алуына ерекше мән беру керек. Маманның айтуынша, тазыны демалыс күндері қала сыртына шығарып, еркін серуендету тиімді. Өйткені бұл тұқым үшін кеңістік пен белсенді қозғалыс қажет.

— Егер мезгіл мүмкіндік берсе, тазыны аңшылыққа шығару өте пайдалы. Қала тұрғындары үшін бұл жақсы мүмкіндік. Пәтерде ұстаса да, демалыс күндері отбасымен қала сыртына шығып, қатыса алады. Біз кейде мектептерге де барып, шара ұйымдастырамыз, — деді кинолог.

Абзал Досыман өз тазыларымен бірге Астанадағы шетелдік оқушылар білім алатын халықаралық мектептерге жиі барады. Оның айтуынша, кейін ол балалар өз елдеріне оралғанда Қазақстанда қазақы тазыны көргендерін айтып мақатанып жүреді екен. Маман мұндай мүмкіндікті ұлттық мәдени мұраны кеңінен танытуға тиімді құрал ретінде қарастырады. Сондай-ақ адамның жануарларға деген сүйіспеншілігі туралы пікір білдірді.

— Жануарға деген сүйіспеншілік әркімде бар. Эволюциялық тұрғыдан біз қозғалыс жасайтын, көзқарасымен жауап беретін және қамқорлықты қажет ететін тірі жанға тез бағынамыз. Жануарға қамқорлық жасау жұмсақтықты, қорғаныш инстинктін және жылылық сезімін оятады. Біз шынымен де қамқорлық көрсеткендерімізге бағына береміз. Эволюция бізді тірі жанға қамқор болуға бағыттаған, — деп атап өтті сарапшы.

Адам баласында жануарларға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік көбіне балалық шақта қалыптасады. Кинологтың айтуынша, бала кезінен мысық, ит, атты жақсы көрген жандарда эмпатия мен жауапкершілік сезімі берік орнығады.

— Жануарлар адамның эмоциясын түсінуді жеңілдетеді. Олар дау туғызбайды және екіжүзділік танытпайды. Адам олардың жанында шынайылықты, адалдықты әрі тыныштықты сезінеді. Сондықтан жануарлармен қарым-қатынас көпшілікке психологиялық жеңілдік сыйлайды, — дейді Абзал Досыман.

Сондай-ақ маман батыс елдеріндегі тәжірибеге назар аударды. Оның айтуынша, Солтүстік Америкада «cow therapy» деп аталатын бағыт кең тараған. Бұл тәжірибеде қала тұрғындары фермаға барып, сиырларға тамақ беріп, қамқорлық жасау арқылы терапиялық әсер алады.

Айта кетейік, енді елімізде тазы мен төбет туралы ғылыми деректер бір базада жинақталды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 19:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары