Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Абыройы асқақтаған аудан

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

Қазақстандықтар үшін кейбір табыс түрлеріне салынатын салық жойылуы мүмкін

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Темірлан Тілес, арт мүсінші: Идеялар күтпеген сәтте келеді

Темірлан Тілес, арт мүсінші: Идеялар күтпеген сәтте келеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Оның нәзік те күрделі туындыларында ұлттық тарих, діннің мәңгілік сауалдары, табиғаттың көркем болмысы мен тылсым символдар шебер үйлесім тапқан. Темірлан бала күнінен-ақ атақты мүсінші Мартин Антонианнан дәріс алып, кейін Қытайда, Малайзияда оқыды. 4 тілде еркін сөйлейтін ол – Малайзиядағы Аrch model компаниясында қызмет еткен жалғыз шетелдік. Біз Темірланмен арт өнердің қыр-сыры жайлы әңгімелестік. 

– Жақында елордада «Бейбітшілік жә­не келісім паркі» атты жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды. Бұл жерде көзге түсетін басты нысан сіздің қолыңыздан шы­ғыпты. Сол жайлы айта кетіңізші? 

– Бұл біз үшін ерекше жоба болды. Шы­найы махаббатпен өте қысқа уа­қытта жасадық. «Өмір ағашы» ес­керт­кі­ші өзіміз ұнатқан туынды болғаннан кейін, тәуекелге бел буып кірістік. Бұл жобаға Ұлыбритания, Ресей, Қазақ­стан­нан да мамандар қосылды. Жо­ба­ның бастапқы идеясын британиялық за­манауи мүсінші Юнус Сафардиар ұсын­ған. Осылайша, Астанадағы ур­ба­нистика орталығы осы жобаның сырт­қы бейнесін киіз үй ретінде бей­нелеген. Ал біз жобаның ішкі эле­мент­терін сәнде деп «Өмір ағашы» ай­наласына жаңа инсталляциялар ор­наттық. 600 шаршы метр дуалды айнадай жылтыр тот баспайтын бо­лат­пен қаптадық. Оның үстінде жыл­дың төрт мезгілін төрт асыл тастың бей­несінде инсталляция жасадық. Яғни, бриллиант, рубин, изумруд, сап­фир тастарын бейнеледік. Әр эле­менттің астарында қазақ халқының те­рең ойлары жатыр. Қысқа ғана то­ғыз айдың ішінде кәсібилік пен ең­бек­тің арқасында осы жобаны жүзеге асырдық. 

– Жалпы, мүсіншілікке қалай кел­діңіз? Бұл жолды таңдауыңызға не се­беп болды? 

– Есімді білгеннен бастап қолыма қа­лам алып, сурет салғанды ұнатамын. Бес жасымнан қолға түскен материал­дан түрлі мүсін жасауды ермекке ай­налдырдым. Тоғыз жасымнан бастап Кеңес Одағының еңбек сіңірген қай­раткері Мартин Антонианның қо­лында 15 жасыма дейін 6 жыл бойы үз­бей мүсін өнерінің қыр-сырын үй­рендім. Мен ол кісінің ең жақсы кө­ретін шәкірті болдым. Ал екінші ұс­та­зым – Юнус Сафардиар деген бри­тандық мүсінші. Ол кісімен осыдан алты жыл бұрын Лондонда таныстық. Бір-бірімізге өте жақсы сыйластықпен қараймыз. 2016 жылдан бері мүсін са­ласында кәсіби түрде жұмыс істеп ке­леміз. Тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде, Түркияда да жұмыс істеп жүрміз. 

– «Өмір» атты жұмысыңызда асыл тас­тарды Үндістан, Венгрия, Италия сын­ды елдерден іздеп тапқан екенсіз. Ал оның сыртын қаптау үшін Тайланд­тан жеткізілген қолтырауынның А сұ­рып­ты терісін қолданыпсыз. Артқы фон ре­тінде Меккедегі қағбаның 1997 жылы жабуы болған қара матасы пайда­ла­нылған. Бүгінде құнды дүниелерге қы­зығу­шылар көп пе? 

– «Өмір» жобасы – жүре­гім­­нен ерекше орын алған жұмыс. Өйт­кені алғашқы әрі күрделі жұмыс бол­ды. Жобаны жүзеге асыруға 2 жыл­дан астам уақыт жұмсадым. Әлемнің бес мемлекетінен, ондаған қаласынан ұс­та­лар көмектесті, 22 түрлі материал қол­­данылды. Оның ішінде сирек кез­де­­сетін, қымбат материалдар да бар. Атап айтсам – ауған мәрмәрі мен лазу­­рит, қолтырауын терісі, темір ме­тео­рит, 70 миллион жылдан астам уа­қытқа ие тираннозавр қалдықтары, мұсылмандар үшін қасиетті Қағбаны жапқан киелі жібек мата, жартылай қым­бат тастар және 100 бриллиант бар. Сол бриллианттардың бірі «ас­пан» деп аталған, ғарыштан әкелінген ерек­ше тас, сондай-ақ тағы көптеген материал қолданылған. Бұл жұмыс та­нымал кәсіпкер Жұмабек Жаны­құлов­тың тапсырысымен жасалды. Осы уақытқа дейін жасаған жұмыс­та­ры­мның ең қымбаты да осы – «Өмір». Ендеше, құнды жәдігерлерге қызығу­шылар әлі де бар. 

– Әр туындыңыздың артында белгілі бір ой жатады. Ал идеяны қайдан аласыз? 

– Әрине, әр жобаның артында бір идея жатады. Ол идеялар кейде де­ма­лып жүргенде келсе, кейде жұмыс үс­­­тінде туады. Шабыттың қашан ке­ле­тінін, қанша уақытқа созылатынын бол­жау қиын. Мүсіндеу де кітап жаз­ған­мен, поэзия жазғанмен тең жұмыс. Тақырыпқа нақты фокус пен ізденіс қа­жет. Сол кезде терең дүниелерді жа­­­­сауға болады. 

Кейде идеялар мүлде күтпеген сәт­те келеді. Мысалы, менің сүйікті жұ­мыс­тарымның бірі «Өмір» трило­гия­сы­ның сюжетіне жерлеу рәсімінде ай­тылған уағыз әңгіме себеп болды. Бір елдің патшасы уәзіріне үш сұрақ қоя­ды. Алайда бұл жұмбақтарға қара­пайым бір қойшы ғана жауап бере ал­ған екен. Бірінші сұрақ: «Жер бе­тін­дегі ең үлкен өтірік не?». Жауабы – «өмір», өйткені біздің көз алдымызда тұр­ғанның бәрі – тек иллюзия, ал­дам­шы көрініс. Екінші сұрақ: «Барлығы ке­лісетін ең үлкен шындық не?». Бұл – «өлім».Үшінші жұмбақ: «Дүниедегі ең жо­ғары не?». Жауабы – «мақсат», яғни адам баласы соған жету үшін бар­лы­ғына дайын. Осы әңгіменің не­гізінде мен үш бөлімнен тұратын панно жа­садым. Бірінші бөлігі «Өмір». Екінші бө­лігі – «Соңғы тыныс», ал соңғысы – «Өмір ойыны» деп аталады.

– Малайзиядағы Аrch model ком­па­ниясында қызмет еткен жалғыз қазақ екен­сіз. Ол жақтағы мүсін өнерін бізді­кі­мен салыстыруға бола ма? 

– Иә, Малайзиядағы Аrch model ком­паниясында жалғыз қазақ емес, жалғыз шетелдік ретінде жұмыс істе­дім. Куала-Лумпурдағы компанияның 60 қызметкері, 30 жылдан астам тари­хы бар. Аrch model компаниясы –Ма­лайзиядағы ең үздік макет құрас­тыру­шы компания. Сәулетті ғимарат­тар­дың үлкен макеттерін жасадық. Ма­лай­зияда жүріп техникалық қабі­лет­терімді жаңа қырынан шыңдадым. Ұжым­мен жұмыс істеуді де сол компа­нияда жүргенде үйрендім. 

– Нью-Йоркта «Еркіндік мүсіні», Син­гапурда «Мерлион», Волгаградта «Асыл жер» сынды әлемге танымал мү­сін­дер бар. Ал Астана немесе Алматыға осындай айшықты нысан керек сияқты. Жалпы қала кеңістігіндегі мүсіннің рөлі қандай?

– Әр қаланың өз символы болады. Нью-Йорктағы «Еркіндік мүсіні» сияқ­ты әр қаланың өзіне ғана тән ерек­ше сәулетті ескерткіштері бар. Ол мү­сін сол қаламен ассоциацияға тү­седі. Осы уақытқа дейін Астананың сим­волы Бәйтерек монументі болып ке­ле жатқан. Бірақ заман өзгерген сайын ел астанасы жаңа символдармен толығуы керек. Осы жылы ашылған «Өмір ағашы» да қаланың көрікті сим­волына айналады деп сенемін. Аста­наға ғана емес, Алматы, Шымкент сияқ­ты мегаполистерге де мұндай сим­волдық ескерткіш мүсіндер керек. Олар­ға атсалысуға біз дайынбыз. Ұсы­ныстарымызды да айтып жатырмыз. Алдағы бірнеше жылда еліміздің бас­ты қалаларында символық мәнге ие мү­сін­дердің көбейетіні анық. Қа­зақ­стан­да дарынды мүсіншілер мен су­рет­­ші­лер көп. Ел болып атсалыссақ, әлі де керемет туындылардың туары сөзсіз. 

– Қазір жасанды интеллект қатты да­муда. Болашақта мүсін өнерінде ЖИ қа­лай әсер етеді?

– Біз қазір жасанды интеллекттің алғашқы сатысындамыз. Алдағы 4-5 жыл­да адамзат жасанды интеллекттің ар­қасында үлкен жетістіктерге жете­тіні анық. ЖИ әр салаға даму жолында оң ықпал етіп, жұмыстарын жеңіл­де­ту­де. Адамзаттың бұрын ойына кел­­­­меген технологиялар, 3D принтерлер шығып жатыр. Бұрын тасты айлап, жылдап қажасақ, қазір оны бірнеше күн, бірнеше аптада 3D принтерлер жасап жатыр. Біздің салаға да жасанды интеллект енуде. Одан қашып ешқай­да кете алмаймыз. Керісінше, ЖИ-ды қолданып, бұдан да әдемі дүниелерді жасауымыз керек. ЖИ-ға құрал ретін­де қарасақ, пайдасын көреміз. Қазір біз үлкен өзгерістің табалдыры­ғында тұр­мыз.  

– Ал сіздің өнердегі миссияңыз қан­дай?

– Менің жұмыстарым – өмірдің мә­ні, оның алдамшылығы, уақыттың қыс­қалығы және болмыстың иллю­зиясы туралы ойлануға шақырады. Әр туындымның ішкі мазмұнын терең ашуға көп еңбек етемін, орта есеппен бір шығарманы жасауға 1-1,5 жыл уа­қыт кетеді. Мен әлемге исламның приз­­масы арқылы қараймын және шы­ғармашылығымда оның символ­дары мен негіздерін, дүниетанымдық мәнін көп қолданамын. Адамзат ақ­па­ратты жеткізудің төрт жолын ғана ойлап тапты: әріптер арқылы, сандар ар­қылы, ноталар арқылы және визуал­ды бейнелер арқылы. Менің істеп жүр­­генім – визуал арқылы ой мен үн­деу жеткізу. Суретші ретінде өз се­зім­­дерімді, ой-толғамдарымды бей­не­лер арқылы жеткіземін. Жалпы, нақ­ты жауабы жоқ философиялық сұ­рақ­т­­ар туралы ойланғанды ерекше жақсы көремін.

– Жеке көрмеңізді өткізу, шәкірт тәр­биелеу ойда бар ма? 

– Жеке көрмемді өткізіп тұрамын. Әр көрмеге дайындалуға өте көп уа­қыт керек. Оның да өзіндік шығын­дар­ы бар. Көрме өткізетін мұражай­лар­мен 2-3 жыл бұрын келісім жа­салуы керек. Сол үшін жеке көрме өт­кізу оңай емес. Осы уақытқа дейін Санкт-Петербургте көрме өткіздім. Ал­дағы жылдары Астана, Париж, То­киода көрме өткізуді жоспарлап отыр­мыз. Ал шәкірт тәрбиелеу ойда бар. Арасында білмегенін сұрап келетін жас­тар да бар. Оларға осы уақытқа дейін үйренген тәжірибелерімді ай­тып, бөлісемін. 

– Әлемдік мүсін өнерінде өзіңіз ерек­ше жақсы көретін туынды бар ма?

– Маған ерекше әсер қалдырған Ми­келанджелоның «Давид» деген туын­дысы. Бұл мүсін 1501-1504 жыл­дары жасалған және Флоренциядағы Галлериа делла Академияда сақталған. 2018 жылы «Давидты» алғаш рет көр­ген кезде, таңданыстан ұзақ қарап тұр­дым. Тастан сондай динамикада, сон­дай пластикадағы бейне жасау не де­ген еңбек пен талант десеңізші. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Көктем ҚАРҚЫН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see115

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see113

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see112

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see111

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see110

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see109

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see109

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

14 Шілде 2026 09:55see109

Қазақстандықтар үшін кейбір табыс түрлеріне салынатын салық жойылуы мүмкін

14 Шілде 2026 09:43see108

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары