Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Темірқазық жанында қос жұлдыз

Темірқазық жанында қос жұлдыз

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Германияда қазақ жігіті тұрады екен. Өзі спортшы, Брюс Лидің досы, аты – Мұстафа, – деді ол телефон нөмірі жазылған бір тілім қағазды қолыма ұстатып. «Реті келіп, кездесіп жатсаң, сәлем айтарсың». Мұны айтқан Бексейіт Түлкиев Мәскеуде оқыған, суретші досым. Ол талантты суретші ғана емес, мықты каратист те еді...

Франкфурттағы кино фестивалі бастал­ғалы 2–3 күн болған. Қыр­күйек айының жиырмалары еді. Майн өзенінің жағалауы. Бірінен бірі өткен әдемі ғимараттар көздің жауын алады. Он бес, әлде жиыр­масыншы қабаттың төбесінде «Мерседес Бенцтің» эмблемасы жай ғана айналып тұр. Кеңестік қапастан сытылып шыққан бізге көргеніміздің бәрі ертегі секілді.

Кино музейінің іші де, сырты да ығы-жығы халық. Бірі – неміс, бірі – ағылшын, бірі испан тілінде сөйлейтін араның ұясындай гуілдеген ортада Болгариядан кел­ген режиссер Наташа Пискова екеуміз кофе ішіп отырған едік. Біз отырған кафе төменгі қабатта. Бір кезде жоғарыдағы баспалдақтан түсіп келе жатқан екі кісіні көзім шалды. Бірі – жас, екіншісі – егделеу кісі. Сырт келбеттері қытайлар сияқты, әлде филиппин, болмаса монғолдар ма? Екеуі әр басқышты санап басқандай асықпай түсіп келеді.

Кеше түнде қолым босаған соң Бексейіттің айтқаны есіме түсіп, ол берген нөмірге телефон шалғам. Телефонның арғы жағындағы адам түрікше бірдеңелерді айтады. Оның «Әфәндім, иоқ» дегенін ғана түсіндім. Көп ұзамай Мұстафа Өзтүріктің өзі звондады. Жөн-жосығымды, Қазақстаннан келгенімді қазір Франкфуртта кинофестивальде жүргенімді айттым. Ол қуанып «Қазақстан біздің ата мекеніміз ғой, ертең келемін», деген-ді.

Екі көзі оттай жанған жігіт жан-жағына зер сала қарайды. Аяғына «адидас», үстіне қысқа жең көйлек, ақ сұр шалбар киген. Бұйралау қалың шашы қобырап құлағын жапқан. Аққұба, әдемі жігіт мені көріп тұрып қалды. Күлді. Неге екенін білмеймін, мен де жымидым. Апыр-ай, ә. Мен мына көзді бұл жігітті бұрыннан сонау бала кезден білем ғой. Бұл Мұстафа болуы керек. Иә.

– Мұстафа ? – дедім ана жігіт жақындай бергенде.

– Иә, Талғат бауырым, менмін, – деді. Екеуміз құшақтасып амандастық.

– Мына кісі Қаби Сумер ағамыз, бірге келдік.

Мұстафа Өзтүрікпен алғаш рет осылай Майндағы Франкфурт қаласында таныстым.

Мұстафа Өзтүрік кім? Оның қазақ спорты тарихындағы рөлі қандай? Төлеген Айбергеновтің «Жанам деген жүрекке от беремін, шабам деген жігітке ат беремін», дегені секілді Мұстафа қаншама жасқа үміт пен арман сыйлап, мақтаныш пен намыстың не екенін үйретті. Осылай көптің кумирі болып, Отанды сүю дегеннің құдіретін таныта білді. Міне, беймезгіл аққан жұлдыздың құпиясы осында.

Мұстафа Өзтүрік алғаш елге 1990 жылы келді. Бұл ұлы империя кеңес одағы ыдырауының алдындағы шақ-ты. Осы жерде әйгілі «Veni, Vidi, Vici...» тіркесі ауызға түседі. Келдім, көрдім, жеңдім... Алайда осы үш сөздің астарында қаншама адамның тағдыры мен талабы, арманы мен үміті, сенімі мен сатқындығы, асау аттың үстіндегі шабуы мен сүрінуі қатар жатқанын білдік пе? Мұстафа қазақ елі батырға, батыл тұлғаға, орысша айтсақ кумирге шөлдеп тұрған кезде келді. Тек талантты спортшы ғана емес, ақкөңіл, адал, қазақтың ұлтжанды патриоты бола білді. Ол бұрын-соңды білмеген, естімеген таэквонданы бізге көрсетті, танытты, тамсандырды, тәнті қылды.

Мұстафаны ең алғаш Иман­ғали Тасмағанбетов пен Әнуар Арғынғазин Шереметьев әуе­жайынан күтіп алды. Ол күн­дері Мәскеудегі кино фестивальда жүрген едім. Иманғали «Мұстафа досың келді, тез жет» деген соң қонақүйге тартқам. Ертесіне Алматыға бірге ұштық. Мұстафа Алматыға келгенде қатты толқыды. Алатаудан көз алмай жасаураған жанарын бізге көрсетпей бұқпантайлай берген. Оның үстіне қыздар гүл ұсынып, жігіттер домбырамен ән салып, бір қауым ел әуежайда күтіп алды. Қаумалаған ағайын Мұсекеңді бұрыннан білетін, бағалайтын, танитын, араласатын қимас бауыры ұзақ сапардан келгендей ыстық ықыласпен қарсы алды. Келесі күні Төле би көшесіндегі Комсомолдың Орталық комитетінде журналис­термен кездесу өтті. Неше түрлі сұрақтар қойылды. Немісше, түрікше, ағылшынша еркін сөйлейтін Мұстафаны көргенде кеудемізді мақтаныш сезімі билегені рас. Брюс Ли туралы сұраққа да жауап берді. Олар Тайваньда бір залда жаттыққанын, Брюс Лидің Мұстафаны алғаш ханзу екен деп, қытайша сөйлеп артынан жөн-жосығын айтқанда әлемге әйгілі киноактердің риза болғанын естігенде бәріміз қол соққанбыз.

Мұстафаның ең алғаш Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өнер көрсеткені әлі есімде. Ортаға жалаң аяқ, кимономен шықты. Аппақ киім өзіне жараса қалған. Бойында бір түйір артық ет жоқ. Нағыз жігіттің сұлтаны дерсің. Таеквондо өнерімен жұртты таңғалдырды, тамсандырды.

Кешті жүргізген Досхан Жолжақсынов пен Нұржа­мал Үсенбаева Төлеген Мұхамед­жановтың жаңа шыққан «Сағы­ныш» әнін орындады.

«Сәлем саған, қазақ бауырым,

Сағыныштың ауырын-ай...

Тағдыр тартып шалғай, бір шет елден

Келем ел мекенге...»

Әннің қайырмасына жіңішке сопрано қосылған. Ананың үні дерсің. Баласын күте-күте шар­шаған, шалдыққан әуез дерсің.

Мұстафа осы сәт Спорт са­ра­йын­да емес, төбеде, жо-жоқ сонау аппақ бұлты мамырлаған заңғар көк аспанда құс болып ұшып жүргендей күйге түскен.

Дінмұхаммед Қонаев ол уа­қытта зейнеткер. Билік заңғар тұлғаны қаншама оқшаула­ғаны­мен, ел-жұрттың құрметі теңіздің қайта соққан толқынындай үдей түскен шағы-тын...

– Әй, батыр! – деп Димаш Ахметұлы Мұстафаға бар зейіні­­мен иығынан қағып қояды. Мұстафа да «Сізге мың рахмет! Мың жасаңыз, аға!» дейді. Мұстафаға еріп келген Досхан, Төлеген, Иманғали, Бексейіт сынды бірнеше жігіт сөзге араласпай тыңдап отырмыз. Мұстафа сол кеште ата-бабаларының Қытайдан Памир тауы арқылы Пәкістан, Үндістан арқылы Түркияға қоныс аударғанын, әкесі Қабеннің жауырыны жерге тимеген балуан болғанын тәптіштеп баяндады. Алтайдан көшкен жиырма мың қазақтың екі мыңдайы ғана Түркияға жетіп, паналағанын айтып берді.

– Әй, батырым-ай... Ата-бабаң­ның көрмегендері жоқ екен-ау... Қайран боздақтар, – деді Димекең сәл үнсіздіктен соң. Сосын: «Сенің өнеріңді көрмей қалғаныма өкініп отырмын», деді. Мұстафа екі көзі бал-бұл жанып, орнынан тұрып костюмін шешті де:

– Бір темекі шегуге рұқсат етіңіз, – деді. Димекең «болады» дегендей бас изеді.

Мұстафа темекіні тұтатып, қайта-қайта сорды да күлін төкпейін деп маған ұстата салды. Бөлмені көк түтінге бөледім. Бір сәт Мұстафа ширыққан серіппедей секіріп барып шыр айнала тепкенде ернімдегі темекінің күлі жалп етіп желге ұшты. Мұстафаның тепкендегі дәлдігі мен шеберлігіне Қонаев ақсақал қатты риза болып, орнынан тұрып ұланын құшақтаған.

1991 жылдың күзінде Мюн­хендегі кинофестивальге шақырту алдым. Жюридемін. Фестивальден кештетіп шығып едім, Мұстафа есік алдында «Ягуарь» машинасымен күтіп отыр екен. Көңіл күйі жоқ сияқты. Көліктегі магнитоладан Жанар Айжанова ән салып тұр. Жол-жөнекей бензин құйып түнгі Мюнхенді қақ жарып келеміз. Әншейінде сөзшіл досымның көңілі пәс.

– Мұсақа, не болды? Бәрі дұрыс па?

– Иә.

– Үйдегі ханыммен ренжісіп қалған жоқсың ба?

– Е, Тәке бауырым, мен мына қалаға сыймай жүрмін, – деді Мұстафа дауысы дірілдеп. – Көзімді жұмсам көретінім тек – боз дала. Алматы мен Алатау. Не істерімді білмеймін. Құса болдым. Ұғамысың. Не істерімді білмеймін.

Мен не дерімді білмей қалдым. Есіме Ульям Сароянның «Эй, кто нибудь» пьесасындағы түрмеге түскен жігіттің өкініші мен азабы, жан дүниесі, қиналғаны, қынжылғаны есіме түсті. Екеуміз қонақүйге дейін үнсіз келдік. Мен межелі жерге жеткен соң, ол да сыртқа шықты. «Мендей жаман баласын қазағым сыртқа теппейтін шығар, ә».

– О не дегенің, әрине теппейді, – дедім.

– Сол күзде Мұстафа Қазақ­станға қоныс аударды. Қай жерге барсын Мұстафаны қазақ елі алақанына салып құрметтеді. Сол сый-құрмет Мұстафаның тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де саябырсыған жоқ.

Мұстафа Өзтүрік – қазақ хал­қының сағынышпен еске алатын баласы. Әр қазақтың жанына күш, жүрегіне рух сыйлаған ұлан! Сондықтан да қазақ елі бар да Мұстафа Өзтүріктің аты ешқашан өшпек емес. Өшпейді де.

Сонау көк аспанның төріндегі Темірқазықтың жанында қос жұлдыз бар. Оны халық Ақбозат пен Көкбозат дейді. Кейде маған Мұстафа сол биікке ұшып кет­кен секілді. Қасына досын, серігін Бексейіт Түлкиевті ертіп қос жұлдыз аттанып кеткендей көрінеді. Сағынып жеткен, сарғайып көрген еліне, бауыр басқан мекеніне зор махаббат, ыстық ықыласпен сонау биіктен қарап жүргендей. Өйткені жақсы адам өмірден өткенде жұлдызға айналады дейтін Тәңірге табынған шақтан қалған аңыз бар.

Талғат ТЕМЕНОВ,

Қазақстанның халық әртісі, кинорежиссер 

Соңғы жаңалықтар

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Ауыл • Бүгін, 09:40

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

Пікір • Бүгін, 09:38

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Басылым • Бүгін, 09:28

Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?

Білім • Бүгін, 09:25

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

Әлем • Бүгін, 09:23

Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?

Мәдениет • Бүгін, 09:20

Елімізде «Oxford Hub» ашылады

Білім • Бүгін, 09:15

Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды

Саясат • Бүгін, 09:12

Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері

Пікір • Бүгін, 09:10

Бизнес және жайлы іскерлік орта

Саясат • Бүгін, 09:07

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Пікір • Бүгін, 09:05

Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс

Қаржы • Бүгін, 09:02

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Қоғам • Бүгін, 08:57

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see147

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see147

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see144

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see143

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see142

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see141

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see141

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see140

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see137

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see134

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see129

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see125

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see123

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see121

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see114

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары