Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Теңге бағамы қаншалықты тұрақты?

Теңге бағамы қаншалықты тұрақты?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ұлттық банк ел экономикасында айналыста жүрген артық ақшаны тазалауға шындап кірісті. Сол үшін ең төменгі резервтік талаптарды күрт көтерді. Бұл шаралар нарықтан инфляциялық қысымды алып тастап, ұлттық валютаға деген сенімді нығайтады.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Елдің валюта нарығы қазір өте сезімтал. Кез келген болмашы фак­­торлардың өзі, тіпті сатып алушылар мен сатушылардың көңіл-күйі де бағаға әсер етіп жатыр. Сон­­дық­тан инфляция деңгейін ұс­тап тұру үшін Ұлттық банк на­рық­ты басы артық ақшадан тазар­та бас­тады. Бүгінде нарық айна­лым­да жүрген 4 трлн теңгеден тазарды.

Сарапшылар баға саясатына байланысты ахуал қалыпты болатынын айтып отыр. Кейбір басылымдар мұны Ұлттық банктің базалық мөлшерлемеге қатысты қатаңдатылған саясатымен байланыстырады.

KASE биржасында елдің ұлттық валютасы да жоғарылап, сессияны бір доллар үшін 507,25 теңге белгісімен аяқтады (4,8 теңге нығайды). Кейінгі аптада доллар – 2,47%, бір айда – 3,71%, ал үш айда - 6,3%-ға арзандады.

Сарапшылар қараша айын­да биржадағы сауда-саттық «дол­лардың тұрақты ұсынысы» бел­гісімен өткенін айтады. Сауда-саттық көлемі де 400 млн доллардан асты. Бұл теңгеге қуат­ты қолдау болды.

Ұлттық банк мұны екі фактор­дың үйлесімімен түсіндіреді: оның бірі ішкі нарықтағы белсенділік­тің артуы босла, екіншісі – база­лық мөлшерлеменің 18 пайызға дейін көтерілуіне байланысты ірі портфельдік инвестициялардың ағыны.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, мөлшерлеменің көтерілуі теңгені шетелдік инвестор­лар үшін тартымды еткен. «Лондондағы, Нью-Йорктегі, Абу-Даби­дегі инвестициялық қорлар дол­лар­ды теңгеге айналдырады, біздің облигацияларымызды сатып алады. Бұл нарықтағы доллар ұсынысын арттырады», дейді Ұлттық банк төрағасы. Оның ақпаратынша, портфельдер көлемі айтарлықтай өсті, бұл нарыққа қосымша доллар беріп, теңге бағамын күшейтті. Мысалы, қазан айының аяғында айырбас­тау пункттері жоғары бағам­ды көр­­сетсе, қарашаның аяғында валю­та нарығындағы жағдай ұлт­тық валютаның пайдасына қарай өзгерді. Осылайша, теңгенің доллар­ға бағамы нығая түсті және 2 жел­тоқ­сандағы сауда-саттықтан кейін 507,96 теңге белгісіне жетті. Қарашада өсім 3,3%-ға жетті. Бұл – жыл басынан бергі ең жоғарғы өсім.

Қаржы сарапшысы Ерлан Ибрагимнің айтуынша, жоғары базалық мөлшерлеме тек қана дамыған нарықта нәтижесін беретінін айтады. Ал біздегі қазіргі жағдай қысқа мерзімді сипатқа ие. Оның айтуынша, Ұлт­тық банктің қолында теңге баға­мын біраз уақытқа дейін ұстап тұратын ресурс бар. Бірақ кейбір жағдай бұған сақтықпен қарау керектігін ескертіп жатыр. Біз мұны 2014 жылғы девальвация­ның алдындағы ахуал кезінде бай­қап қалдық. Сол кезде Ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұрып, кенеттен құнсыздандыра салды да, соның салдарынан ұлттық валюта күрт құлдырады.

«Өкінішке қарай, менің теңге бағамына қатысты болжамым позитивті емес. Мен мұны көпшілікке қолжетімді деректерге, макро және микроэкономика мен басқа да көптеген қаржылық жағдайға негіздей отырып айтып отырмын», дейді ол.

Сарапшының пікірінше, теңгенің қазіргі нығаюы – уақыт­ша құбылыс. Оған әсер ететін факторлар көп. Оның ішінде мемлекеттік институттардың валюта сатуы, салық кезеңі, Ұлттық банктің жоғары мөлшерлемесі, тағы басқа да жағдайларды атап өтуге болады. «Әзірше экономиканы қуатты дамытады деген факторларды көріп тұрған жоқпын. Импорт экспортқа қарағанда жылдам өсіп жатыр. Шикізат нарығы да құбылмалы. Мұнай секторынан басқа инвестициялар­дың бағы­тында өзгеріс те жоқ», дейді ол.

Е.Ибрагимнң сөзінше, валюта бағамын болжау қазір мүмкін емес. «Теңгенің бүгінгі жағ­дайы – құрылымдық өзгеріс­ үшін уақыт ұтуға мүмкін­дік. Мүмкіндікті уыстан шығарып алсақ, бағам қайтадан экономи­каның осал тұстарының айналасында қалады. Егер қазіргі кезең реформалардың бастапқы нүктесіне айналса, онда теңге сыртқы күйзелістердің қыспа­ғынан ешкімнің демеуінсіз-ақ өзі шығады», дейді сарапшы.

АЛМАТЫ 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeБұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Бүгінгі теңге бағамы қандай?
05 Ақпан 2026 10:44
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see126

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see123

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see122

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see121

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see120

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see119

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see118

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see117

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see117

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see117

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see117

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see117

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see117

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see116

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see115

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see115

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see115

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see114

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see114

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары