Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Теңіз жолы жоқ елдердің транзиттік әлеуеті

Теңіз жолы жоқ елдердің транзиттік әлеуеті

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстан – Еуразиядағы негізгі транзиттік бағыт. Азия мен Еуропа арасындағы құрғақ жүктердің 85 пайызы еліміз арқылы өтеді.

Бірақ біз тікелей теңіз жолы жоқ елдердің қатарындамыз. Ал жаһандық сауданың 90 пайызы әлемдік мұхит сулары арқылы тасымалданады. Алайда, Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай «елдердің мүмкіндігі географиямен шектелмейді». Әлемде теңізге жолы жоқ, бірақ экономикасы қуатты мемлекеттер бар. Біз де соған ұмтылатынымыз хақ. Межелі міндет қалай іске асады? 

Әлемде теңізге тікелей шыға алмайтын 44 ел бар. Оның отыз екісі дамушы мемлекеттер. Бәріне ортақ мәселе - порт жоқ, теңіз жолы жоқ. Демек сауда-саттық жүргізу оңай емес. Сол себепті «теңізге шықпайтын ел дамымайды» деген түсінік қалыптасқан. Бұл мемлекеттердің үлесіне әлемдік экспорттың небәрі 1,2 пайызы ғана тиесілі. Алайда, жаһандық тәртіп жаңа сипат алып, үйреншікті жүйе өзгере бастады. Сауда жолдарының бағыты ауысып, теміржол қатынасы жанданды. Алыс-беріс жүріп тұр. 2024 жылы алпауыт Қытай мен Орталық Азия арасындағы сауда айналымы 100 млрд долларға жақындады. Оның жартысына жуығы Қазақстанның еншісінде.

Теңізге шыға алмайтын елдер

1.Әзербайжан 

2.Өзбекстан 

3.Түрікменстан 

4.Тәжікстан

5.Қырғызстан

6.Қазақстан

7.Ауғанстан 

8.Непал 

9.Бутан

10.Лаос

11. Моңғолия 

12. Лихтенштейн 

13. Австрия

14.Чехия 

15.Словакия

16.Венгрия

17. Сербия

18.Косово

19. Солтүстік Македония

20. Молдова

21. Беларусь 

22. Армения 

23. Оңтүстік Судан 

24. Конго Демократиялық Республикасы 

25.Чад 

26.Нигер 

27. Буркина Фасо 

28.Мали 

29.Ватикан 

30.Сан Марино

31.Андорра 

32. Швейцария 

33. Люксембург

34. Парагвай

35. Боливия

36. Лесото

37. Эсватини

38. Ботсвана

39. Зимбабве

40. Замбия 

41. Малави 

42.Бурунди

43. Руанда

44. Уганда

Дереккөз: Stevan's Geodata Rankings GS   

Теңізге жолы жоқ елдердің транзиттік әлеуеті

Теңізге жолы жоқ елдердің экспорттық тасымал құны теңізі бар мемлекеттермен салыстырғанда 1,5-2 есе қымбат. Бұл – жол, шекара, кеден, транзиттік төлемдерге кететін қосымша шығын. Нәтижесінде мұндай елдерде экспорт көлемі төмен болады. Африкадағы жағдай тіпті күрделі. Қара құрлықтағы елдер көрші мемлекеттің портына тәуелді. Егер ол елде саяси дағдарыс немесе инфрақұрылымдық мәселе туындаса, сыртқы сауда бірден тоқтайды. Алайда бұл теңізге шыға алмаудан емес. Мемлекеттік басқару сапасынан, білім мен адами капиталдан, экономиканы әртараптандыру деңгейінен туындайды. Мәселен, теңізге шыға алмайтын Швейцария, Австрия, Люксембург сияқты елдерде жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 60-100 мың АҚШ долларынан жоғары. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Ал Нигер, Бурунди, Малави елдерінде бұл көрсеткіш 1 мың доллардан да төмен.  

Ребека Гринспан, БҰҰ Сауда және даму конференциясының бас хатшысы:  

- Өңірлік деңгейдегі инфрақұрылымдық жобалар саудадағы тосқауылдарды азайтуда шешуші рөл атқарады. Мәселен, Африканың Солтүстік дәлізі сияқты өңірлік көлік дәліздері аясында жүзеге асқан шаралардың арқасында шекаралық өткелдердегі күту уақыты едәуір қысқарған. Көлік желілері тиімді цифрлық жүйелермен, заманауи кедендік рәсімдермен және тұрақты өңірлік әріптестікпен байланысқанда ғана нақты нәтиже береді. Сондай-ақ теңізге шыға алмайтын елдердің транзиттік әлеуетін арттырып, жаһандық өндірістік және сауда тізбектерінің бір бөлігіне айналдыруға мүмкіндік береді.

Теңізге жолы жоқ елдердің транзиттік әлеуеті

Швейцария – әлемдегі ең бай ел. Бұл елде теңіз де, мұнай да жоқ. Дегенмен банк жүйесі, білім мен технология арқылы әлемдік қаржы орталығына айналып, жаһандық экономиканың элитасына кірді. Эфиопия, Парагвай секілді елдер ауыл шаруашылығы мен арзан еңбек ресурсына сүйенеді. Дамудың бұл үлгісі өсім беріп отыр, бірақ ұзақ мерзімді тұрақтылық үшін инфрақұрылым мен өнеркәсіп қажет. Ал Қазақстан, Моңғолия сияқты мемлекеттер мұнай, газ, металдар экспортына сүйенеді. Бұл қысқа мерзімде жоғары табыс береді. Тәуекелі де жоқ емес. Әлемдік бағаның құлдырауы экономикаға бірден әсер етеді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 11:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see141

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see141

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see137

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see137

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see136

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see136

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see132

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see130

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see130

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see129

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see123

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see123

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see119

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see118

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see118

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see113

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары