Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Төбелес, допинг, қамауға алу Қазақстан спорт жұлдыздары қандай жанжалдарға тап болды

Төбелес, допинг, қамауға алу Қазақстан спорт жұлдыздары қандай жанжалдарға тап болды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстандық олимпиадашылар еліміздің абыройын халықаралық аренада талай мәрте асқақтатты. Алайда олардың жарқын жеңістерімен қатар түрлі жанжал да болып тұрды. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық атлеттер әр жылдары қандай атышулы оқиғаларға тап болғанын еске түсірді.

Серік Сәпиев пен орынбасары арасындағы қақтығыс

2026 жылдың басында 2012 жылғы бокстан Олимпиада чемпионы, сол кезде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Серік Сәпиев өз орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжал салдарынан дене жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады.

Полиция ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

Кейін желіде оқиғаның видеосы жарияланды.

ММА, джиу-джитсу және каратэден әлем чемпионы, аралас жекпе-жек сарапшысы Айдар Махметов пікір білдірді. Оның айтуынша, жағдай толық реттеліп, тараптар өзара түсіністікке келген. Кейін Сәпиевтің өзі де "мәселе шешіліп, жабылды" деп мәлімдеді.

Жанжалдан кейін көп ұзамай басқарма басшысы мен оның орынбасары қызметтерінен босатылды. Дегенмен Олимпиада чемпионы жұмыссыз көп жүрмеді: ол Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Дәулет Шабанбайдың Ұлттық ұлан сарбаздарына шабуылы

Дәулет Шабанбай. Фото: Olympic.kz

2025 жылдың желтоқсанында Павлодардың ауданаралық қылмыстық соты белгілі еркін күрес шебері, 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Дәулет Шабанбайды темір торға тоғытты. Спортшы Олимпиада медалін 10 жыл өткен соң - 2022 жылы қарсыластары допингке байланысты шеттетілгеннен кейін алған болатын.

Шабанбайды сот алдына масаң күйдегі бейәдеп әрекеті алып келді. Дәмханада айтарлықтай мөлшерде алкоголь (екі литр сыра мен бір бөтелке арақ) ішкен спортшы, қаланы аралап жүріп Ұлттық ұлан патруліне тап болған. Олимпиадашы полиция пунктіне барудан бас тартып, үш жас сарбазға қарсы өзінің кәсіби дағдыларын қолданған: әскери қызметшілердің бірін итеріп жіберіп, аяғымен тепкен, кейін жасақ басшысын бетінен ұрып, одан соң үшінші сарбаздың көзінен ұрған

Сотта атлет кінәсін толық мойындап, жарыссөзге қатысудан бас тартты, тек жәбірленушілерден қысқаша: "Жігіттер, ренжімеңдер", - деп кешірім сұрады.

Сот Шабанбайды орташа қауіпсіздік колониясында 3 жыл бас бостандығынан айыруға үкім кесті. Үкім шығару кезінде сот спортшының құқықбұзушылық жасаған сәтте тыныштықты бұзғаны және қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін өтелмеген әкімшілік жазалары бар екенін ескерді.

Бахтияр Артаевтың үстінен түскен арыз

Бахтияр Артаев. Фото: ©Vesti.kz

2014 жылы 2004 жылғы Афина Олимпиадасының бокстан чемпионы, Олимпиаданың ең техникалы боксшысы ретінде Вэл Баркер кубогін алған жалғыз қазақстандық Бахтияр Артаевқа қатысты да жағымсыз оқиға болды. Полицияға Астана тұрғынынан арыз түсіп, қыз боксшы көңіл көтеру орнында оны бетінен ұрғанын хабарлаған.

Артаевтың өзі қызды ұрмағанын айтып, оның біреудің айтақтауымен әрекет етіп отырғанын алға тартты. Сондай-ақ ол қыз өзін ішінен тепкенін хабарлады.

"Би алаңында досым екеуміз тар дәлізбен өтіп бара жатқанбыз, шыққан кезде айқай естідім де, бұрылдым. Кімнің айқайлап жатқанын түсінбедім. Қарасам, досым бір қызды ұстап тұр екен, ол қыз артымнан жүгіріп келіп, ұрғысы келеді, айқайлайды. Ол мені таныған. Не істеп жатқанын түсіне алмадым. Досым оны сабырға шақырды. Оны жіберген кезде, ол мені ішімнен тепті. Бұл туралы айтқым келмеп еді, бірақ қазір мен де сараптамадан өттім", - деді ол.

Кейін полиция қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын хабарлады.

Ауыр атлетикадағы допинг дауы

Фото: instagram.com/ilyailyinforever/

2016 жылы Қазақстанның ауыр атлетика саласында ауқымды допинг дауы шықты.

Халықаралық Олимпиада комитеті Бейжің (2008) және Лондон (2012) Олимпиада ойындарындағы допинг-сынамаларды жаппай қайта тексеруден өткізді. Нәтижесі өте ауыр болды: Қазақстанның бір топ ауыр атлеті тыйым салынған анаболикалық стероидтарды қолданғаны әшкереленді.

Нәтижесінде Қазақстан Олимпиаданың бірнеше алтын медалінен айырылды:

Илья Ильин екі алтын медалінен (Бейжің-2008 және Лондон-2012) айырылды. Лондон-2012 жеңімпаздары Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зульфия Чиншанло алтын марапаттарынан айырылды.

Бұл дау өткен Олимпиадалардың жалпыкомандалық есептеріндегі Қазақстанның позициясын түбегейлі өзгертті.

Алексей Полтораниннің Австрияда қамауға алынуы

Алексей Полторанин. Фото: © olympic.kz

Қазақстанның үздік қысқы спорт түрлері шеберлерінің бірі, танымал шаңғышы Алексей Полторанин 2019 жылы Аустрияның Зеефельд қаласында өткен Әлем чемпионаты кезінде халықаралық криминалдық-спорттық даудың ортасында қалды. Қазақстандық спортшымен бірге эстониялық шаңғышы Андрус Веерпалуды, аустриялық Макс Хаукені және тағы бірнеше адамды антидопингтік рейд аясында Аустрия полициясы қамауға алды.

БАҚ мәліметінше, бастапқыда өз қанын құю ("қан допингі") үстінде аустриялық Макс Хауке ұсталып, ол Полторанинді қоса алғанда, осы схемаға қатысы бар басқа адамдардың бәрін "ұстап берген".

Анықтама: Қан допингі - бұл бұлшықеттерге оттегі тасымалдайтын эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) санын көбейту арқылы спорттық төзімділікті арттырудың тыйым салынған әдісі. Ол үшін спортшылар өз қанын қайта құюы немесе эритроциттердің түзілуін ынталандыратын препараттарды, мысалы, эритропоэтинді қолдануы мүмкін. Мұндай допинг жоғары жүктемеге ұзақ уақыт шыдауға көмектеседі және шаңғы жарысы сияқтыі циклдік спорт түрлерінде нәтижені жақсартады.

Полторанин алдымен кінәсін мойындап, кейін көрсетпелерінен бас тартпақ болды, бірақ қорытындысында 4 жылға шеттетілді.

Жанқош Тұраровқа тағылған айып

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атышулы оқиғаларға олимпиадашылар ғана емес, басқалар да іліккен. Мәселен, 2024 жылдың тамызында әлеуметтік желілерде 1996 жылы туған қыз зорлау дерегі бойынша Алматы полициясына арызданғаны туралы ақпарат тарады. Ол арызды белгілі қазақстандық боксшы, бірінші жартылай орта салмақтағы IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраровтың үстінен түсіргені айтылды.

Алматы полициясы аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Спортшының өзі айыптауларды жоққа шығарды.

Кейін Алматының Әуезов аудандық полициясы Tengri Sport тілшілеріне іс тоқтатылғанын, себебі зорлау фактісі расталмағанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Астанада полицейлер бірнеше жол апатына себепші болған Toyota Land Cruiser жүргізушісін ұстады. Ол 2016 жылғы бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болып шықты.

Астана соты былғары қолғап шеберін 20 тәулікке қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 15:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see154

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see141

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see137

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see133

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see133

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see133

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see132

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see131

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see131

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see130

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see129

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see128

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see128

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see128

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see128

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see128

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see127

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see126

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see126

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары