Тоқаев пен Лукашенко қазақ беларусь қарым қатынасының даму перспективасын талқылады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.
"Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.
Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:25
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 15:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















