Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Тоқаев шейх Заид атындағы Адамзат бауырластығы сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Тоқаев шейх Заид атындағы Адамзат бауырластығы сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Абу-Дабиде өткен салтанатты іс-шарада көрсетілген бейнеүндеуінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды шейх Заид атындағы "Адамзат бауырластығы" сыйлығына ие болуымен құттықтады. Қазақстан Президенті бұл марапат олардың парасатты көшбасшылығына берілген баға екенін атап өтті.

"Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісім жолында қол жеткізген жетістігі тарихтың бетбұрыс кезеңі саналады. Бұл қадам диалог жүргізіп, жауапкершілік пен ұстамдылық таныта білсек, ұзақ жылдарға созылған қақтығыстың да түйінін тарқатуға болатынын дәлелдейді. Мемлекеттердің жік-жікке бөлінуі ұлғайып, өзара қарым-қатынастарға көптеп сызат түсе бастаған заманда бұл тәжірибенің маңызы зор. Өйткені аталған мысалдан татуласудың әлсіздік емес, мықтылықтың белгісі екенін көреміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент үндеуде Қазақстан тарапының мемлекетімізге артылған сенімді, соның ішінде Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімдердің негізгі бір кезеңін Алматыда өткізу туралы шешімді жоғары бағалайтынын жеткізген.

"Бұл жағдай "сындарлы диалог – орнықты дамудың кепілі" деген ортақ көзқарасымызды айғақтайды. Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі және одан тысқары жерлердегі бейбітшілікті, сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлықтың бейбітшілікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынына назар аударып, аталған құндылықтарды ұдайы ілгерілеткені үшін БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға ризашылығын білдірді.

"Шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның толеранттық, өзара құрмет пен бейбіт қатар өмір сүру идеалдарына негізделген өшпес өсиет-өнегесі осы марапатта көрініс тапқан. Бұл қағидаттар нақты саяси нәтижеге ұласып отыр. Әзербайжан мен Армения арасында бейбітшілік орнап, ынтымақтастықтың жандануы осы қастерлі аманатқа жаңа мазмұн дарытып, оның аймақтан тыс жерлерде де өзекті екенін көрсетті. Халықаралық қатынастардағы пәрменді құрал ретінде дипломатияға сенімді күшейте түсті", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан президентінің пікірінше, Әзербайжан мен Армения басшыларының бейбітшілік орнатуға деген шынайы ниеті миллиондаған адамға үміт сыйлады, тату көршілік қатынастар мен тұрақтылық жаһандық күн тәртібінде әрдайым маңызды екенін әлемдік қауымдастыққа анық аңғартты.

Сурет: Ақорда

Шейх Заид атындағы "Адамзат бауырластығы" сыйлығы – 2019 жылы тағайындалған тәуелсіз халықаралық марапат. Оның мақсаты – бейбітшілікті, өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ халықтар мен мәдениеттер арасындағы ынтымақ пен татулықты дәріптеуге елеулі үлес қосқан тұлғаларды ынталандыру.

Әр жылдары Рим Папасы Франциск, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, IMAD қауымдастығының негізін қалаушы әрі экстремизммен күрес бойынша белсенді Латифа Ибн Зиатен, Иордания Королі II Абдалла, Патшайым Рания және басқа да қайраткерлер сыйлық лауреаттары атанды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 23:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see169

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see153

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see151

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see150

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see149

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see148

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see147

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see147

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see147

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see146

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see146

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see146

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see145

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see145

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see143

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see143

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see143

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see143

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see143

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see142
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары