Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Тор құрып бүркіт ұстау

Тор құрып бүркіт ұстау

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Далада өскен түз бүркітін қолға түсірудің негізгі тәсілі – тор құру. Тор жіңішке кендір жіппен тоқылады. Көздері бүркіт өтіп кетпейтіндей сүйем шаршы мөлшерде болады. Кереге биіктігі 1,5-2 метрге жуық, етегінің айнала шеңбері отау үйдің көлемі шамасында. Одан кейін сыптығырлап жонылған ұшы үшкіл алты-жеті шыбық қада дайындайды.

Осылай дайын болған торды бүркіт мекен еткен соқпа жерге жаяды. Таудың басы емес, ой-жазық та емес, орта балақ тұсы болғаны дұрыс. Тор құратын орын сәл шұңқырлау болса қолай­лы. Шыбық ағаштарын жерге айналдыра қадайды. Сыртынан тормен дөңгелете қоршап, жағасындағы кенере баумен шыбықтардың басын бір-бір шалып, керіп байлайды. Баудың артық шыққан ұшын ауырлау тасқа немесе қазыққа байлап, шыжымдап тастайды. Тордың шалғайланған етегін сыртына қарай кеңейтіп, іргесін көлбей алысқа созып, ұсақ тастармен байлап, бастырып, аспанға қараған шеңберін тарылтып тігеді. Тордың жоғарғы аузы бүріліп, етек жағы кең келіп тұрады.

Мұндағы себеп, түз бүркіті аңдаусыз келіп торға оралғанда үш шыбық жығылады да, құс екі берік шыбықтың ортасына аспақталып, күш ала алмай, табаны жерге тимей салақтап қалады. Егер табаны жерге тисе, табанымен басып тұрып, торды тұмсығымен қырқып, шығып кетеді. Бүркітті қызықтырып торға түсіру үшін қоянның бітеу терісіне шөп нығап, қоян сияқты кеп жасап, ұзындығы қоянның бойымен бірдей, жалпақтығы екі елі келетін жұқа тақтайдың ортасын басбармақ айналатындай тесіп, кептің ішіне кіргізіп орналастырады.

Одан кейін тордың ішіне аспанда ұшып жүрген бүркіттің көзі шалатындай жемтік тастап, оның қасына құзғын, қарға, сауысқан сияқты тірі құстарды байлап қояды. Тәжірибелі құсбегілер көбінде құзғынды тордың ішіне байлайды. Себебі құзғын бүркіттің ұясына түсіп, жұмыртқасын тесіп, сары уызын ішіп кететіндіктен екеуі бір-біріне өте өш келеді.

Маңынан адам ұзап кеткен тордың ішіндегі байлаулы құстар жемтікті жұлқылап жей бастағанда, олардың қозғауымен қоян кебі тірі сияқтанып, шоқырықтап әрекет етеді. Бұларды алыстан аңғарған албырт қыран қарға қоянмен жағаласып жүр екен деп ойлап, қомағай­ланып торға қарай шүйіледі.  Төбесінен төнген жауын көргенде зәресі ұшқан тордағы құзғын барқылдап мазасы кетіп, жанталасады. Осы кезде көзі тұнып, шүйіліп келген бүркіт ешнәрседен тартынып сескенбей торды киіп әкетеді. Кейде тордың сыртынан қапталып түссе, кейде төбесінен тік түсіп, құзғынды ұстап жеп, енді ұшқанда тік шыға алмай торға шырмалып қалады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 10:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see179

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see161

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see159

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see157

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see156

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see155

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see155

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see155

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see154

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see154

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see153

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see153

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see152

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see152

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see151

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see151

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see150

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see150

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see150

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see149
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары