Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктінің ұсталған видеосы жарияланды

Ирактағы топ АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал ұзақ соғысқа дайындалуға шақырды

Қызылордалықтар референдумда қалай дауыс береді

Түркістанда науқасты ұзақ уақыт мазалап келген қуықтағы 80 тас сәтті алынды

Рамазан айында жылдам әрі көп тамақтану асқазанға ауыр түседі

Пойызға кешігіп қалсаңыз да, билет ақшасын қайтаруға болады не істеу керек

Жастар қалаға ағылып, ауылдарда кадр тапшылығы күшейді

Тоқаевтың сынынан кейін Самұрық Қазына 650 қызметкерін жұмыстан шығарады

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

Маска таққан жігіт 30 отбасыға қуаныш сыйлады (видео)

Дәмханадағы жарылыс: қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі

Конституция жобасының негізгі ережелерінен хабардар етті

Солтүстік Қазақстан тұрғыны алаяққа 18,5 млн теңге берген

Көктем 2026 : Қазақстанда су тасқынына қарсы ауқымды оқу жаттығу ұйымдастырылды

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

Жаркент мешіті ЮНЕСКО ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

Трамп vs Латын Америкасы: Батыс жартышарда соғыс бастала ма

Трамп vs Латын Америкасы: Батыс жартышарда соғыс бастала ма

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Оқшауланудан күш қолдануға дейін

Трамп жақтастарының сөзінше, АҚШ өз ішкі мәселелерімен айналысуы керек, сыртқы саясатқа шамадан тыс жұмсалатын шығынды қысқартуы қажет. Алайда Трамптың көздегені басқаша шықты, тіпті одан әріге барып, империалистік саясатқа бет бұрды.

АҚШ-тың сыртқы саясатында 1823 жылы қабылданған «Монро доктринасы» бар. Мұнда Латын Америкасы АҚШ-тың айрықша мүдде аймағы деп жарияланған. Өткен жылы желтоқсанда Трамп әкімшілігі Конгреске ұсынған ұлттық қауіпсіздік жөніндегі соңғы стратегиясын қарасақ, ол құжатта да Батыс жартышар АҚШ үшін басты басымдық ретінде айқындалып, тағы Латын Америкасына ерекше назар аударылған.

Шартты түрде айтсақ, АҚШ үнемі Америка құрлығын өзінің «артқы ауласы» санап келді. Мысалы, «Монро доктринасы» тұсында АҚШ-тың өңірге қатысты қатаң ұстанымы бекіген болатын. Ол кезде Вашингтон Еуропадағы бәсекелестеріне, ең алдымен отарлау ниеті күшейген Ұлыбританияға қарсы күрес жүргізді. Сол кезеңде тәуелсіздігін енді ғана алған Латын Америкасы мемлекеттерінің нарығы империалистік ұстанымның басты бәсекесіне айналғанын ұмытпадық.

1823 жылға қарай аймақтағы елдер Испаниядан тәуелсіздік алып, нәтижесінде сыртқы күштерге жаңа мүмкіндік туды. Өйткені, әрбір жаңа латынамерикалық мемлекет инвестицияға, саудаға және мемлекеттік шығындарды жабу үшін табысқа мұқтаж еді. Сол заманда мұндай қолдауды бере алатын жалғыз тарап – Еуропа елдері мен АҚШ болды. Олар үшін Латын Америкасы елдері тауар өткізу нарығы, ірі шикізат көзі ретінде қарастырылған және сол бәсекеге түсті.

Фото: youtravel.me

Ол шақта еуропалықтар мен америкалықтар аянып қалмады, күшке салған кезі көп. Мәселен, АҚШ XIX-XX ғасырларда Никарагуаға, Кубаға, Доминикан Республикасына, Гаитиге әскер кіргізіп, президенттер мен диктаторларды құлатты. Демократия желеуі болғанымен, басты ниет сауда, нарық және көлік дәліздерін бақылау болғанын түсіну қиын емес. Ол үшін Панама каналына қатысты оқиғаны еске алудың өзі жеткілікті. Айтпақшы, Панаманың Колумбиядан бөлініп шығуына жағдай жасаған да америкалықтар болды — ол үшін жергілікті элиталарды пайдаланды.

Жаһандану ойын ережелерін өзгертті

Алайда XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында жағдай өзгерді. Әрине, АҚШ ұлы держава ретінде позициясын бекітті, әскери қуаты, экономикасы мен қаржы саласында жаһандық деңгейде үстемдігін сақтады. Соған қарамастан, экономика мен идеологияда елеулі өзгерістер орын алды. Бір мысал, сол кезде АҚШ әлемдегі ең ірі өткізу нарығына айналды, яғни әртүрлі елдердің тауарлары АҚШ-қа ағыла бастады. Жапония мен Оңтүстік Кореядан бастап Қытайға дейінгі Оңтүстік-Шығыс Азияның экспортқа бағдарланған елдері дамуын дәл осы америкалық нарыққа сүйеніп жүзеге асырған еді. Мексика да АҚШ нарығы үшін тауар өндіретін ірі мемлекетке айналды. Өңірдің өзге елдері үдерістен қалыс қалған жоқ.

Алайда мұның жанама салдары жоқ емес еді. Қуатты америкалық экономикада жұмыс күшіне деген жоғары сұраныс пайда болды. Соның салдарынан Латын Америкасының кедей елдерінен АҚШ-қа қарай көші-қон ағыны үдеді. Бұдан бөлек, АҚШ-та әлеуметтік жағдайдың жақсаруы сұраныстың артуына әкелді, ішкі нарықтағы қатаң бәсеке еңбек нарығын құбылта түсті.

АҚШ саясатының салқыны

Мұның немен аяқталғанын бәріміз білеміз. Америкалықтар арасында депрессия өршіді, өз-өзін «басқысы» келгендер фармацевтикалық өнімдерге жақын болды: елде есірткі тұтыну көбейді, АҚШ Латын Америкасынан келетін заңсыз есірткі саудасының отанына айналды. Бастапқыда кокаиннен басталған, қазір оған синтетикалық есірткілер қосылған.

Осылайша, заңсыз саудадан түскен қомақты қаржы қуатты қылмыстық топтардың пайда болуына ықпал етіп, өңірдің көптеген елде мемлекеттілік құрылымның әлсіреуіне алып келді. Кокаин өндірілетін Колумбия мен Эквадор, сондай-ақ АҚШ-қа апаратын негізгі транзиттік аймақ саналатын Мексикада жағдай ушықты.

Кейін Латын Америкасында мемлекеттік институттарға қарсы қылмыстық топтардың күшеюімен қатар, ультра-солшыл саяси қозғалыстар етек алды. Бірі мұны мемлекеттік институттардың әлсіреуі ретінде қабылдаса, өзгесі халық өз құқы үшін күресіп жатыр деп санайтын.

Мұндай күрестің ең айқын мысалы Куба мен Никарагуа аймағында болды, онда радикал-солшылдар билікке келді. Одан бөлек Мексикада — сапатистер, Перуде — «Сендеро Луминосо», Колумбияда — революциялық қарулы күштер билікке таласты. Көбіміз білетін Уго Чавес Венесуэлада солшыл-радикалды диктатура орнатты. Аргентина мен Бразилияда билік жүйесінің бір бөлігі болған байсалды солшыл-центрист күштердің тарихы да атауға тұрарлық.

Қалай болғанда да солшыл күштер Латын Америкасы елдерінің саяси өмірінде маңызды рөл атқарды. Олардың радикалдық деңгейі, қол жеткізген нәтижелері әртүрлі, алайда солшылдардың күшеюі оңшыл реакцияның — әскери диктатура мен оңшыл-радикалды топтардың пайда болуына түрткі болғанын жоққа шығара алмаймыз. Осылайша, сол және оң радикализм саяси өмірде қатар жүріп, бір-бірін күшейтіп отырды. Мұның бәрі Латын Америкасын АҚШ үшін өте күрделі өңірге айналдырып, осы жақтан көші-қон ағыны мен есірткі тасымалы үзілмеді.

Фото: ntdtv.ru Либерал бетбұрыс

Мойындау керек, жағдайдың осы қалыпқа келуіне АҚШ идеологиясының – либералдық ұстанымның күшеюі себеп. Әсіресе президент Джо Байденнің билігі кезінде айқын көрінді: Латын Америкасынан және сол аймақ арқылы АҚШ-қа келетін мигранттар ағыны едәуір артты.

Сол аралықта либералдық саясаттың әсерінен АҚШ Латын Америкасына бұрынғыдай өктем көзқараспен қарамай келді. Мысалы, 2023 жылы Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро көршілес Гайана аумағындағы мұнайға бай Гуаяна-Эсекиба өңіріне көз тікті. Сол кезде АҚШ әрекет жасаған жоқ, қайта Бразилия Гайанаға жедел қолдау көрсетуге, қаласа, соғысқа дайын екенін білдіргені есте.

Әрине, мұнымен АҚШ-тың өңірдегі ықпалы әлсіреді деуге болмайды, бірақ бұрынғыдай деңгейде емес еді. Осыны пайдаланған Венесуэла Ресей және Қытайдың көмегімен елеулі әскери-саяси күш қалыптастырып, антиамерикалық бағыт ұстанды. Сонымен қатар Куба мен Никарагуа билігін қолдап, оларға жеңілдетілген бағамен мұнай жеткізіп отырды.

Осының барлығы — көші-қон, либерал көзқарастар, есірткі мәселесі, ықпалдың әлсіреуі АҚШ қоғамында теріс реакция туғызған-тұғын. Ең алдымен, мигранттар ағынына қарсылық күш алды. Алайда Байден әкімшілігі мигранттарға қатысты либерал саясат сайлауда көмектесіп, латынамерикалық тектен шыққан сайлаушылардың дауысына ие боламыз деп үміттенді.

Ол үміт ақталды дегенге сенуге болмас. Бір жағынан, Латын Америкасынан келген мигранттар АҚШ қоғамындағы орнын, соның ішінде жұмысын жоғалтудан қорқатын. Екінші жағынан, олар негізінен консервативті көзқараста болды. Мәселен, оларға жыныстық азшылықтарды қолдауға бағытталған риторика ұнамады.

Латынамерикалық текті сайлаушыларды айтқанда кубалықтарды атамасқа жол жоқ. Жалпы алғанда, олар солшылдар мен либералдарға қарсы болды және Демократиялық партияның Кубаға қатысты саясатына өлердей қас-тын.

Трамп командасы және Куба ықпалы

Осылайша, демократтардың мигранттарға қатысты солшыл-либерал саясаты мен Латын Америкасындағы АҚШ-тың шамадан тыс жұмсақ бағытына деген наразылық Трампты билікке әкелді. Бұған қоса, президент әкімшілігіндегі басты адамның бірі – Кубадан шыққан Марко Рубио болды. Ол мемлекеттік хатшы әрі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекші қызметтерін атқарды.

Осы факторлардың барлығы АҚШ-тың Латын Америкасындағы неғұрлым белсенді саясатына алғышарт болған секілді. Трамп бірден «канонерка саясатына» көшіп, Венесуэлаға қыр көрсетті, ол аздай басқа елдерге қатысты қатаң мәлімдемелер жасай бастады.

Мексика егемендігі: картельдер мен АҚШ арасындағы текетірес

Соңғы уақытта Дональд Трамп Мексикаға айбат шеккенін көрдік. Мадуроны ұстау оқиғасына арналған баспасөз конференциясында Трамп «Мексикаға қатысты бірдеңе істеуге тура келеді» деп мәлімдеді. Ал 8 қаңтарда Мексика аумағында есірткі картельдеріне қарсы құрлықтағы операцияны бастауды жоспарлап отырғанын қоса айтты.

Фото: quinto-poder.mx

Трамп билікке келгеннен кейін, 2025 жылдың ақпанында АҚШ Мексиканың алты есірткі картелін террористік ұйымдар тізіміне енгізді. Енді оларға қарсы әскери операция жүргізу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Бұл – Мексиканың егемендігін бұзу деген сөз. Неге десеңіз, Мексиканың кейбір аймағында қылмыстық ұйымдардың ықпалы өте жоғары, олар іс жүзінде жергілікті биліктің міндетін атқарып отыр. Егер америкалықтар Мексика аумағында әскери операция бастайтын болса, соққы ең алдымен мемлекеттік құрылымға тимек, ізінше егемендікке қатер төнеді.

Мұндай жағдайда Мексика билігінің таңдау мүмкіндігі тым шектеулі болмақ. Егер олар ешқандай жауап қатпаса, егемендігіне нұқсан келеді. Ал егер қарсы әрекет етсе, әлемдегі ең қуатты мемлекетпен соғысқа әкелуі мүмкін. Оның үстіне, АҚШ арнайы мақсаттағы күштермен және әуе соққыларымен ғана шектелген күннің өзінде, картельдерді әлсірете алмайды әрі жекелеген аумақтардағы ықпалын жоя алмайды.

Осы тұрғыдан алғанда, АҚШ үшін Мексиканың орталық билігімен бірлесіп әрекет ету, есірткі картельдеріне қарсы күресте қолдау көрсету әлдеқайда қисынды. Америкалықтар Латын Америкасының өзге елдерінде, мысалы Колумбияда дәл осылай әрекет еткенін білеміз. Ал жергілікті үкіметтің қатысуынсыз әскер кіргізу — жай ғана интервенция емес. Ең бастысы, мұндай қадам қылмыстық ұйымдарды жоюға көмектеспейді.

Өйткені кез келген әскери операция ерте ме, кеш пе аяқталады. Одан кейін не оккупациялық режим орнату керек, не әскерді әкету қажет. Екі жағдай да АҚШ үшін ресурсты тиімсіз жұмсау болмақ, демек Мексика үкіметімен келісімге келу әлдеқайда ұтымды. Бәлкім, осы процесс қазір жүріп жатқан шығар, ал қатаң мәлімдемелер қысым жасаудың тағы бір тәсілі болуы ықтимал.

Трамп жылдам шешімге құмар. Мадуроға қатысты оқиғадан кейін мұндай тәсілдің жемісті екенін сезінді. Енді соңғы онжылдықта АҚШ-ты мазалап келген мәселелерге шешім табуға тырысуда. Мексикаға қатысты тұсын айтсақ, шекара бойындағы заңсыз миграцияны бақылау және есірткі тасымалын тежеу.

Куба — Вашингтонның байырғы бас ауруы

Бұған қоса, Трамп көптеген америкалық президенттің шамасы жетпеген Куба мәселесімен айналысуды қолға алды. 11 қаңтарда әлеуметтік желісінде «тым кеш болмай тұрғанда мәмілеге келуді табанды түрде ұсынамын» деп жазды. Оның айтуынша, «Кубаға бұдан былай ақша да, венесуэлалық мұнай да жіберілмейді». Сондай-ақ ол X әлеуметтік желісіндегі Марко Рубио Кубаның президенті болуы мүмкін деген жазбаға оң реакция білдірді.

Фото: guide.planetofhotels.com

Мадуроның қамауға алынуы және Гренландияны қосып алу туралы мәлімдемеден кейін Трамптың басқа елдерге қарата айтқан кез келген сөзін байыппен қабылдау қажет. Жекелеген мемлекеттер үшін де, жалпы халықаралық қатынастар жүйесі үшін де жіті қадағалауды талап етіп тұр. Бұрын АҚШ-ты «әлемдік полицей» ретінде сынайтын, ол кезде белгілі бір ережелер бар еді. Қазір ереженің бар-жоғы күмәнді, халықаралық қатынастар тым күрделене түсті.

Жылдам нәтиже алуға ұмтылатын батыл Трамп әдетте алдымен мәміле ұсынады. Мадуроға қатысты жағдай - соның дәлелі. Көріп отырғанымыздай, АҚШ президентінің мұндай белсенділігіне төтеп беру үшін келісімге келу, шартты түрде айтқанда, процесті қолға алуға тырысу қажет.

Мәміле маңызды

Мәміле дегеннен шығады, Мексика президенті Клаудиа Шейнбаум Трамптың мәлімдемесінен кейін қауіпсіздік бойынша АҚШ-пен неғұрлым тығыз байланыс жасауға көшті. Енді Мексика үкіметі Вашингтонның қолдауымен есірткі картельдеріне қарсы операцияны өзі бастайды, сол арқылы АҚШ әскерінің елге кіруіне жол бермейді. Мұндай нәтиже Трампқа да ұнағандай.

Трамп десант түсіру арқылы эскалацияға баруға мүдделі емес — тәуекел тым жоғары. Алайда мұндай қауіптің өзі көптеген елді алаңдатып, белгілі бір ымыраға келуге итермелеуі мүмкін.

Қазір Латын Америкасына қатысты басы ашық сауал бар: АҚШ саясаты миграция мен есірткі контрабандасы мәселесін біржола шеше ме әлде тек уақытша нәтиже бере ме? Мұның жауабы әлеуметтік көрсеткіш пен өмір сүру деңгейінде жатыр. Болашақта Латын Америкасының кедей елдеріндегі жұрт АҚШ-қа жету үшін небір амалсыз қадамға баратын болады. Ал есірткі контрабандасы сұранысқа тәуелді, демек АҚШ-тың ішінде сұраныс азаймаса, нәтиже болуы екіталай.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:43
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 09:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктінің ұсталған видеосы жарияланды

27 Ақпан 2026 13:47see112

Ирактағы топ АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал ұзақ соғысқа дайындалуға шақырды

27 Ақпан 2026 21:09see112

Қызылордалықтар референдумда қалай дауыс береді

27 Ақпан 2026 09:07see111

Түркістанда науқасты ұзақ уақыт мазалап келген қуықтағы 80 тас сәтті алынды

27 Ақпан 2026 06:54see111

Рамазан айында жылдам әрі көп тамақтану асқазанға ауыр түседі

27 Ақпан 2026 03:29see111

Пойызға кешігіп қалсаңыз да, билет ақшасын қайтаруға болады не істеу керек

27 Ақпан 2026 13:15see110

Жастар қалаға ағылып, ауылдарда кадр тапшылығы күшейді

26 Ақпан 2026 22:34see110

Тоқаевтың сынынан кейін Самұрық Қазына 650 қызметкерін жұмыстан шығарады

27 Ақпан 2026 13:22see108

Ақ кимешекті әйгілеген әже

27 Ақпан 2026 08:52see107

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

28 Ақпан 2026 15:41see107

Маска таққан жігіт 30 отбасыға қуаныш сыйлады (видео)

26 Ақпан 2026 23:05see107

Дәмханадағы жарылыс: қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі

27 Ақпан 2026 13:00see107

Конституция жобасының негізгі ережелерінен хабардар етті

27 Ақпан 2026 09:04see107

Солтүстік Қазақстан тұрғыны алаяққа 18,5 млн теңге берген

26 Ақпан 2026 21:46see106

Көктем 2026 : Қазақстанда су тасқынына қарсы ауқымды оқу жаттығу ұйымдастырылды

27 Ақпан 2026 17:29see106

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

28 Ақпан 2026 02:37see106

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

28 Ақпан 2026 03:53see104

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

28 Ақпан 2026 17:30see104

Жаркент мешіті ЮНЕСКО ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді

27 Ақпан 2026 13:17see103

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

28 Ақпан 2026 14:28see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары