Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Трамвай паркінде жаңа вагондар

Трамвай паркінде жаңа вагондар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Трамвай – Павлодар шаһарының рәмізіне айналып үлгерген көлік. Рельсті көлік экологиялық жағынан да қауіпсіз. Облыс билігі вагондарды жаңартып, шеткері шағын аудандарға автономды трамвайлар жүргізу жобасына белсене кірісті.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев

Ел бойынша Павлодар, Өске­мен, Теміртау қалаларында ғана трамвай жүреді. Алматыдағы трамвай паркі 2015 жылы жабы­лып қалған. Павлодарда рельсті көліктің келешегі зор. Олай дей­тініміз, облыс билігі мен жергілік­ті трамвай паркі эко­логиялық жағынан тиімді көлікті дамытудың жолдарын іздестіріп жатыр. Ең әуелгі мақсат – парктегі ескірген вагондардың орнына жаңаларын сатып алу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірімізге жұмыс сапарымен келгенде Павлодар қаласындағы трамвай жүйесін дамытуды жалғастырып, құрам­дарды жаңартуды жеделдету қа­жеттігін тапсырған еді. «Менің­ше, Павлодарда трамвайды сақтап қалу қажет. Егер қажет болса, жол­дарды жаңғыртып, жаңа, дыбыссыз, трамвайлар сатып алу керек шығар. Бірақ травмай – өзінше тартымды көлік түрі. Еуропаның көптеген дамыған қаласында трамвайлар кедергісіз жүреді. Бұл – жергілікті тұрғындар ұнататын экологиялық және ыңғайлы көлік. Трамвай жүйесін дамытуды жалғастырып, құрамдарды жаңартуды жеделдету керек» деген еді Президент.

Павлодар қаласындағы трамвай жолдарының жалпы ұзындығы бүгінде 90 шақырымды құрайды. Көлік кәсіпорнының иелігіндегі 100-ден астам вагон жолаушыларға үзбей қызмет көрсетіп, ұйым ендігі арада жаңа бағыттарды ашуға талпынып отыр.

Жуықта «Д.Махмұдов атын­дағы Павлодар қаласының трамвай басқармасында» Беларусь елі­нен жеткізілген 10 жаңа трамвай вагонының алғашқы 4 вагоны таныстырылды. Барлық вагондар қауіпсіздік пен жайлылықтың заманауи жүйелерімен, салондағы температураны автоматты реттеу, бейнебақылау жүйелері­мен жабдықталған әрі мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға барынша бейімделген. Жаңа трамвайлар­дың ескілерімен салыстырғанда сыйымдылықтары да жоғары, бір мезетте 36 адам адам отырса, тағы 120 адам түрегеп тұрған күйі жол жүре алады.

Трамвай паркінің мәліметінше, қазір трамвай желісінде 109 трамвай қатынайды, оның ішінде 70 вагонның пайдалану мерзімі өткен. Алдағы бірнеше жылда ескірген 65 вагонды ауыстыру, қалғандарын кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарланып отыр.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз трамвайларды сақтап қана қоймай, оларды одан әрі дамытудамыз. Бұл – экологиялық жағынан таза, павлодарлықтар мақтан тұтатын өз ырғағы бар тіршілік тынысы. Бүгін жаңа трамвайдың біріне мініп, ерекше әсер алдым. Биыл біз Беларусь елінен 10 вагон сатып алдық, оның 4-еуі қалаға жеткізілді. Алдағы уақытта 109 вагонның 65-ін жаңартып, қалғандарын жаңғырту көзделген. Сонымен қатар Достық шағын ауданында жаңа трамвай желісінің құрылысы басталады. Жаңа трамвайлар жайлылығы­мен, кеңдігімен, тыныш жүрісі­мен ерекшеленеді. Әрі 20 шақырым­ға дейін автономды жүре алады. Сонымен қатар қалаға жаңа әрі заманауи 15 автобус жеткізіл­ді. Олар №18, №27 бағыттары­на шығарылады. Экологиялық Еуро-5 стандартына сай келетін бұл көліктерді Павлодар автокомбинаты сатып алды. Жалпы алғанда, Павлодардың автобус паркі толықтай жаңартылды деуге негіз бар. 2022 жылдан бері 260 автобус алынып, бүгінде олар қала тұрғындарының жайлылығына қызмет етуде, – деп атап өтті облыс әкімі Асайын Байханов.

Өңір басшысының айтуынша, жаңа трамвайлар жаңа бағытты іске қосуға да мүмкіндік береді. Биыл Достық шағын ауданында ұзындығы 5 км болатын жаңа трамвай желісінің құрылысы басталмақшы. Жаңа желі бо­йынша мердігер анықталған, жер жағдайы мүмкіндік берген бо­йда іске кіріседі. Жоба техникалық тұрғыдан күрделі болғандықтан, оны келесі жылғы жаздың соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Аумаққа электрлі байланыс желілерін ұстап тұратын бетон бағандар салудың қажеттілігі жоқ көрінеді. Трамвай паркінің хабарлауынша, аталған бағытта жаңа әрі автономды түрде жұмыс істейтін вагондар жолға шығады. Шаһардың оңтүстік-батыс бөлігінде жаңадан салынып жатқан Достық шағын ауданына келер жылы трамвай көліктерінің жүре бастайтыны туралы жаңалық жергілікті тұрғындарды қуантып отыр.

Тағы бір атап өтетін мәселе, Екінші Павлодар шағын ауданында трамвай жүргізу көптен бері қозғалып келе жатыр. Себебі бұл аумақтағы тұрғындар автобус маршруттарының аздығына, олардың межелі уақытынан көп кешігетініне жиі шағымданатын еді. Әсіресе қыс мезгілінде проблема көп туындайды. Егер трамвай тармағы салынса, жолау­шылардың жүріп-тұруы жеңілдей түседі.

Жалпы, кейінгі жылдары облыс орталығындағы көше жолдары­ның инфрақұрылымы заманға ­сай реттеліп келеді. Мәселен, ­биыл жалпы ұзындығы 45 км болатын 22 көшеге орташа жөн­деу жүргізу жоспарланған. Оның ішінде қаланың негізгі магис­тральдары – Академик Сәтбаев, Катаев, Қайырбаев, Кривен­ко, Мәшһүр Жүсіп, Бұқар жырау, Естай көшелері мен тағы да басқа аумақтар қамтылған.

Ал Ертіс өзені үстімен өтетін жаңа көпірдің құрылысы бүгінде 40 пайызға орындалған. Жаңа көпірдің аралықтарын қыркүйек айында түйістіру жоспарла­­нып отыр. Қазір көпірдің бірне­ше тірегіне 276 метрлік ара­лық құ­рылымдар орнатылғаны­мен, әзір­­ше өзара жалғанба­ған. Құ­ры­­лыс­қа жалпы саны 288 адам мен 88 арнайы техника жұмыл­дырылған.

– Қыркүйек айында барлық аралық құрылымды түйістіруді жоспарлап отырмыз, одан кейін болат арқандарды тарту жұмыс­тары басталады. Сондай-ақ әрбір аралық құрылымда биіктігі 20 метр болатын пилондар бар. Бұған қоса, аспалы (вантты) жүйе орнатылып, екі жағынан 10 болат арқан­нан тартылады, — дейді «BI Group» компаниясының жол инфра­құрылымы дивизионының техникалық директоры Қанат Көшербаев.

Барлығы ойдағыдай болса, қазан айында көпірде асфальт төсеу және абаттандыру жұмысы басталады. Атап айтқанда, жарық шамдары мен қоршаулар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы салынады. Бұған қоса жаңа көпірді сәндік жарықпен безендіру де жос­парда бар. Ол үшін «Philips» компаниясы тартылған. Жоба аясында көпірдің төменгі бөлігіне, аспалы арқандары мен қоршауларына динамикалық жарық жүйесін орнату қарастырылған.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Саясат • Бүгін, 08:05

Ертіс ластанбасын деңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:00

Ұлттық рейтинг жүйесі құрылады

Саясат • Бүгін, 07:55

Ұзақмерзімді дамудың құқықтық негізі

Саясат • Бүгін, 07:50

Іргелі инфрақұрылыммен жан-жақты танысты

Саясат • Бүгін, 07:45

Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды

Заң мен Тәртіп • Кеше

Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты

Бокс • Кеше

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан • Кеше

Ұлттық Банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Банк • Кеше

ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды

Аймақтар • Кеше

Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады

Президент • Кеше

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды

Спорт • Кеше

Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді

Шаруашылық • Кеше

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті

Үкімет • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 08:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see127

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see125

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see124

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see121

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see120

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see119

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see117

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see117

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see116

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see115

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see114

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see114

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see114

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see112

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see111

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see111

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see110

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары