Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Тұрғын үй ережесі түбегейлі өзгерді

Тұрғын үй ережесі түбегейлі өзгерді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Былтыр мамыр айынан бастап, баспана алуға кезекке тұрған ел азаматтарының дерегі жергілікті әкімдіктерден «Отбасы банкіне» өтіп, бұл құрылым тұрғын үйдің кезегі мен есебін жасайтын, пәтерлерді бөлетін ұлттық даму институты болып қайта құрылған еді. База деректерін кезең-кезеңімен тексеріп шыққан банк біраз жайттың бетін ашқан.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Был­тыр елі­мізде тұрғын үй саясатын рефор­малауға бағытталған жаңа заң күшіне енгені белгілі. Оның басты мақсаты – мемлекет есебінен жалға берілетін және жеңілдетілген ипотекалық несиемен рәсімделетін баспаналардың «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің жетегінде кетпей, оған шынымен мұқтаж жандардың арасына әділ бөлінуін қамтамасыз ету.

Жаңа заңда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар арасында баспананы бөлу тетігінен басқа, осы саланы толық цифландыру, ақпараттық жүйелерді жаңғырту, оның электрондық базасын қалыптастыру сынды мәселелерге маңыз берілді.

Былтырғы қазан айынан бастап іске кіріскен «Отбасы банкке» жергілікті органдар 640 мыңнан астам кезекте тұрған адамның деректерін жолдаған. Олардың әрқайсысын жіті қарап, тиісті талаптарға сәйкестігін тексерген ұлттық институт біраз олқылық тапқан. Деректерді талдау барысында сарапшылар жүйедегі ретсіздік пен азаматтардың жеке мәліметтеріне қатысты қателіктерді анықтаған. Атап айтқанда, қағаз есептен электрондық есепке өткен кезде кейбір деректер жоғалып кеткен. Баспанаға мұқтаж ретінде есепте тұрған кей азамат мекенжайын басқа өңірге ауыстырғаны белгілі болған. Сондай-ақ отбасы құрамын тіркеген кезде кеткен қателіктер мен әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға, олардың заңды өкілдеріне қатысты мәселелер де жетерлік.

База деректеріне жүргізілген талдаманы саралай келе, «Отбасы банк» азамат­тар­дың құқын қорғау, оларды тұрғын үй кезегінен негізсіз шығармас үшін бір­неше шешім қабылдапты.

Оның біріншісі әлеуметтік осал топтар, соның ішінде жетім балаларға қатысты болды. «Мектеп бітіргеннен кейін жетім балалар көбіне басқа қалаға оқуға немесе жұмысқа кетіп, тіркеуін өзгертеді, кейде тіпті уақытша тіркеусіз қалатын кездері болады. Осындай жағ­дай­да оларға «тұрғын үй бөлінбейді» немесе «мүмкін емес» деген жауаптар беріліп отырған. Осыған байланысты біз мынадай шешім қабылдап отырмыз: енді бұл санаттағы азаматтар тұрғын үй алуға қай өңірде кезекке тұрса, сол өңірден баспаналы бола алады. Тіркел­ген мекенжайы маңызды емес», дейді «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Кейбіреулерде әке-шешесінен мұра болып қалған немесе жекешелендірген үйде үлесі болады. Мұндай азаматтар бұған дейін баспана кезегіне тұру құ­қы­нан қағылып келді. Енді пәтерде немесе үйде шағын үлесі барлар мем­ле­кет тарапынан берілетін пә­тер­ге кезекке тұра алады, оларды ешкім де кезектен ысыра алмайды. Яғни биыл ақпаннан бастап, үлестің болуы тұрғын үй кезегіне тұруға кедергі емес. Кезекте тұрғандар үлесі болса да, жалға берілетін тұрғын үй немесе жеңілдетілген ипотека ала алады.

Бірақ «Отбасы банк» мамандары үлес пен бірлескен меншік ұғымын шатастырмау керектігін ескертті. Үлестік меншік дегеніміз — тұрғын үйдің белгілі бір бөлігіне ие болу. Мысалы, пәтердің төрттен бір бөлігі болуы мүмкін. Қалғаны сол отбасының басқа мүшелеріне тиесілі. Ал бірлескен меншік – некеге тұрған кезде сатып алынған жылжымайтын мүлік. Бұл пәтер әйелінің не күйеуінің атында болса, онда екінші жақ автоматты түрде сол үйдің иесі болып есептеледі де ол мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайды.

Бұрынғы тәртіп бойынша кезекте тұрғандарға мемлекет тарапынан үй беріліп, ол адам кредиттік немесе жалға берілетін тұрғын үйден бас тартса, онда жүйе оны кейінгі 5 жылда тұрғын үйі бар деп есептеп, тұрғын үйге тіркеу мәртебесін тоқтататын. Ал қазіргі жаңа ереже негізінде әлгі үй берілген адам шынымен сол баспанада тұрмағаны дәлел­денсе, онда қайтадан кезекке тұрып, мем­лекеттік үйге қол жеткізе алады. Ол үшін қолында әкімдікпен жасал­ған келісімді ресми түрде бұзу туралы құжаты болуы керек.

Бақша шаруашылығына арналған үйі бар адамдарға да жеңілдік беріліп отыр. Жаңа тәртіп бойынша олар да жеңілдікпен берілетін баспанаға үмітті бола алады.

«Отбасы банк» мамандары база деректерінде көптеген қателік кеткенін алға тартты. Мысалы, қамқор­­шы­­ларды тәрбиеленушілермен ауыстыр­ған, ата-аналардың орнына бала жазылып кеткен. «Құжаттағы қателерді өтініш жазып немесе әкімдік хатымен, сот шешімімен түзеу керек. Кейбір деректерде отбасының құрамында бөтен адамдар көрсетілгенін анықтадық. Ке­зек­те тұрғандар жүйеде туысы емес адам­ды отбасы мүшесі ретінде тіркеген. Мұндай азаматта арыз бен растайтын құжаттары бойынша отбасы құрамынан шығарылады. Тұрғын үйді ескірген деректер бойынша бөлу жағдайлары да кездесті. Мысалы, шын мәнінде жоқ отбасыларға пәтер бөлінген. Соның салдарынан одан кейін тұрған азамат кезегін ұзақ күтіп қалған. Сондықтан жалға берілетін немесе жеңілдетілген ипо­те­калық үй құжаттары түгел, дерек­тері жаңартылған адамдарға ғана бөлі­неді», дейді банк мамандары.

«Отбасы банк» барлық қабылданған шешім Қазақстан Республикасы заңна­масы шеңберінде жүзеге асатынына сенім білдірді.

«Кезектегі әр жазбаның артында отбасының өмірі, үміті тұрғанын жақсы түсінеміз. Біздің міндет – әр жағдайды әділ бағалау. Бұрын жүйеде қателік болса, оны бүгін түзетуіміз керек. «Отбасы банк» халықтың мұң-мұқтажын естіп отыр және ел тұрғындарының өмірін нақты жақсартатын шешімдер қабылдауын жалғастырады», деді Л.Ибрагимова.

Ұлттық институт келешекте бір үйге мұқтаж болып отырған ел азамат­та­ры­ның өмір сапасын жақсарту мақ­са­тын­да арнайы тұрғын үй комиссиясы құрылуы мүмкін екенін де айта кетті.

Соңғы жаңалықтар

Күрделі кезеңдегі іргелі бетбұрыс

Сараптама • Бүгін, 08:15

Міндет мінсіз орындалса игі

Саясат • Бүгін, 08:10

Стратегиялық маңызды теміржол желісі іске қосылады

Саясат • Бүгін, 08:05

Газ саласын реттейтін құжат талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:00

Елена Рыбакинаның 20 жетістігі

Теннис • Кеше

Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады

Спорт • Кеше

Дзюдошылар Парижде үш қолаға қол жеткізді

Спорт • Кеше

Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті

Олимпиада • Кеше

Ертең елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Ауа райы • Кеше

Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты

Олимпиада • Кеше

Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

Оқиға • Кеше

Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді

Президент • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция тұңғыш рет алдымен қазақ тілінде әзірленді

Ата заң • Кеше

Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 08:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары