Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Тұрғын үй кешеніндегі электромобильге арналған зарядтау станциясы қалай орнату керек және ол үшін не қажет

Тұрғын үй кешеніндегі электромобильге арналған зарядтау станциясы қалай орнату керек және ол үшін не қажет

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Электрмобильдердің танымалдылығы артуымен қазақстандықтардың көбі тұрғын үй кешенінің паркингінде жеке зарядтау станциясын орнату туралы жиі ойлана бастады.

Tengri Auto қандай талапты сақтау керектігін және ол үшін не қажет екенін анықтады.

Электр қуаттағыштарын орнатуға қойылатын талаптар

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің хабарлауынша, зарядтау станциясын кез келген жерге қоя салуға болмайды. Ол үшін электр қауіпсіздігі талаптарын, құрылыс нормаларын және электр желілеріне қосылу ережелерін сақтау қажет.

Тексерулер станция орнатылғанға дейін, содан кейін монтаждау кезінде және жұмыс аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Келісу процесіне қала құрылысына, энергетикалық қадағалауға және қалалық инфрақұрылымға жауапты органдар, сондай-ақ техникалық қадағалау жүргізетін ұйымдар қатысуы мүмкін.

Орнату орнына да қойылатын талаптар бар. Станция автомобильдер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмеуі, электр желілеріне қосымша күш түсірмеуі немесе қауіп төндірмеуі тиіс.

Сонымен қатар жақын жерде электрмобильдерге арналған тұрақ орындары қарастырылуы керек.

Қуаттағышты орнату үшін тұрғындардың келісімі қажет

Тұрғын үй кешеніндегі паркинг орнына зарядтау станциясын тек кондоминиум нысанын басқару органымен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.

"Бұл мәселені меншік иелерінің жалпы жиналысына шығару қажет. Шешім хаттамамен ресімделеді және ол қабылданғаннан кейін барлық пәтер, тұрғын емес үй-жай және паркинг орындарының иелері үшін міндетті болып саналады", - деп түсіндірді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Басқаша айтқанда, бір ғана көлік иесінің қалауымен ЭЗС орнату мүмкін емес - ол үшін кондоминиум нысаны меншік иелерінің келісімі талап етіледі.

Иесіне жеке шарт жасасуға тура келеді

Министрлік зарядтау станцияларының электр энергиясын тұтынуы тұрмыстық қажеттілікке жатпайтынын еске салды.

Сондықтан ЭЗС орнатпас бұрын иесі қосылуға техникалық шарттар алып, тұрмыстық емес тұтынушылар үшін жеке электрмен жабдықтау шартын жасасуы қажет.

Тұтынылған электр энергиясы үшін зарядтау станциясының иесі дербес төлейтін болады.

Фото: Елена Никитенко

Қандай зарядтау станцияларын орнатуға болады?

Құрылыс нормаларында қуаттылығына байланысты электрзарядтау станцияларының төрт түрі қарастырылған:

1-түр - 240 вольт, 16 ампер; 2-түр - 240 вольт, 32 ампер; 3-түр - 690 вольтқа дейін, үш фазалы айнымалы ток, 63 ампер, айнымалы токпен жылдам зарядтау; 4-түр - 600 вольтқа және 400 амперге дейін, қуаттылығы 240 киловаттқа дейінгі тұрақты токпен жылдам зарядтау.

"Құрылыс нормаларын қолдану және зарядтау станцияларын орналастыру талаптары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құзыретіне жатады", - деп нақтылады ведомство.

Зарядтау станциясын кім орната алады?

Электрзарядтау станциясын монтаждауды тек қажетті біліктілігі мен электр монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсаты бар мамандар ғана орындауы тиіс.

"Бұл жабдықтың электр қауіпсіздігі талаптарына және қолданыстағы техникалық нормаларға сәйкес қосылуы үшін қажет. Дұрыс емес монтаждау электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне, жабдықтың істен шығуына, қысқа тұйықталуға немесе өрт қаупінің туындауына әкеп соғуы мүмкін", - деп атап өтті Энергетика министрлігі.

Орнатылғаннан кейін зарядтау станциясы заңнамада белгіленген қауіпсіздік талаптары мен пайдалану ережелеріне де сәйкес келуі тиіс.

Өз бетімен орнатқаны үшін айыппұлдар бар ма?

Энергетика министрлігі зарядтау станциясын белгіленген тәртіпті сақтамай қосуға болмайтынын ескертті.

Егер ЭЗС электр желілеріне техникалық шарттарды алмай немесе бекітілген қосылу схемасын бұза отырып қосылса, энергия беруші ұйым электр энергиясын беруді тоқтатуға және тұтынылған электр энергиясының құнын қайта есептеуге құқылы.

Ведомство мәліметінше, мұндай жағдайда тұтыну көлемі орнатылған жабдықтың ең жоғары мүмкін болатын қуатына қарай есептеледі, бірақ ол техникалық шарттарда қарастырылған қуаттан аспауы тиіс. Басқаша айтқанда, иесіне төлем электр энергиясының нақты шығыны бойынша емес, қолданыстағы ережелермен айқындалған есептік жүктеме бойынша қосымша есептелуі мүмкін.

Анықтама: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 309-1-бабына сәйкес, электр желілеріне өз бетімен қосылғаны үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, ал жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - 100 АЕК. Сонымен қатар, энергия беруші ұйым электрмен жабдықтауды ажыратуға және тұтынылған электр энергиясы үшін жабдықтың есептік қуаты бойынша төлемді қосымша есептеуге құқылы.

ЭҚС қандай жағдайда тексерілуі мүмкін?

Электр зарядтау станцияларының жұмыс ережелері "Электр энергетикасы туралы" Заңда көрсетілген. Оларды электр желілеріне қолданыстағы ережелер бойынша қосу, заңнамаға сәйкес пайдалану қажет, ал мұндай станциялар тұтынатын электр энергиясы тұрмыстық тұтынуға жатпайды.

Қажет болған жағдайда зарядтау станциясын жоспардан тыс тексеруі мүмкін. Бұл, мысалы, пайдаланушылардың шағымдарынан кейін, бұзушылықтар анықталғанда, апаттар кезінде немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Комитет электрмобильдер санының артуына байланысты зарядтау станцияларына қойылатын талаптар біртіндеп күшейтіледі деп есептейді. Бұл, ең алдымен, электр желілеріне артық жүктеме түсірмеу және нысандардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін жабдықтардың қауіпсіздігі мен оларды орналастыру ережелеріне қатысты болмақ.

ЭҚС үшін қанша орын қажет?

Еске сала кетейік, ТЖМ деректері бойынша, автотұрақтарда электрмобильдер мен қуатталатын гибридті автомобильдерге арналған көлік орындары қарастырылған. Жабық автотұрақтарда мұндай орындар бірінші жерасты немесе жертөле қабатынан төмен болмауы тиіс.

Жабық тұрақтардағы зарядтау станциялары үшін қуаттау орындары бар үй-жайлардың ауданы 1200 шаршы метрден аспауы керек. Үлкен үй-жайларда мұндай көлік орындарының саны оннан аспауы тиіс.

Жерасты паркингінде қуат алып тұрған электрмобиль. Фото: Елена Никитенко

Зарядтау құрылғыларының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтермен белгіленген стандарттарға сәйкес болуы маңызды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 10:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see138

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see135

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see133

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see132

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see132

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see131

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see130

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see130

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see128

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see128

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see128

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see128

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see128

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see127

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see126

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see126

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see126

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see125

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see125

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары