Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Тұрғындардың дауыс беру құқығы қандай?

Тұрғындардың дауыс беру құқығы қандай?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Құрылтай депутаттарын сайлауға қа­тысатын саяси партиялардың сай­лауалды үгіт-насихат жұмыстары шіл­денің 23-і күні басталды. Сай­лауал­­ды науқан 22 тамыз күні түнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады. Бір па­латалы Құрылтай депутаттарын сай­лау жалпыхалықтық референдумнан кейін басталған саяси рефор­ма­лардың қорытынды кезеңі болмақ.

Құрылтайдың алғашқы шақыры­лы­мының құрамын анықтау үшін сай­лауға қатысатын азамат өзінің дауыс беру құқығының қандай еке­нін алдын ала білгені абзал. Ол үшін 18 жасқа толған Қазақстан Респуб­ли­­касының әрбір азаматы сайлаушы­лар тізіміне енгізілгенін тексеріп, сай­лау учаскесінің мекенжайын анық­тап, қалай дауыс беруге болаты­нын білуге тиіс. Сонымен қатар үйде дауыс беру құқығын кімдер пайдалана алатынын және мүгедектігі бар адам­дар үшін сайлау учаскелерінде қандай жағдай жасалғанын білу де маңызды.

Астана қаласының сайлауға дайын­дығы, сайлау комиссиялары­ның жұмысы, сайлаушылар тізімін қа­лыптастыру және дауыс беру тәр­тібі туралы қалалық Астана аумақтық сай­лау комиссиясының төрағасы Бей­сембай Жұмабеков айтып берді. Оның айтуынша, Астана қаласында 520 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

– Астана тұрғындары ең алдымен өз­дерінің сайлаушылар тізіміне ен­гі­зілгенін және қай сайлау уча­с­ке­сін­де дауыс беретінін алдын ала тексеруі қа­жет. Дауыс беру 23 тамыз күні жер­­­­гі­лікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 8-ге дейін өтеді. Өзімен бірге жеке басын куәлан­ды­ра­тын құжаты болуы міндетті. Қазір барлық сайлау учаскелері дауыс беруді ұйымдастыруға толық дайын.  Сай­лау заңнамасына сәйкес, сай­лауға қатысу құқығы 18 жасқа толған қабілеттілігі шектелмеген Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Сайлау жалпы, бірдей, тең жә­не төте сайлау құқығы негізінде жа­сырын дауыс беру арқылы өткі­зі­леді. Азаматтардың сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. 23 тамыз күні сай­лаушы сайлау учаскесіне жеке ба­сын куәландыратын құжатпен келуі керек. Дауыс беру кезінде аза­мат­тың жеке өзі дауыс беруі қамта­ма­­сыз етіледі. Басқа адамның орнына дауыс беруге жол берілмейді. Сон­­­­­­дықтан азаматтар сайлау учаске­сіне бармас бұрын үш нәрсені ұғып алуы керек. Бірінші, сайлаушылар ті­зіміндегі деректерді тексеру, учас­ке­нің орналасқан жерін білу, дауыс беру тәртібімен танысу ұсынылады, – деді Бейсембай Жұмабеков.

Астана аумақтық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы Бейсембай Жұма­бековтің айтуынша, азаматтар ол ақпаратты әртүрлі тәсіл арқылы біле алады. Мысалы, азаматтар ресми веб-қызмет арқылы, telegram чатботы арқылы. iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы ақ­парат алуына болады. Сайлау­шы­лардың тізімі азаматтардың тұр­ғы­лықты жері бойынша қалыптас­тыры­лады.

– Егер азамат тіркелген мекен­жайын­да тұрмайтын болса немесе тұрақ­ты тіркеуі болмаса, ол сайлау заң­намасында белгіленген тәртіппен сай­лаушылар тізіміне енгізу мәсе­ле­сін алдын ала шешуі қажет. Сондай-ақ азамат өзінің нақты тұратын жері бойынша дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін учаскелік сайлау комиссиясына немесе жергілікті атқарушы органға белгіленген тәр­тіп­пен жүгінуі қажет. Азаматтар сай­лау күніне дейін өз деректерінің сай­лаушылар тізімінде бар-жоғын тек­серіп алғаны дұрыс. Бұл – ең бас­ты­сы. Өйткені көп азаматтар сол күні келеді де уақыт алады, – деді ол.

Сайлау туралы заңнамаға сәйкес, дауыс беру күніне он бес күн қалған­да, яғни 2026 жылғы 7 тамыздан бас­тап, учаскелік сайлау комиссиялары азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелердің сайлаушылар тізімін танысу және ондағы мәліметтерді тексеру үшін ұсы­нады. Осы сәттен бастап әрбір сай­лаушы өзінің дербес мәлімет­тері­нің дұрыстығын тексере алады және қажет болған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен оларды нақ­ты­лау немесе тиісті өзгерістер енгізу үшін учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне алады. Дауыс беру күні уа­қыт­ша немесе шектеулі жағдайда болатын азаматтардың сайлау құқық­та­рын қамтамасыз ету мақсатында ар­найы шаралар қарастырылады. Мә­селен, Астанада сайлаушы ден­сау­лығына байланысты немесе басқа да дәлелді себептер бойынша сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын болса, ол үшін де арнайы шара қа­был­данған. Бейсембай Жұмабековтің айтуынша, мұндай жағдайда сайлау­шының өтініші негізінде сайлаушы­ның дауыс беруі оның тұрғылықты жерінде ұйымдастырылады. Сонымен қатар 403 сайлау учаскесінде мүм­кіндігі шектеулі жандар үшін бар­лық жағдай жасалған.

Жалпы айтқанда, Астана қаласы­ның аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың әрбір азамат үшін қол­же­тімді болуына ерекше көңіл бөліп отыр­ғаны байқалады. Алдын ала есеп­теу бойынша, Бейсембай Жұма­беков астана тұрғындарының 1 миллион 14 мың 817-сі дауыс беруге құқығы бар азаматтар ретінде тізімге кіргенін және бұл тізім толықтай сайлау учаскелерінің барлығына берілгенін айтты. Сондай-ақ Астана қаласынан биыл 18 жасқа толған, бірінші рет дауыс беруге құқылы болып отырған азаматтар саны – 10,663. Ал сайлау болатын 23 тамыз күні қала бойынша 58 азамат 18 жас­қа толады екен. Бұлар тізімге енген азаматтар болса, Астанада ресми статистика бойынша жалпы сайлауға қатысуға құқығы бар 100 мыңнан астам жастар бар.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 03:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары