Түркістан облысы Арыс ауданында ирригациялық желіні реконструкциялау жобасы басталды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Түркістан облысының Ордабасы ауданында министр ұзындығы 26,15 шақырым болатын «Найман» каналының реконструкция жұмыстарымен танысты. Бүгінде нысанды бетондау жұмыстары толық аяқталған.
Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше, жоба аясында канал бойында 75 гидротехникалық нысан салу да қарастырылған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 98% орындалды.
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Отырар ауданының аумағында Нұржан Нұржігітов Арыс өзенінен суармалы егіншілікке су беруге арналған «Қызылту» сорғы станциясының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі нысанға орнатылатын үш жаңа сорғы сатып алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Арыс ауданында министр 143,4 шақырым ирригация желісін реконструкциялау жобасы аясындағы жұмыстармен танысты. Бұл жоба 8281,7 гектар суармалы жерді суару суымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Нұржан Нұржігітов мердігер ұйым басшыларымен кездесіп, кәсіпорынның өндірістік базасында болды.
– Былтырғы вегетация кезеңі климат өзгеріп жатқан жағдайда суды дұрыс басқарудың маңызын айқын көрсетті. Жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар қолда бар су ресурстарын, соның ішінде су шығынын азайту арқылы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін құжат әзірлеуден бастап, құрылыс пен нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық жұмысқа толық бақылау қамтамасыз етілуі қажет, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Айта кетейік, министр Түркістан облысының су саласында ротация жүргізуді тапсырды.
Түркістан облысында төрт жаңа су қоймасы салынады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Наурыз 2026 10:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















