Түркістан облысында 19 мың басқа арналған мал биржасы салынуда
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Түркістан облысының Сайрам ауданында мал биржасының құрылысы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жобаны RED GOLD серіктестігі заманауи технологиялық шешімдер мен халықаралық стандарттарды қолдана отырып жүзеге асыруда. Жабдықтар мен материалдардың 30%-ы Аустралиядан жеткізілсе, металл конструкциялардың 70%-ын түркиялық Agro Fine компаниясы қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыру үшін 24 гектар жер учаскесі бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында іргетас қалау жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Құрылысты 2026-2027 жылдары пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жаңа мал биржасы бір мезетте 5 мың басқа дейін ірі қара мал, 4 мың жылқы және 10 мың басқа дейін ұсақ мал қабылдауға есептелген.
Ауыл шаруашылығы жануарларын саудалауға арналған заманауи алаңның құрылуы мал өткізудің ашық әрі жүйелі жүйесін қалыптастырып, өткізу нарықтарының географиясын кеңейтіп, өңірдің экспорттық мүмкіндіктерін арттырады.
Жобаны іске асыру Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытуға және агроөнеркәсіптік кешеннің заманауи инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған кезекті нақты қадам болмақ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 12:06 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















