Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Түркістан облысында суды көп қажет ететін дақылды егу шегі қайта қаралды

Түркістан облысында суды көп қажет ететін дақылды егу шегі қайта қаралды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістанда 2026 жылғы вегетация кезеңіне дайындық мәселелеріне арналған отырыс өткізді. Жиынға су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, су шаруашылығы ұйымдарының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ аймақтың шаруа қожалықтары өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар келесі жылға арналған трансшекаралық судың келу болжамдарын және алдағы суару кезеңінде су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету шараларын талқылады. Шаруаларға су тапшылығы қаупін азайту үшін су үнемдеу технологияларын енгізудің маңыздылығы және ылғалды көп қажет ететін дақылдарды азайту қажет екені айтылды.

«Ашхабадта өткен Орталық Азия елдерінің Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының отырысында келесі жылы су келу көлемінің азаюы туралы болжам жасалды. Тоқтоғұл су қоймасының деңгейі рекордтық төмен көрсеткішке жету қаупі бар. Қазақстанның оңтүстігінде көктемнен бері жауын-шашын болған жоқ. Өкінішке қарай, бұл аймақтың барлық мемлекетінде кездесіп отырған табиғи процесс. Осыған байланысты, су үнемдеу технологияларын белсенді түрде енгізу және ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттерін қайта қарау өзекті болып отыр. Жаңа лимиттер 2026 жылғы вегетация кезеңіндегі күтілетін 10 млрд текше метр су көлемін ескере отырып есептеледі. Сонымен бірге лимиттердің сақталуы қатаң бақылауға алынады. Құқық бұзушылар кейін мемлекеттен мүмкін емес нәрсені талап етпеу үшін барлық жауапкершілікті түсінуі керек», – деді Қанат Бозымбаев. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, Түркістан облысында алдағы вегетация кезеңінде күріш егілетін алқап 3,5 мың гектардан аспауға тиіс.

Вице-премьер Ауыл шаруашылығы мен Су ресурстары және ирригация министрліктеріне, сондай-ақ Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдіктеріне жұмыс тобын құруды тапсырды. Олар екі аптаның ішінде облыстардағы су тұтыну лимиттерін анықтап, егіс алқаптарын лимиттерге сәйкес жоспарлап бекітуі тиіс.

Сонымен қатар Қанат Бозымбаев Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Достық» трансшекаралық каналы бойына күріш егуге тыйым салу ұсынысын қолдады. Күрішті тек «Қызылқұм» каналының бойында 3,5 мың гектар алқапта су үнемдеу технологияларын қолдана отырып өсіруге рұқсат етіледі.

Диқандарға ауыл шаруашылық дақылдарын әртараптандыруға және көп су қажет етпейтін құрғақшылыққа төзімді дақылдарды өсіруге ерекше көңіл бөлу ұсынылды. Бұл ауыл шаруашылық өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шектеулі су ресурстары жағдайында ауылдық жерлердің тұрақты дамуына мүмкіндік береді.

Суды үнемдеу және заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыру мақсатында ұңғымаларды бұрғылау, инфрақұрылым тарту және су үнемдейтін жабдықтар сатып алу шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін көтерілді. Егінге қажетті судың сараланған тарифі енгізілді: су үнемдеу технологияларын қолданатындарға субсидия мөлшері 60%-дан 85%-ке дейін артты, ал қолданбайтындар үшін субсидия жыл сайын 10%-ға азаяды.

2026-2028 жылдарға арналған жалпы трансферттер шеңберінде су үнемдеу технологияларын енгізуді және егінге қажетті су құнын субсидиялауды қолдауға бұрынғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда төрт есе көп қаражат бөлінді.

Бүгінде Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары 82 мың гектар алқапта қолданылып жатыр, оның 18,7 мың гектарында жаңбырлатып суару, 63,3 мың гектарында тамшылатып суару жүйелері пайдаланылады. Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының есептеуінше, су үнемдеу технологияларын қолдану суды 20-30%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бюджеттегі микронесиелер ұсынады. 

2026-2028 жылдары ауылды дамытуға 450 млрд теңге бөлу жоспарда бар, оның 68,7 млрд теңгесі Түркістан облысына ауыл кәсіпкерлігін кеңейту және кооперативтерді дамытуға бағытталған.

Қанат Бозымбаев «Ауыл аманаты» жобасын тек қаржылық қолдау механизмі ретінде емес, ауылды экономикалық жаңғыртудың маңызды құралы ретінде қарастыру керек екенін атап өтті. Келесі жылдан бастап ауылдық инфрақұрылымға қаржыландыру жалпы трансферттер арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясындағы барлық инфрақұрылымдық бастама облыстар мен аудандардың даму бағдарламаларына нақты енгізілуі керек. 2026-2028 жылдарға арналған жергілікті бюджеттерді жоспарлау кезінде әкімдіктерге өңірлік стандарттар жүйесі көрсеткіштерінің төмендеуіне жол бермеу үшін ауылдық инфрақұрылымды қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Желтоқсан 2025 15:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары