Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Түркістан облысында төрт түлікке чип салынады

Түркістан облысында төрт түлікке чип салынады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібековтің айтуынша, жануарларды чиптендіру ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

Сондай-ақ аталған жоба жалған мал басын субсидиялауға жол бермейді және несиеге алынған жануарлардың көрсету фактілері жойылады. Жануарларға егілген вакциналық іс-шараларды сканер арқылы оқып дерекқорға жылдам енгізуге мүмкіндік береді.

– Малды есепке алу мен бірдейлендірудің негізгі құралы – сырғаландыру. Алайда тәжірибе көрсеткендей, сырғалар жиі түсіп қалады немесе механикалық жолмен зақымдалады. Әсіресе мал ұрлығы кезінде сырғаны құлағынан кесіп тастайды. Сонымен қатар Өзбекстан бағытына заңсыз мал өткізу фактілері де жиі кездесіп отыр. Осы мәселелердің алдын алудың ең тиімді жолы – ауыл шаруашылығы жануарларын чиптендіру. Чип бір малға тек бір рет орнатылады және ол үнемі жарамды. Арнайы сканер мен планшет арқылы чип оқылған сәтте мал туралы барлық ақпарат, яғни қандай ветеринариялық іс-шаралар жүргізілгені, вакцинациясы, қан алу деректері және т.б. бірден көрінеді. Бұл жүйе қағазбастылықты толығымен жояды. Қазіргі кезде ветеринарлар актіні бірнеше рет толтырып, аудандық және облыстық деңгейде қайта тапсырады. Ал чиптендіру арқылы барлық ақпарат бірден электронды базаға енгізіліп, аудан, облыс және республика деңгейінде қолжетімді болады. Чиптендіру жұмыстары биыл наурыз айында басталады, – деді ол.

Ветеринария саласындағы келесі жобаның бірі – жануарларға шағылысатын лента тағу. Оның сөзінше, қазіргі таңда 5 мың дана шағылысатын лента сатып алынып, аудан және қала деңгейіндегі жол бойында орналасқан шаруашылықтарға таратылып жатыр.

Бұл жұмыстар нәтижесінде жол-көлік оқиғаларын азайтып, жол бойындағы жануарлардың нақты есебін жүргізу және мал иелерінің жауапкершілігін арттыру көзделген.

– 2025 жылы облыста 25 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 45 адам ауыр жарақаттанды. Аталған жол апаттарының басым бөлігі түнгі уақытта, малдардың қараңғыда күре жол бойында көрінбеуінен болған. Қазіргі таңда Түркістан-Шолаққорған, Түркістан-Қызылорда, Түркістан-Шымкент, сондай-ақ Шымкент-Сарыағаш-Келес, Жетісай-Мақтаарал-Шардара және Арыс бағытындағы ірі автожолдардың бойында 5 мыңға жуық мал анықталды. Мал иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы осы малдардың мойнына шағылысатын лента тағу жоспарланған, – деді ол.

Сонымен қатар 109 бірыңғай байланыс орталығы ветеринария саласында іске қосылып, ауыл тұрғындары ветеринар мамандардың қызметіне жүгіну, бағалау және кері байланыс беру мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі күнге дейін 441 өтінім түскен. Жоба аясында ақылы қызметтерге автоматты төлем жасау үшін QR код орнатылған. 109 бірыңғай байланыс орталығын дамыту және ЖИ жүйесін енгізу бағытында мердігер компаниямен келісімшарт жасалды.

Ветеринария саласы үшін өңірде 2025 жылы жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңгеге 85 дезинфекциялық автокөлік сатып алынса, қосымша бюджеттен 34,4 млн теңгеге төл алу мен өнімділік көрсеткішін арттыру мақсатында 17 УДЗ сканер аппараты жеткізілген.

Биыл республикалық бюджеттен 3,9 млрд теңге бөлініп, облыста 107 ветеринариялық бекет, 6 ветеринариялық станция және 21 мал өлексесін тастайтын орын салу жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын Түркістан облысында жайылымдағы мал жыртқыштарға жем болып жатқанын жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 23:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары