Түркістан облысында жылдың алғашқы үш айында 7700 ден астам азамат көші қон заңын бұзған
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Биыл алғашқы үш айда Түркістан облысында 7 584 шетелдік уақытша тұру құжатын рәсімдеген. Сондай-ақ 166 шетелдікке Қазақстан Республикасының визасы берілген.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған кезеңде өңірде көші-қон заңнамасын бұзған 7 749 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
— Олардың ішінде 1048 шетелдік елде болу тәртібін бұзған. Сонымен қатар 467 қабылдаушы тарап шетелдіктердің болу талаптарын сақтамаған, — делінген ресми мәліметте.
Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану бойынша 102 дерек тіркелді. Сот шешімімен 579 шетелдік ел аумағынан шығарылды.
Бұған дейін Қазақстан көші-қон саясатын жаңартып, елге жоғары білікті мамандар мен инвесторларды тартуға басымдық беріп отырғанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 05:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















