Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Түркістан облысындағы экотуризмді дамыту үшін сегіз жоба бекітілді

Түркістан облысындағы экотуризмді дамыту үшін сегіз жоба бекітілді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әлемде туризм саласы, әсіресе экологиялық саяхат қарқынды дамып жатыр.

Біздің елде экотуризмнің әлеуеті зор. Мәселен, биыл Түркістан облысында экотуризмді дамыту үшін құны 7 млрд теңге болатын 8 жоба бекітілді. Өңірде көрікті жерлер өте көп. 

Бірақ соған қарамастан табиғаты тамаша жерлерге туристерді тарту, ондағы қызмет сапасын жақсарту жағы кемшін түсіп тұр. Саяхаттаушыларға көрсетілетін қызмет бағасын қадағалап жатқан ешкім жоқ. Қауіпсіздік те көңіл көншітпейді.

Төле би ауданындағы «Таусамалы» демалыс аймағына еліміздің түкпір-түкпірінен келушілер көп. Барлығы да тұмса табиғатты тамашалап, таудың таза ауасымен тыныстағысы келеді. Мұнда ең бастысы аспалы жол бар. Сол арқылы таудың басына көтеріліп, серуендеп қайтуға болады. Десе де, саяхаттаушылардың көрсетілетін қызметтің сапасы мен бағасына көңілі толмайды. 

Индира Жүсіпова, Қызылорда қаласының тұрғыны:

- Мен Қызылорда қаласынан келіп тұрмын. Бізде тау болмағаннан кейін бұл жер өте қатты ұнайды. Тамақ жағы дұрыс қарастырылмаған екен. Жаңадан сервистер қосса, ойындар алаңын қосса деп ойлаймын. Сонда туристер көбейер еді. 

Жұмагүл Әбдіқадырова, Түркістан қаласының тұрғыны:

- Дамыту керек нәрселер көп. Балаларға жағдай жасалса, сырғанайтын жерлер. Біз сырғанаймыз, балаларға қауіпті жағдайлар бар. Сол үшін оны да қарастырса дейміз. Табиғат бізге керек, көріністі біз түсінеміз. Ал балаларға жақсы ойнайтын жерлер болса дейміз. 

Ал Төңкеріс ауылындағы сырғанақ алаңы қазір облыс тұрғындары мен қонақтарының ең көп баратын жеріне айналған. Демалыс күндері мұнда екі мыңнан аса адам жиналып, сырғанақ теуіп, атпен серуендейді. Ауыл тұрғындары тамақ пісіріп сатып, шана мен балондарды жалға беріп табыс табады. Бірақ сырғанақ алаңын реттеп, тазалық пен қауіпсіздікті қадағалап жатқан жан жоқ. Біздің көз алдымызда сырғанаймын деп, жарақат алған әйелді жедел жәрдем алып кетті.

Құралбек Қыдырбек, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Әжетханасы жоқ. Жеке адамдар қойған оны әжетхана деп айтуға болмайды. 100 теңгеден дейді. Орта есеппен күніне мың адам кірсе, 100 мың теңге жеке қалтаға кетіп жатыр. Екіншіден, тамақ істеген оның санитарлық талапқа сай емес екені көзге көрініп тұр. Тазалық, тәртіп бұл жерде жоқ. Адамдар сырғанап жатқан жерде квадроциклмен, атпен жүр. Ол деген балалардың қауіпсіздігі қаралмаған. Яғни бұл жерде адам шығыны болуы да мүмкін. Осыны ауыл мен аудан әкімі реттеу керек. 

Асылбай Балтабаев, Қаратау ауылдық округінің әкімі:

- Бұл жердің егесі ЖШС иелігінде, біз оған барып қазір мына жерге әжетхана сал деп иелік те жасай алмай жатырмыз. Кәсіпкерлерге аттың орны мына жақта бөлек, квадроциклдің орны бөлек, осы жерде жүріңдер деп орнын белгілеп қойып беріп жатырмыз. 

Сала мамандары экотуризмді дамытуға инвесторлар керектігін айтады. Туристік нысандарға апарар жол жөнделіп жатқанымен, оны дамытуға қыруар қаржы керек. Сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға инфрақұрылым салуға шектеу көп. Бұл ірі туристік жобаларды жүзеге асыруға кедергі. Ал әзірге бар нысандарда қызмет сапасын жақсарту, бағаларды реттеу мәселесі кәсіпкерлермен бірлесіп шешілмек.

Ботагөз Мәуленова, Түркістан облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы:

- Басқарма тарапынан, әкімдік тарапынан тиісті органдардың өкілдерін қоса отырып, жұмысшы топ құрып, кәсіпкерлерге адам қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, одан кейін жарнамалық роликтерді шығарамыз деген жұмыс бар. 

Айта кетейік, өткен жылы өңірдің табиғатын тамашалауға 174 мыңнан астам адам саяхаттап келген. Бүгінде шетелдік туристерді тарту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Яғни биыл облыста жалпы құны 7 млрд теңге болатын 8 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. 

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 15:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары