Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Экотуризмді дамыту өңір экономикасындағы тың мүмкіндік

Экотуризмді дамыту өңір экономикасындағы тың мүмкіндік

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Аталған жоба Нұрлыбек Нәлібаев өткізген экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне арнал­ған көшпелі кеңесте танысты­рылды. «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи пар­кінде өткен кеңеске 50-ден астам отандық және шетелдік әлеуетті инвестор қатысып, өңірде жүзеге асыру жоспарланған инвес­тициялық жобалар талқылан­ды. Экотуризмді дамыту, табиғи аумақтарды сақтай отырып ту­рис­тік инфрақұрылымды жетіл­діру және инвестиция тарту мә­се­­лелеріне ерекше назар аударылды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысан­баев ұлттық парктердің турис­тік әлеуетін тиімді пайдалану, халықаралық деңгейдегі экоту­ризм нысандарын қалыптас­тыру және тұрақты туризм қағидаттарын енгізу бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Ми­нистрдің айтуынша, бұл баста­малар өңірдің туристік әлеуе­тін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жер­гілікті экономиканы дамытуға және табиғи ресурстарды тиім­ді пайдалануға мүмкіндік бере­ді. Кеңесте Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандарында халықаралық стандарттарға сай туристік апарт-кешендер салу жоспарлары ұсынылды. Мысалы, Түлкібас ауданы аумағында халықаралық талаптарға сай туристік нысандар салу жөніндегі жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Иірсу және Жабағылы ауылдары маңында жалпы көлемі 701 гектарды құрайтын екі ірі рекреациялық аймақ құру жоспарланып отыр. Иірсу рекреациялық аймағының жалпы көлемі – 530 гектар. Оның 318 гектары инвесторлар тарту мақсатында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына берілген. Аталған аумақ қолайлы көлік-логистикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Иірсу ауылы Түлкібас теміржол стансасынан 29 ша­қырым жерде орналасқан және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі ар­қылы қатынауға мүмкіндік бар. Ал Жабағылы рекреациялық аймағының көлемі – 171 гектар. Ол Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығына жақын орналас­қан. Екі рекреациялық аймақтың басты артықшылығы – олардың ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтар желісіне енгізілген Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығына жақын орналасуы. Сондай-ақ көшпелі кеңесте инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары баяндалды. «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында жүзеге асыру жоспарланған бірқатар инвестициялық жоба ұсынылды. Атап айтқанда, Біркөлік шатқалында экология­лық, отбасылық және белсенді туризмді дамытуға арналған демалыс аймағын салу жобасы таныс­тырылды. Қасқасу шатқалында туристік-рекреациялық кешен салу және Сайрамсу шатқалын­да туристік инфрақұрылым қа­лып­тас­тыру жөніндегі бастамалар қаралды. Сондай-ақ Төлеби және Түлкібас аудандарында халықаралық стандарттарға сай туристік апарт-кешендер салу жоспарлары ұсынылды. Жобалар аясында апартаменттер, бутик-қонақүйлер, демалыс аймақтары, қоғамдық кеңістіктер мен сервистік нысандар салу көзделген.

Кеңесте кеңінен танысты­рылған «KASKASU халықаралық тау шаңғысы кластері» жобасы облысты Орталық Азияда­ғы жетекші тау туризмі орталық­тарының біріне айналдыруға бағытталған. «China Construction Sixth Engineering Bureau Corp. LTD» компаниясымен бірле­сіп жүзеге асыру жоспарланып отырған жоба аясында ха­лықаралық стандарттарға сай тау-курорттық инфрақұрылым қалыптастыру көзделген. Яғни жоба шеңберінде туристік ауыл­дар, қонақүйлер, отбасылық демалыс аймақтары, спорт және ойын-сауық нысандары, сондай-ақ заманауи аспалы жолдар салу жоспарланған. Курорттың жыл бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін инфрақұрылым қалып­тас­т­ырылып, өңірдің туристік тартымдылығын арттыру көзде­ліп отыр. Жобаның жалпы инвес­ти­­ция­лық көлемі шамамен – 172 млрд теңге. Бірлескен жоба жүзеге асқан жағдайда Қасқасу Қазақстан­дағы ғана емес, Орталық Азиядағы ең тартымды туристік орталықтардың біріне айналмақ. Жобаның басты ерекшелігі – құрылыс барысында табиғатқа зиян келтірмейтін, толықтай экологиялық таза технологиялар мен табиғи материалдар пайдаланылады. Нысандардың басым бөлігі тас, ағаш және қоршаған ортамен үйлесетін өзге де табиғи материалдардан тұрғызылады. Бұл тәсіл табиғи ландшафтты сақтап қана қоймай, өңірдің ерекше келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Курорт бір­неше функционалды аймаққа бөлінеді. Туристерге ыңғайлы болу үшін заманауи аспалы жолдар салынып, тау шыңдары мен негізгі демалыс нүктелерін байланыстыратын инфрақұрылым қалыптастырылады. Сонымен қатар жыл он екі ай бойы жұмыс істейтін нысандар қарастырылған. Осылайша, Қасқасу тек қысқы спорт түрлерінің орталығы ғана емес, төрт мезгілде де келушілерді өзіне тартатын мега жобаға айналмақ. Жобада табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Соның ішінде көлемі шамамен 3 миллион текше метр болатын су сақтау жүйесін құру жоспарланып отыр. Арнайы инфрақұрылым арқылы қар мен мұз суларын жинақтап, шомылу аймағына айналдыру көзделген. Болашақ курорттың барлық қызметі цифрлық технологиялармен басқарылмақ. Ақылды жасанды интеллект жүйелері туристік ағындарды реттеу, қауіпсіздікті бақылау, энергия тиімділігін арттыру және сервистік қызметтердің сапасын жақсарту үшін пайдаланылады. Сарапшылардың пікірінше, бұл жоба Қазақстандағы ең техноло­гиялық туристік нысандардың біріне айналуы мүмкін. Құрылыс кезеңінде және нысан пайдалануға берілгеннен кейін 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылуға тиіс.

Кеңесте Нұрлыбек Нәлібаев экотуризм табиғатты қорғау мен экономикалық дамуды ұштастыратын маңызды бағыт екенін атап өтті. Оның айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде құрылыс сапасына, экологиялық талаптардың сақталуына және белгіленген мерзімдердің орындалуына ерекше назар аудару қажет. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экотуризм экономиканың басым бағыттарының бірі ретін­де айқындалды. Бұл – табиғи байлығымызды сақтай отырып, оны ел игілігіне тиімді пайдала­ну жолындағы маңызды баста­ма. Сондықтан барлық ұсыныс мұ­қият зерделеніп, нақты есептелген әрі жүзеге асатын жобаларға басымдық берілуге тиіс. Біз бас­тамашыл және жауапты инвес­торларды қолдауға дайынбыз. Ең бастысы – сапалы нәтижеге қол жеткізу және жобаларды уақтылы жүзеге асыру», деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Сондай-ақ Нұрлыбек Нәлібаев инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда инвесторлар жауапкершілігіне ерекше тоқталды. Әрбір жоба нақты міндеттемелер мен белгіленген мерзімдерге сәйкес орындалуы тиіс. Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдай­да жер учаскесі мемлекетке қай­тарылады. «Бізге әдемі эскиздер емес, нақты нәтиже қажет. Сондықтан әрбір жоба бойынша міндеттемелер мен жүзеге асыру мерзімі нақты белгіленуге тиіс. Егер инвестор өз міндеттемелерін орындамаса, жер мемлекетке қайтарылады», деді Н.Нәлібаев.

Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға және инвесторларға экотуризмді дамытуға бағыт­талған жобаларды жедел іске асыру, инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейту, ұлттық парктің халықаралық туристік тартымдылығын арттыру және барлық жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетелік, жұмыс сапары барысында Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге тікұшақ арқылы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағын әуеден шолып, табиғи және туристік әлеуетімен танысты. Табиғи экожүйені сақтау және туристік инфрақұрылымды дамыту бағы­тындағы жұмыстар қаралды.

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 07:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары