Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Түрленген тіл, толыққан түсінік

Түрленген тіл, толыққан түсінік

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгінде жастардың күнделікті сөйлеуінде жиі кездесетін сленг сөздер де – осы өзгерістің бір көрінісі. Интернет, әлеуметтік желі және жаһандық мәдениет әсерінен пайда болған жаңа сөздер жастар арасында тез тарап, тіл қолданысының бір бөлігіне айналды.

Елімізде жастар сленгі қолданыс аясының күшеюі бір күнде қалыптасқан жоқ, ол бірнеше кезеңде дамы­ды. Алғашқы кезең 1990 жыл­дардың соңы мен 2000 жылдар­дың басы еді. Сол кездерде тілі­мізге шет тілінен сөздер ене бастады. Бұл кезде Қазақстанда интернет, компьютерлік технология дами келе, шетелдік фильмдер көптеп жарық көріп, орыс, ағылшын тілінің қолданысы артты. Осы­ған байла­нысты сол уақыт­та «су­пер», «реально», «лажа», «ась­ка» не­ме­се «жесть» сияқты орыс тілінен енген сөздер ауы­з­екі тілде жиі кездесті.Кейінірек, 2010 жылдардан бастап біртін­деп ағылшынша сөздер қолда­нысқа ене бастады. Мысалы, «селфи», «фолловер», «хайп», «вайб» деп кете береді. 

Замандасымыз Айғаным Нұрланның айтуынша, бүгінде жас буын сленгтерді жиі қол­данады әрі мағынасын айтпаса да, түсінеді. 

– Жалпы, жастардың сленг қолдануына қарсы емеспін. Өзім де күнделікті өмірде «кринж», «краш», «инсайт», «месседж», «дедлайн» сияқты сөздерді қол­да­намын. Себебі кейбір сөздер қазіргі кезде бізге қызық әрі ыңғайлы болып көрінеді, кейде ойды қысқа әрі нақты жеткізуге көмектеседі. Әсіресе жастар арасында мұн­дай сөздер бір-бірімізді түсіну­дің, ортақ тіл табысудың бір бөлігіне айналып кетті деп ой­лай­мын, – дейді Айғаным.

Ал ендігі кезекте ағылшын тілінен енген сленгтердің мағы­на­сын қысқаша айта кетейік. «Краш» ағылшын тілінен ауда­рғанда, «ғашық болу» деген­ді білдіреді. Дегенмен түпнұсқа­дағы to crush сөзінің тура мағы­насы «жаншу, езу, қирату» де­­генді білдіреді. Бірақ қазір осы  қол­да­ныстың сленг ретінде мәні өзгерген. Жастар бұл сөзді көбі­не ұнатып жүрген адамының атын атамай, сол жайлы әңгіме айтқан кезде жиі қолда­нады. «Треш» ағылшын тілінен «қо­қыс» деген мағына береді. Бұл бір нәрсенің өте нашар, абсурд, ұят немесе шектен шық­қанын айту үшін қолданылады. «Кринж» – белгілі бір заттан ұялу, ыңғайсыздану немесе «ұят екен» деген сезімді жеткізетін сленг. Мысалы, «Оның видеосы кринж болды» деген сөйлем «Оның видеосын көріп ұялып кеттім» деген мағына береді. Келесі, «дедлайн» сөзін оқуда, жұмыста жиі қолданамыз. Бұл сленгтің тікелей аудармасы «өлім сызығы» болса да, өмірде жұмысты, тапсырманы немесе жобаны аяқтайтын «соңғы мер­зім» деген мағынада айтамыз. 

Сонымен қатар қазір сленг­тердің кейбірі ресми түрде сөз­дік­терге де енген. Мысалы, Окс­форд сөздігіне заманауи мәдениет пен интернеттің әсе­рінен тараған selfie (2013), emoji (2013), troll (интернетте әдейі арандатушы адам, 2010 жыл­дары кең тараған), binge-watch (сериалдарды қатарынан көп көру, 2014), ghosting (адаммен байланысын түсіндірмей тоқта­ту, 2010 жылдары танымал бол­ған) сияқты сөздер енгізілді.

Жалпы, сленгтің қолданысқа енуі әлеуметтік желілер мен поп-мәдениет арқылы жүзеге асады. Мәселен, екінің бірі ай­тып жүрген «вайб», «муд» неме­се «рофл» деген секілді сөздер пан­демия кезінде TikTok желі­сінде алғаш қолданылып, жасөспі­рімдер арасында тез тараған болатын. Кейіпкеріміз осыған байла­нысты пікірін біл­дірді.

– Менің ойымша, сленгтің кең таралуының негізгі себебі­нің бірі –  сапалы қазақша кон­тенттің аздығы. Жастар көбінесе ағылшын немесе орыс тіліндегі блогерлерді көреді, сол арқылы олардың сөйлеу мәнерін қабыл­дайды. Ал қазақ тіліндегі кон­тент бар болған күннің өзінде, өкінішке қарай, кейде үлкен аудиторияға жететін сапалы әрі мағыналы дүниелер аз кездеседі деп ойлаймын.

Жақында филолог, блогер Арын Құнан­байұлының әлеу­меттік парақшасына жазылдым. Ол өз контен­тінде ағылшын сленгтерінің қазақша баламасын түсінді­ріп, жастарға қызықты форматта жеткізеді. Осындай пайдалы әрі сапалы контент көбейсе, бәлкім біз де шетелдік сленгтердің орнына  ана тілі­мізде бар сөздерді көбірек қол­да­нар едік. Бірақ бұл жауап­кер­шілікті тек контент жасау­шыларға ғана жүктемеу керек. Өзіміз де жаңа сөздерді қолда­нып, оларды күн­делікті тілімізге енгізуге тыры­суымыз қажет. Тек ортақ әрекет арқылы ғана бұл мәселенің ше­ші­мін таба аламыз, – дейді Айғаным Нұрлан.

Кейіпкеріміз айтып өткен­дей, ағылшын сленгтеріне қа­зақ­­ша мағына беріп және қа­зақ­ша сленгтерді әлеуметтік желі­­лерде көпке танытатын saya­shine_edu, qazaqgrammar сияқты контент-креаторлар бар. Олар көбіне қазақ тіліндегі жаңа сөз­дер мен тіркестерді түсін­діріп, оның кең таралуына ықпал етеді. Осындай контент­тердің арқа­сында жастар ара­сында қазақша жаңа қолдан­ыстар да қалып­та­сып келеді. Мысалы, «масқара», «шайқас», «от болып тұр» сияқ­ты сөздер бастапқы мағына­сынан бөлек, эмоцияны күш­ейту мақсатында қолда­нылады. «Масқара дайын­дық болып жатыр» дегенде, бұл жа­ман жағдайды емес, кері­сінше, өте қызу, белсенді дайын­дықты білдіреді. Ал «шайқас би болып жатыр» деп жан-тәнімен билеу жайлы айтамыз. «Мына ән от бол­ып тұр» немесе «оның обра­зы от екен» деп жастар әдетте қандай да бір затқа, құбылысқа жоғары  баға беріп жатады.

Сонымен қатар сленг сөз­дер­дің мағынасын тек жағымды немесе жағымсыз құбылыс ре­тінде бағалау дұрыс емес. Оның қолдану мақсаты, контексті және қоғамдағы орны үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты филолог маман Сая Тілекқызы бұл мәселе туралы пікір білдірді.

– Сленгтерге біржақты жақсы немесе жаман құбылыс деп қа­рауға болмайды. Тіл үнемі өзгеріп, қоғамдағы жаңа құбы­лыстарға бейімделіп отырады. Жастардың «дедлайн», «тренд», «инсайт» сияқты сөздерді қол­да­нуы да қазіргі ақпараттық орта мен әлеуметтік желілердің әсерінен пайда болған тілдік өзгерістердің бірі деп ойлаймын.

Алайда кез келген сөздің өз орны бар. Күнделікті қарым-қатынаста мұндай қолданыстар қалыпты болғанымен, ресми не­месе ғылыми ортада әдеби тіл нормасын сақтау керек. Кейбір жаңа сөздер уақыт өте келе қолданыстан шығып қалуы мүм­кін, ал кейбірі тілде тұрақ­тап, жаңа мағынаға ие болады. Сон­дықтан сленгтерді тек тілдің бұ­зы­луы деп емес, тілдің дамуы­ның бір бөлігі ретінде қарастыр­ған дұрыс, – дейді Сая Тілекқызы.

Маманның пікірінен бай­қағанымыз, сленгті тек тілдің бұзылуы немесе жастардың дұ­рыс сөйлемеуінің белгісі деп қа­былдау – тек біржақты көз­қарас. Себебі тіл үнемі қоғаммен бірге өзгеріп, жаңа кезеңнің ерек­шеліктерін танытады.Бү­гін­де жастар қолданып жүр­ген көптеген сөз интернет, әлеу­мет­тік желі және мәдени ықпал әсері­нен пайда болғанымен, олар­­дың әрқай­сы­сының өз қолданыс аясы бар. Сондықтан сленгті қолдану кезінде жағдай мен ортаға мән беру маңызды. Түйіндесек, жастар сленгі – қазіргі тіл дамуының бір бөлігі, ал оның болашағы қай сөздердің қоғамға қаншалықты сіңіп, тұрақты қолданысқа енуіне байла­нысты.

Нұрай ТІЛЕК,

ЕҰУ-дың 2-курс студенті 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 06:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see174

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see166

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see165

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see162

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see161

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see157

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see150

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see149

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see148

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see143

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see142

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see141

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see140

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see140

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see139

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see135

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see129

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see126

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see126

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары