Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Мамандық таңдау машақаты

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

Жастар ісін жүйелеген кезең

Тұрсынбектің төрінде қонақ болып, Мөлдірдің шәйін ішуші едік... : Мұхамеджан Тазабек елімізде ажырасу көбейгеніне алаңдайды

Тұрсынбектің төрінде қонақ болып, Мөлдірдің шәйін ішуші едік... : Мұхамеджан Тазабек елімізде ажырасу көбейгеніне алаңдайды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Айтыскер ақын әрі қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова туралы жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Тұрсынбектің төрінде талай қонақ боп, Мөлдірдің қолынан ыстық шәй ішуші едік…

Бұл күндер де көзден бұлбұл ұшқаны ма?!

Бір әйел жыласа аспанды бұлт торлағандай, бір еркектің еңсесі түссе егінді өрт шалғандай күйге түсеміз. Соңғы жылдары, мыңдаған отбасылардың мұңы мен сырына куә боп жүріп түсінгенім; екі тұлғаны тұтас тыңдамай, ішкі жағдайға етене араласпай, ол отбасында орын алған жағдайдың салдарын есептемей - ештеңе айтпау, бірдеңе деуге асықпау…

Екі жас екі жаққа кетіп, екеуі екі адаммен тағдыр қосып, жылдар өте келе қайта қосылғанды да көрдік….

“Әйелді былай ұстау керек қой” деп, сырттай күпініп, жылдар өте өз жарына жарты сөзін өткізе алмағанды да көрдік. “Күйеуім бір жүрген сорлы, білгенімді істеймін, айтқанымды орындатамын” деп, абыройын жұрт алдында ұлтарақ қылған жеңгейдің жер ортасына келгенде “сорлы” күйеуінің жуас бір вахтер әйелдің қолына кіріп алғанын да көрдік. “Ей, бұл, өйтпеу керек еді ғой” деп, бетті жеңгейдің сасқаннан үш күн шаңыраққа қарап, тесіліп жатқанына да куә болдық…

Ақ көңіл жуас әйелін басынып, күндіз-түн білгенін жасап, сырттағы серілігі сарқылғанда қолдан қартайтқан бәйбішесінің есігінен сығалап, ортаға кісі салып, баяғы күнінің сынық сәтін қайтара алмай жүрген көкелерімізді де көрдік.

Қасында болдық, басу айттық, аядық…

Өмір ғой…

Не болмай жатыр?!

“Әртістер-ай, сендердің өмірлерің кімге керек?”

“Неге сырларыңды сыртқа шашасыңдар, тыныш жүре бермейсіңдер ме?”

“Тұрсынбек-ау, нең бар еді құтырып, абыройың шашылды ғой…” дегендей не деген пікірлер легін төгіп жатырмыз…

Әртіс болса да, танымал болса да осы қоғамның мүшелері ғой. Бұл құбылыстар өмірдің шындығы, қоғамның жасыра алмайтын сипаттары. Бұл кісілер танымал болғасын сыртқа шығып кетіп жатыр. Жазғыштарға да, блогерлерге де қызық тақырып, жұрт назарын аудартар сұхбат дегендей…

Бірақ, қаншама қарапайым отбасында шегіне жетіп, шебінен өтіп тұрған проблема да осы ғой. Түк болмағандай түр жасап, өзі шешіліп кететіндей көз жұмып жүрген шерлі жан қанша ма?!

Әлемдік лидерлер де, президенттер де, ақылмандар да шырылдап жатыр. “Ойбай, адамзат күрделі кезеңге кірді. Шешілу күн сайын қиындап барады. Дипломатия дамымаса, соғыстың ұшқыны лыпылдап тұр. Технология алға қарыштап кетті, адамның табиғи сапасын сақтауы күн сайындап қиындап барады” деп дабыл қағуда…

Сол “күрделі кезеңнің”, “жаңа проблемалардың” алғашқы құрбандары - дәстүрлі қоғамдағы отбасы құндылығы боп тұрғаны өкінішті…

Ажырасу ғарыштық жылдамдықпен жүзеге асуда. Ажырасу ниетінде жүргендер одан да көп. Үйленуді ұмытқан, тұрмысқа шығуды қарастырмайтын жастардың қалың нөпірі өсіп келе жатыр…

Қоғам қожырап тұр. Сапаның түскені сондай - педофил педагог, маняк әкелер пайда болды. Туысқа қарыз бермейтін, досқа сыр айтпайтын суық, секемшіл, “сен тимесең мен тиме” болып барамыз. Бабалар сауап алған істен біз стресс аламыз. Бабалар “мал құлағы саңырау” деп қашқан тақырыптардан біз сериал түсіріп, ақша жасаймыз.

Бізге қазір сүрінгенді әжуалап, ақылмансып біреудің үстінен үкім айтатын емес, шын мағынасында шырылдап, шаңырағыңның астында өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің тағдырына алаңдайтын уақыт кеп тұр.

“Қыздарымның бағы ашылмады” деген депутаттың”, “ұлым туралы айтуға ұяламын” деген академиктің сұхбаттары бізді толғандыру керек…

Ең құрығында біреуді табалап, сол арқылы басымызға бәле шақырып алмайықшы…

“Әйел қырық шырақты!”

Мөлдірге хайырлы тағдыр тілейміз.

Бұл күндер де өтер. Уайымды ұмыттырар қуаныш сыйласын, Жаратқан!

Тұрсынбек те түсінер. Еркек қой, есін жиып, туын түзетіп, қолын түсірмей аманаттарын арқалауға Алла күш қуат берсін!

Қиып жіберетін қызымыз, қуып жіберетін ұлымыз көп емес. Аз ғана халықпыз…

Алла сақтасын!

Тыныш кезде тыртыңдау, тоқ кезде тобасыз сөйлеу оңай. Құдай басқа салмасын!», - деп жазды ол.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 17:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see168

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see167

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see154

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see153

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see149

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see139

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see133

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see125

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see122

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see121

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see114

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see113

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see111

Мамандық таңдау машақаты

22 Қыркүйек 2026 04:46see101

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see89

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see89

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

22 Қыркүйек 2026 04:09see88

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88

Жастар ісін жүйелеген кезең

22 Қыркүйек 2026 04:07see77
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары