Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Ұлт тамырындағы таңба

Ұлт тамырындағы таңба

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Тарихты білу қажет

Ғалым ЖҮСІПБЕК,
зерттеуші:

Бұл – тарихымыздағы өте ма­ңыз­ды әрі қасіретті дата. Өкініш­ке қарай ашаршылық пен жап­пай қуғын-сүргін секілді ауыр нәубет­ті қоғам деңгейінде талдау, ашық талқылау, зерттеу өте баяу жүріп жатыр. Көбіне ғылыми ортада ғана айтылады, ал кең ауқымда, тұтас халық болып бұған әлі баға берілген жоқ.

Ашаршылық пен репрессия ұр­пақтар арасындағы сабақтас­тықты үзіп жіберді. Соның салдарынан рухани, мәдени, адами құн­дылықтар әлсіреді. Ел мүддесін ойлайтын қайраткерлерден айырылып қалдық. Нағыз зиялылар – тек мә­дениетті дамытып, қоғамды алға сүйреп қана қоймайды, олар ізгі, адами қарым-қатынасты орнық­тыратын алып күш.

Жалпы, қазақ халқы көп қасі­ретті бастан кешірді, оның ішін­де ашаршылықтан басқа, ядролық полигон зардабы да бар. Осы мәсе­лелерді ашық талқыламасақ, олардың салдарынан толық арыла алмаймыз.
Ашаршылық кезінде қазақтар­дың аман қалуының ең үлкен бір себебі – адамдардың бір-біріне сүйенуі, ағайынның ағайынға көмектесуі. Кеңес кезеңінде де қиын­дықты өзара қолдаудың арқа­сында еңсерді. Осындай дүние­лер­ді тереңінен зерттеп, тарихи жадымыздың бір бөлігіне айналдыру қажет. Өйткені өткенді зерттеу тарих үшін ғана емес, болашақ мемлекеттілігіміз, ұрпағымыз үшін қажет.

Нәубеттің санадағы зардабы

Жалын ТІЛЕУБЕРГЕН,
актер:

Біз, негізі, сол бір зұлмат жылдардан кейінгі үшінші буынбыз. Бұл – тарих үшін қасқағым сәт. Менің әжем – ашаршылықты көр­ген адам. Ол кісінің бойындағы қор­қы­­ныштан туған сақтығы, жоқ­шылықтан туған үнемшілдігі әкеме сіңді. Ал біз – бойында сондай тәрбиесі бар буынның ұрпағымыз. Санамызда кей дүниелер терең сақталып қалған. Мысалы, нан­ның қиқымын жерге тастамау, асты ысырап қылмау.

Бұл – аштықтан аман қалған халықтың психологиясы. «Біреудің көзін қызықтырма», «тамағыңды көрсетпе» деген сөздердің түбінде де жоқшылық көрген буынның жан жарасы жатыр. Өйткені олар бір үзім нанға зар болған уақытты бастан өткерді. Біздің ата-анамыз да сол тәрбиемен өсті. Сондықтан олар – бар нәрсені жария қылмауға, қуанышты да сабырмен қабылдауға үйренген буын.

Мәселен, осыдан 5–10 жыл бұ­рын шетелге шығу деген үлкен уақиға еді. Біреу Таиландқа барып келсе, ауыл тұрмақ аудан болып айтып жүретін жаңалық болды. Ал қазір заман өзгерді. Халықтың жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Соның әсерінен адамдар енді өмір сапасы мен ішкі құндылықтарға көбірек мән бере бастады. Жан дүниесіне үңіліп, кім екенін, не қалайтынын түсіну­ге ұмтылды. Қоғамда жиі айтылатын «өз-өзіңді табу», «эмоциялық күй», «жеке шекара» ұғымдарының алдыңғы қатарға шығуы да содан.

Дәл осы тұста буындар қақты­ғы­сы пайда болды. Өйткені ескі буынның санасында әлі де сақ­тық басым. Олар «көрсетпе», «мақтанба», «біреудің көңіліне тимесін» деп ойлайды. Біз «тәтті жеп отырсаң бөліс немесе көрсет­пе, басқа баланың көңіліне тиеді», «Балаңды экранға шығарма, оның ар жағында соны аңсап отырған қаншама ана бар» деген секілді сөздерді естумен өстік. Ал қазір көпшілігі «Бұл – менің өмірім, менде бар нәрсені неге көрсетпеуім керек?» дейді. Олар оны еркіндік ретінде қабылдайды.

Меніңше, олар бұрынғы буын­ның сақтығы мен ішкі шек­теуле­рін түсіне бермейді. Өйткені өзде­рі ашаршылық пен жоқшылық­тың салмағын сезінген ұрпақтың тәрбиесін көріп өспеген. Шын мәнінде, бұл жерде мақсат – анау дұрыс, мынау бұрыс деп көрсету емес, тек әр буынның қалыптасқан ортасы бөлек екенін еске салу. Сол себепті олардың өмірге көзқарасы да басқа.

Бес қазақтың аманаты

Бақытжан БҰҚАРБАЙ,
баспагер:

Өткен ғасырдағы ашаршылық ұлттың сүйегіне түскен таңба. Сол нәубет болмағанда, бүгінде қазақ­тың саны 60 миллионға жуық­тар еді... Мұны кезінде белгілі демограф Мақаш Тәтімов айтқан. Де­мек қазір он екі миллион қазақ­тың әрқайсысы бес қазақтың арманын арқалап жүр. Яғни қазіргі әрбір тірі қазақ – тек өзінің ғана емес, сол заманда өмірі қиылған талай жанның аманаты. Тереңі­нен қарасаң, бұл сөздің салма­ғы зор. Өйткені біз – тағдырдың сүз­гісінен өткен халықпыз. Бүгінгі бар болмысымыздың артында орны толмас қасірет, үнсіз кеткен мил­лиондардың көз жасы тұр. Бұл ойға жетелеген – академик Оразақ Смағұлов.

Бізге енді бес адамның өмірін сүру міндет емес, бірақ бес адам­ның үмітін ақтайтындай ғұмыр ке­шу жауапкершілігі жүктелген­дей. Сондықтан әр қазақ бес қазақ­тай бақытты болуға, бес қазақтай ізденуге, бес қазақтай еңбек ету­ге, бес адамға лайық жауапкерші­лік алуға ұмтылуы керек. Мұның астарында даңғазалық емес, жаңағы жауапкершілікті сезініп, өткеннің қасіретін тек жоқтап қоймай, оны қуатқа айналдыра білу деген тәмсіл жатыр. Барынша ұлттың ертеңі үшін әрекет ету.

P.S. Ашаршылық пен қуғын-сүргін – қазақтың тарихындағы ғана емес, санасындағы ең ауыр жаралардың бірі. Оның ізі бүгінгі қоғамның мінезінен, қорқынышынан, үнсіздігінен, тіпті өзара қарым-қатынасынан байқалады. Біз ол қасіретті көрмедік. Бірақ сол буынның жоғалтқан дүниесінің салмағын арқалап келе жатқан ұрпақпыз.

Дайындаған – Зейін ЕРҒАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 10:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see127

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары