Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Ұлын құтқарды әкесі Президентке хат жазды: Тоқаев айтқан бүлдіршіннің тарихы

Ұлын құтқарды әкесі Президентке хат жазды: Тоқаев айтқан бүлдіршіннің тарихы

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Төртінші қабаттан құлап, комаға түскен және өте көп қан жоғалтқан төрт жасар баланы құтқару оқиғасы қазақстандық дәрігерлер кәсібилігінің бір үлгісіне айналды. Бұл туралы медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын. Tengrinews.kz тілшісі Президентке хат жолдаған баланың әкесімен және баланы аман алып қалуға қатысқан дәрігерлермен тілдесті.

Қайғылы оқиға биыл сәуірде болды. Астаналық отбасы демалыс күндері Қарағандыға туыстарына қонаққа барған. Бір кезде олардың кішкентай ұлы қараусыз қалып, төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.

Жедел жәрдем баланы аз уақытта Көпбейінді облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізді. Қабылдау бөліміндегі дәрігерлерге ойлануға уақыт жоқ екені бірден белгілі болды.

"Бала өте ауыр жағдайда түсті. Биіктен құлау жарақаты, политравма, басы мен құрсақ қуысы мүшелерінің зақымдануы. Ол комада болды. Тексеру кезінде бауырдың көптеген жыртылуы, ішкі қан кету, қолдың сынуы, мидың шайқалуы және басқа да жарақаттар анықталды", — деп еске алады Қарағанды ауруханасының қазіргі басшысы Жанат Елубаев.

Алғашқы отаға жедел хирургия бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Бердібеков пен хирург Амангелді Нәжмединов қатысты. Басты қауіп қанның тез жоғалуы болды.

"Ересек адам үшін бір литр қан үлкен қауіп. Ал төрт жасар бала үшін бұл төтенше көрсеткіш. Аз уақыт ішінде ол рұқсат етілген көлемнің барлығын дерлік жоғалтты. Егер біз оны тексеруден кейін бірден ота үстеліне жатқызбағанда, салдары орны толмас болар еді", - дейді Бейбіт Бердібеков.

Ота екі сағаттан астам уақытқа созылды. Хирургтар қан кетуді тоқтатып, баланың жағдайын тұрақтандыра алды. Бірақ қауіп әлі сейілген жоқ еді.

Алдыда кішкентай пациенттің өмірі үшін күреске толы күндер күтіп тұрды. Кейін балаға тағы бір күрделі хирургиялық араласу қажет болды, оны қарағандылық дәрігерлер Жанат Елубаев пен Ехлас Ақмолдаев жасады.

Отадан кейін бала ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде жатты. Оның жағдайын анестезиолог-реаниматологтар, травматологтар, медбикелер мен кіші қызметкерлер тәулік бойы бақылап отырды. Тек бірнеше аптадан кейін бала хирургия бөліміне ауыстырылды.

"Мұндай жағдайларда бір ғана кейіпкерді бөліп көрсету мүмкін емес. Иә, хирургтар ота жасайды, бірақ одан кейін науқасты күтіп-баптаудың кем түспейтін күрделі кезеңі басталады. Бұл тәулік бойы баланың қасында болған ондаған адамның еңбегі", - дейді дәрігер Жанат Елубаев.

Фото Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерінен алынды

Бүгінде бала үйіне шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр асқынулардың алды алынған.

Баланың әкесі сол күнді еске алу отбасы үшін әлі де ауыр екенін айтады.

"Біз нағыз шок алдық. Бірақ алғашқы минуттан бастап дәрігерлердің ұлымыз үшін қалай күрескенін көрдік. Біз оларға толық сендік және бұған еш өкінген жоқпыз. Осы жандардың арқасында баламыз тірі", - деді Tengrinews.kz тілшісімен сұхбат кезінде баланың әкесі.

Ауруханадан шыққан соң бала оңалту курсынан өтті, ал отбасы Президент Әкімшілігіне хат жолдады. Онда ата-ана баланы құтқаруға қатысқан барлық маманға: сол кезде бала жеткізілген аурухананы басқарған Арғын Бидайбаевқа, хирургтар Бейбіт Бердібековке, Амангелді Нәжмединовке, Жанат Елубаев пен Ехлас Ақмолдаевқа, жансақтау бөлімінің меңгерушісі Елизавета Калимбахқа, сондай-ақ Қарағанды облыстық көпбейінді балалар клиникалық ауруханасының барлық ұжымына алғыс білдірді.

"Ұлымызға көмектескен әрбір жанға - дәрігерлерге, реаниматологтарға, травматологтарға, медбикелер мен санитарларға алғысымыз шексіз. Барлығы оған өз баласындай қарады. Дәл осы кісілердің кәсібилігі мен адамгершілігі арқасында ол бүгін біздің қасымызда", - дейді баланың ата-анасы.

Бұл ретте дәрігерлердің өздері бұл оқиғаны ерекше деп санамайды. Олардың айтуынша, күн жылына бастағанда ауруханаға терезеден құлаған балалар түсе бастайды. Мамандардың жыл сайынғы ескертуі мен алдын алу науқандарына қарамастан, мәселе әлі де өзекті болып отыр.

"Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар азаймай тұр. Кейде қайғылы оқиға болу үшін бірнеше секунд та жеткілікті. Сондықтан біз ата-аналарды терезелерге бұғаттағыштар орнатуға және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға үнемі шақырамыз", - дейді хирургтар.

Марапаттар туралы айта келе, дәрігерлер науқастарды құтқару әрқашан ұжымдық еңбек нәтижесі екенін баса айтады.

"Медицинада екінші дәрежелі мамандықтар болмайды. Егер біреуді ерекше атап өтер болсақ, онда бүкіл команданы - хирургтарды, реаниматологтарды, медбикелер мен санитарларды ұмытпауымыз керек. Әрқайсысы өз жұмысын атқарып, адам өмірін арашалауға үлес қосады. Лауазымына қарамастан, барлық медицина қызметкері құрметке, тиісті еңбекақыға және өз еңбегінің жоғары бағалануына лайық", - дейді баланы аман алып қалған қарағандылық дәрігерлер.

Президент Қарағанды облысынан төрт жасар баланың әкесі жолдаған хат туралы айтып берді

Еске сала кетейік, Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарағандылық төрт жасар баланы құтқару оқиғасын айрықша атап өткен болатын. Онда облыстық аурухана дәрігерлерінің жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен төрт жасар баланы аман алып қалғаны туралы айтылған.

"Кәсіби шеберліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген адамдардың қажырлы еңбегі лайықты бағалануға тиіс. Мемлекет осындай отаншыл, адал азаматтарға әрдайым қолдау көрсетеді", - деді кеше Мемлекет басшысы.

Президент осы салада жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген барлық маманға шынайы ризашылығын білдірді.

“Ең қадірлі мамандық иесі“: Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 20:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары