Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Көп сене бермеңіз : саясаткер Әміржан Қосанов Президентке ашық хат жазды

Көп сене бермеңіз : саясаткер Әміржан Қосанов Президентке ашық хат жазды

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Белгілі саясаткер әрі журналист, Қазақстандағы президент сайлауына түсіп, үміткер болған Әміржан Қосанов Мемлекет басшысына ашық хат жазды және оны Facebook әлеуметтік желісінде жариялады деп, хабарлайды arasha.kz.

Төменде ашық хаттың мәтінін толық салып отырмыз.

МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТЫМ
Құрметті президент мырза!
2019 жылы Сізбен сайлауға түсіп, ресми түрде екінші орын (бұрын-соңды боп көрмеген 16,2 процент) иеленген азамат ретінде Сізге бес мәселе бойынша ашық хат жазуға қақым бар деп ойлаймын.
Оңаша кездескенде айтайын десем, не мен Сізбен кездесуге сұранбаймын (өз қырсықтығым бар және де «шақырмаған жерге барма» дейді атам қазақ), не Сіз маған хабарласпайсыз.
Бірақ, уақыт зымырап өтіп бара жатыр, Сіз бен біз билікке таласқан кезден, міне, алты жылдан асып кетіпті. Ел мүддесі болса, кезек күттірмейді.
Азамат және саясаткер ретінде Сіздің ескі Қазақстаннан Жаңа, Әділетті Қазақстан форматына көшу туралы барлық бастамаларыңызды қолдаймын. Отыз жыл жеке адам режиміне бас иген жүйе тұсында запа шеккен азамат ретінде Сіздің мемлекеттің ашықтығы, ұлттық мүдделерді қорғау жайындағы идеяларыңыз дұрыс деп санаймын. Назарбаев тұсында айтылмаған жайттарды айтып жатырсыз. Дұрыс!
Сонымен бірге, өзіңіз жария еткен (және оған баршамыз сеніп қалған) «Алуан түрлі пікір – біртұтас ұлт» қағидатына сай мына бір ойларды Сізге жеткізсем деп едім.
Біріншіден, өзіңізге келіп, таң-тамаша баяндама жасап жатқан министрлер мен әкімдерге көп сене бермеңіз. Олардың бәрін жамандай алмаймын, арасында шынымен де іскер, таза азаматтар бар. Бірақ жалпы жағдай онша емес. Ол өз алдына бөлек үлкен әңгіме.
Екіншіден, соңғы кезде қаржылық ахуал мүшкіл деген сылтаумен қазіргі аса қиын да күрделі геосаяси жағдай тұсында ішкі саясат, рухани салаға жұмсалуы тиіс қаржы қысқарып жатыр: өз идеологиясын қаржыландырмаған мемлекет басқа елдің идеологиясының құрбаны боп кетеді емес пе?
Үшінші мәселенің азаматтық қоғамға қатысы бар. Билікке сын айтқанның бәрі бүлікшіл емес, террорист емес. Сын түзелмей, мін түзелмейді емес пе: азат ойлы азаматтар ойындағысын айтсын, ол үшін қудаланбасын.
Төртінші жайт Сіздің айналаңызға қатысты. Соңғы кезде ол жақ біржақты кланданып, касталанып барады. Байқасам, Сіздің орныңызға талас басталып кеткен сияқты. Оны өзіңіз де көріп-біліп жатқан боларсыз. Алайда, Украинаның Қырымнан Майдан кезінде айрылып қалғанын білесіз, сондай жайт болмасын деп, 2019 жылы мен де жұртты көшеге шақырмадым, сол үшін әлі таяқ жеп келемін. Айналаңызға қарасам, бір-бірін түтіп, жеп қоятындай сарышаяндар. Ертең олар бас билік үшін таласып, бас жаққа барысса, ел амандығы мен жер тұтастығы не болмақ?!
Бесінші мәселенің электораттық сипаты бар.
Соңғы кезде Назарбаев тұсында салтанат құрған трайбализм, рушылдық, жершілдік секілді біртұтас қазақ ұлтына зиян келтіретін кадрлық кеселдер ушығып бара жатқан секілді. Кадр саясатын тым «дипломаттандырып» жібердіңіз, мықты елші мықты әкім болады деп кім айтты?
Мен айтпасам, кім айтады: бүгінде Сіздің қолыңызда барлық құқықтық механизм мен мүмкіндік бар. Өзіңіз сайлауға түспеймін деген алдағы 2029 жылғы науқанға өркениетті, қазақтың біртұтастығын қамтамасыз ететін, сайлау мейлінше жалпыұлттық тұрғыда легитимді болатындай жағдай жасаңыз.

Әміржан Қосановтың Facebook әлеуметтік желісінен алынған сурет. 
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 13:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары