Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үнзила Шапақ: Әйелдердің үні Конституциялық комиссия жұмысында толыққанды естіледі

Үнзила Шапақ: Әйелдердің үні Конституциялық комиссия жұмысында толыққанды естіледі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына әйел азаматтардыңкөзқарасы: құқық, теңдік, қатысу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының белсенділері және партияның өңірлердегі Әйелдер қанатының мүшелері қатысты.

«AMANAT» партиясының Хатшысы, Әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Каринова модераторлық еткен дөңгелек үстелде жаңа Конституция жобасының әйелдер үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

Оның айтуынша, бұл құжат әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы, кәсіби дамуы мен саяси белсенділігіне тікелей ықпал етеді.

​«Жаңа Конституция тек заңгерлерге немесе саясаткерлерге арналған құжат емес. Бұл – әр азаматтың, әр қазақстандықтың, әсіресе әр әйелдің күнделікті өміріне тікелей әсер ететін негізгі қоғамдық келісім. Конституция азаматтардың білім алуға, еңбек етуге, басқаруға, шешім қабылдауға және денсаулық сақтау жүйесіне қатысуына тең мүмкіндік береді. Біз Конституция жобасын әйелдік тәжірибе, жауапкершілік және азаматтық ұстаным тұрғысынан қарастырамыз. Себебі әйелдердің қатысуынсыз әділетті қоғам құру мүмкін емес, ал әділетті қоғам Конституциядан басталады», деді Шолпан Каринова.

Талқылау барысында Конституция жобасында тең мүмкіндіктер қағидаттары бекітіліп, азаматтық қатысу тетіктері күшейтілгені, отбасын, ананы және баланы қорғау көзделгені, сондай-ақ цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне, оның ішінде дербес деректерді қорғау мен жеке өмірге қолсұқпаушылық мәселелеріне жауап беретін нормалар қамтылғаны айтылды.

Парламент Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Үнзила Шапақ жаңа Конституция жобасының құрылымы мен негізгі жаңашылдықтарына жан-жақты тоқталып, преамбуланың жаңартылуын, мемлекет қызметінің іргелі қағидаттарының бекітілуін, сондай-ақ құжаттың халықаралық стандарттарға сәйкестігін атап өтті. Сонымен қатар конституциялық процестің ашық әрі инклюзивті сипатына және Конституциялық комиссия жұмысына әйелдердің белсенді қатысуына ерекше назар аударды.

«Конституциялық комиссияның жұмысында әйелдердің үні толыққанды әрі мазмұнды естіліп жатыр. Оның құрамында «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатынан үш өкіл жұмыс істеп, нақты әрі салмақты ұсыныстар енгізіп отыр. Конституция жобасында неке әйел мен ер адамның ерікті әрі тең құқылы одағы ретінде айқындалған, оның негізінде тараптардың еркіндігі мен теңдігі жатыр. Конституцияның әрбір нормасы бүкіл заңнама жүйесіне тигізетін ықпалын ескере отырып қарастырылуда», деді Үнзила Шапақ.

Парламент Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Вера Ким жаңа Конституция жобасы бойынша жұмыс бірнеше ай бойы жүргізіліп жатқанын және кең қоғамдық талқылауға негізделгенін атап өтті. Ол қоғамдық қатысудың жаңа институттарын қалыптастыруға және мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалог моделіне көшуге ерекше мән берді.

Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі

«Жаңа Конституция жобасы жабық форматта емес, қоғаммен ашық диалог негізінде әзірленеді. Осы уақыт ішінде шамамен төрт мыңға жуық ұсыныс келіп түсті және оларды талқылау жалғасып жатыр. Жобада жаңа конституциялық институт – Халық кеңесі енгізіледі. Ол қоғамның стратегиялық шешімдерді талқылауға қатысуының жалпыұлттық арнасына айналады. Бұл –мемлекет пен қоғам бірлесіп ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын жаңа модельге көшу», деді Вера Ким.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева өз сөзінде цифрландыру жағдайындағы адам құқықтары мен конституциялық кепілдіктер мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасында алғаш рет цифрлық технологияларды пайдалана отырып, дербес деректерді қорғау және хат алмасу құпиялылығы құқығы бекітіліп отыр.

Жаңа Конституция жобасын талқылау барысында жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығының төрағасы, адвокат Динара Құдайқұлова адвокатураның ерекше мәртебесін Конституциялық деңгейде бекітуді көздейтін 86-бапқа назар аударды. Оның сөзінше, жаңа нормалар әділ сот жүйесіндегі адвокаттардың рөлін күшейтіп, салалық заңнаманың сапасын арттырып, азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғау кепілдіктерін нығайтады.

Жаңа Ата заңның жобасы: Конституцияға өзгеріс енгізу тек бүкілхалықтық референдум арқылы мүмкін болады

«AMANAT» партиясының Маңғыстау облысы бойынша Әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия төрағасы Пания Сармұрзина жаңа Конституция жобасы жергілікті өзін-өзі басқаруды кеңейтуге, басқару ашықтығын арттыруға құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті. Сонымен қатар ол өңірде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға, сондай-ақ әйелдер мен отбасыларды қолдауға бағытталған партияның Әйелдер қанатының бастамаларына назар аударды. 

Шолпан Каринова қорытындылай келе, негізгі заң жобасы кең қоғамдық диалог аясында қалыптасып, азаматтардың нақты сұраныстарын ескеретінін атап өтті.

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты алаңында өткен талқылау әйелдер, балалар және отбасы құқықтарын қорғау тұрғысынан ұсынылған өзгерістерді қарастыруға мүмкіндік берді. Кездесу қорытындысы бойынша партияның Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдіріп, өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары өткізді

Ата заң • Бүгін, 18:36

Жаңа Конституцияға мемлекет тарапынан келтірілген зиянды өтеу туралы норманы енгізу ұсынылды

Ата заң • Бүгін, 18:15

Терминдер жүйеленіп, қазақ тілі заңдылығына сай жазылған: Талғат Нәрікбаев жаңа Конституцияның ерекшелігін атады

Қоғам • Бүгін, 18:07

Серік Ақылбай мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын Ата заң деңгейінде бекітуді ұсынды

Ата заң • Бүгін, 17:54

Жеңілдетілген ипотекаларға өтінім қабылдау қашан басталады?

Ипотека • Бүгін, 17:50

Жандос Өміралиев: Күдіктіні дереу оқшаулау − құқық қорғау қызметінің ең негізгі міндеті

Ата заң • Бүгін, 17:45

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38

Жетісу облысының тұрғындарына жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 17:22

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту ұсынылды

Қоғам • Бүгін, 17:19

Эльвира Әзімова: Комиссия хатшылығына 4 мыңнан астам ұсыныс келген

Ата заң • Бүгін, 17:13

Конституциялық реформа жастарға қандай мүмкіндіктер ұсынады?

Ата заң • Бүгін, 17:05

Жасөспірімдерді жаман әдеттен қалай қорғаймыз?

Аймақтар • Бүгін, 16:58

Нұрхат Ораш: Ата заң жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес

Жастар • Бүгін, 16:48

Мемлекет басшысының Пәкістандық The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды

Президент • Бүгін, 16:38

Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Марқұмның күйеуіне қатысты видео тарады

Оқиға • Бүгін, 16:29

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:257
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 19:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары