Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ұшақтан орын таңдағандай : Мәжілісте жатақханаға орналастырудың жаңа жүйесі талқыланды

Ұшақтан орын таңдағандай : Мәжілісте жатақханаға орналастырудың жаңа жүйесі талқыланды

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жатақхана жетпесе, студент қайда барады?

Respublica партиясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Астана, Алматы және бірқатар өңірдегі студенттік жатақханаларды аралап, жағдаймен танысқан. Оның айтуынша, мәселе ресми есептерде көрсетілгеннен әлдеқайда күрделі.

Бүгінде Қазақстанда 678 мың студент білім алады. Оның 364,5 мыңы − басқа өңірден келген жастар. Ресми дерек бойынша, жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 115,6 мың адамды құрайды. Соның ішінде 95,3 мыңы ғана орынмен қамтылған. Яғни кемінде 20 мың студент жатақханасыз қалып отыр. 

«Көптеген жоғары оқу орындарының студенттері екінші курстан бастап пәтер жалдауға мәжбүр. Соның салдарынан жастар жертөледе, жартылай жертөледе немесе уақытша баспаналарда тұрады. Алматыда қарапайым пәтерді жалдау құны айына 140 мыңнан 270 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл көптеген отбасы үшін ауыр салмақ. Жыл сайын 60 мыңнан астам студент оқу ақысы мен баспана шығынының арасында таңдау жасайды», деді Нұргүл Тау.

Ғылым және жоғары білім министрлігі де мәселенің өзектілігін мойындайды. Ведомство аппаратының басшысы Мадияр Қожахметтің айтуынша, соңғы сегіз жылда 281 жатақхана салынып немесе күрделі жөндеуден өтіп, 72 мыңнан астам жаңа орын пайдалануға берілген. Соған қарамастан, әсіресе ірі қалалардағы орын тапшылығы әлі де сақталып отыр.

Отырыс барысында студенттік жатақхана салуға қаржы құйып жүрген кәсіпкерлер де өз мәселелерін көтерді. Құрылыс компанияларының өкілдері мемлекеттік қолдау тетіктері болғанымен, төлемдердің кешігуі жобалардың жүзеге асуына кедергі келтіріп отырғанын айтты.

Мәселен, 500 орындық жатақхана салған инвестор мемлекеттен тиесілі қаржыландыруды алты ай бойы күткен. Соның салдарынан инвестициялық қаражат айналымнан шығып, жобаның тиімділігі төмендеген.

Қолданыстағы жүйе бойынша кәсіпкер жатақхана салады немесе ғимаратты қайта жаңғыртады, ал мемлекет әрбір төсек-орын үшін жыл сайын төлем жасап отырады. Бұған қоса жеңілдетілген несиелер мен коммерциялық инфрақұрылым орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Алайда іс жүзінде қаржыландырудың кешігуі бизнес үшін негізгі тәуекелдердің біріне айналып отыр.

ҚазҰУ-да 5 жаңа жатақхананың құрылысы басталды

Фракция мәселені жүйелі түрде шешуге бағытталған жеті ұсыныс әзірледі.

Біріншісі – студенттерге арналған бірыңғай цифрлық платформаны іске қосу. Цифрлық даму вице-министрі Бақтияр Мұхаметқалиев бұл бастаманы қолдап, студент жатақханадағы орнын ұшақтағы орын секілді өзі таңдай алуы керек екенін айтты.

Екіншісі – жоғары оқу орындарының тиімділік көрсеткіштеріне жатақханамен қамту деңгейін енгізу. Бұл көрсеткіш лицензиялау және мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде ескерілуі мүмкін.

Үшіншісі – жатақхана салатын университеттерге корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру.

Төртіншісі – құрылыс салушылар үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жаңа ынталандыру шаралары. Атап айтқанда, нөлдік ҚҚС мөлшерлемесі, мүлік салығынан 10 жылға босату және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы жылдық 2,5 пайызбен қаржыландыру.

Бесіншісі – жатақхана құрылысына арналған жер телімдерінің бірыңғай тізілімін жасап, оларды ұзақ мерзімге жеңілдетілген шарттармен беру.

Алтыншысы – халықаралық PBSA моделін енгізу. Бұл жүйеде студенттік тұрғын үй инвестициялық актив ретінде қарастырылады және АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур секілді елдерде өз тиімділігін дәлелдеген.

Жетіншісі – студенттік тұрғын үйдің ұлттық стандартын әзірлеу. Құжатта бөлме аумағына, қауіпсіздік талаптарына, интернет сапасына және тұрмыс жағдайына қойылатын бірыңғай талаптар белгіленеді.

Қайтарылған активтер есебінен Шымкентте жаңа жатақхана ашылды

Кезек пен таныстықтың орнына – цифрлық жүйе

Отырыста «Alma Valley» компаниясының бас директоры Азамат Мұратов UniDorm 2.0 платформасының мүмкіндіктерін таныстырды.

Оның айтуынша, жаңа жүйе студентке бірнеше минут ішінде бөлмені онлайн таңдауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект әлеуметтік жеңілдіктерге қатысты құжаттарды автоматты түрде тексеріп, адам факторын барынша азайтады.

«Машина пара алмайды», деді ол.

Платформадағы турникеттер жатақханада нақты тұрып жатқан студенттерді тіркеп отырады. Егер студент ұзақ уақыт бойы жатақханада көрінбесе немесе өз орнын басқа адамға берсе, жүйе оны автоматты түрде анықтай алады.

Өз тәжірибесін Satbayev University де бөлісті. Университеттің проректоры Сапар Шалабаевтың айтуынша, Dormitory жүйесі кезектің қозғалысын нақты уақыт режимінде көрсетеді, тәртіп бұзушылықтарды тіркейді және қауіпсіздік жүйелерімен біріктірілген. Қазіргі уақытта университет жеке инвесторлармен бірлесіп, жалпы сыйымдылығы 1500 орын болатын екі жаңа жатақхана салып жатыр.

Болашаққа салынған инвестиция

Отырысты қорытындылаған Respublica фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров студенттік тұрғын үй мәселесін әлеуметтік емес, стратегиялық міндет ретінде қарастыру қажет екенін айтты.

«Егер біз бүгін жастарға сапалы білім алуға жағдай жасамасақ, ертең білікті маман тапшылығына шағымданудың мәні болмайды. Жатақхана − бұл қайырымдылық емес, елдің болашағына салынған инвестиция», деді ол.

Respublica фракциясы көтерілген ұсыныстарды заңнамалық бастамалар деңгейіне шығарып, оларды Үкіметпен бірлесіп пысықтауды жоспарлап отыр.

5176 студентке орын жетпейді: Алматыда жатақхана мәселесі қашан толық шешіледі?

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 13:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see145

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see136

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see130

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see128

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see126

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see125

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see125

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see125

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see120

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see120

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see119

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see118

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see117

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see116

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see116

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see115

7 градусқа дейін аяз, қар мен боран: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2026 12:44see113

NVIDIA ның жаңа таңдауы: Қазақстан жасанды интеллект пен робототехника орталығы

24 Қазан 2026 16:04see112

Боралдайда автокөлік дүкенге кіріп кетіп, қиратты: видео

24 Қазан 2026 14:14see111

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары