Атырауда студенттерді жатақханаға қабылдау басталды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
"АЖ" коллажыЖаңа оқу жылы қарсаңында Атырау қаласында студенттерді жатақханаларға орналастыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің №1 жатақханасы 480 орынға арналған. Қазірдің өзінде бірінші курс студенттеріне бөлінген 250 орынға өтінім қабылданған. Өтінімдер Platonus жүйесі арқылы рәсімделуде.
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде бес қабатты екі жатақхана жұмыс істейді. Мұнда 376 орын қарастырылған. Жатақханаға қабылдау кезінде басқа өңірлерден келген және баспанаға мұқтаж жастарға басымдық беріледі. Құжаттар Study Space платформасы арқылы қабылданады.
Жатақханаларда студенттерге қолайлы жағдай жасалған: бөлмелер кондиционер және Wi-Fi желісімен жабдықталған, әр секцияда санитарлық торап пен ас әзірлейтін орын бар. Сонымен қатар кітапхана, коворкинг, демалыс бөлмелері және медициналық пункт қарастырылған.
Ғимараттар бейнебақылау жүйесімен қамтылып, тәулік бойы күзет қызметі ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, кез келген жағдайда көмек көрсетуге арналған тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс желісі бар.
Студенттер жатақханаға орналасу үшін өтінім беріп, қажетті құжаттарды онлайн тапсыра алады.
Бүгін, 13:17
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:61
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 16:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















