Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жемісті жеті жыл

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Вашингтонда Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікке қосқан үлесі талқыланды

Вашингтонда Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікке қосқан үлесі талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Карнеги халықаралық бейбітшілік қорында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 35 жылдығына және Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойылуының 20 жылдығына орайластырылған «Қазіргі заманғы ядролық қатерлер жағдайындағы Қазақстанның тағылымы» атты сараптамалық пікірталас өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Пікірталасқа Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшелері Дина Тайтус пен Билл Фостер, Карнеги қорының вице-президенті Кори Хиндерстайн, АҚШ-тың Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы бұрынғы Тұрақты өкілі Лора Холгейт, АҚШ Қорғаныс министрінің бұрынғы көмекшісі Эндрю Вебер, сондай-ақ сарапшылық қоғамдастық өкілдері қатысты. Пікірталастың модераторы журналист, «The Dead Hand» кітабының авторы Дэвид Хоффман болды.

Өз сөзінде М.Ілиясов Қазақстанның Семей ядролық сынақ полигонын жабу және кейіннен әлемдегі көлемі жағынан төртінші ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тарту туралы шешімінің тарихи маңызын атап өтті. Елші бұл таңдау Қазақстанның ядролық қарусыздану, таратпау және халықаралық қауіпсіздікті нығайту салаларындағы дәйекті саясатының негізін қалағанын атап көрсетті.

Нанн-Лугар қатерлерді бірлесіп азайту бағдарламасы аясындағы көпжылдық қазақ-америка ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Екі мемлекеттің бірлескен жұмысының арқасында ядролық мұраны қысқартуға, ядролық материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың таралу тәуекелдерін төмендетуге бағытталған кешенді шаралар іске асырылғаны атап өтілді.

Қазақстан мен АҚШ 1994 жылы бірлесіп жүзеге асырған «Сапфир» жобасы екіжақты ықпалдастықтың ең табысты үлгілерінің бірі ретінде аталды. Елші жобаның табысты іске асырылуына саяси ерік-жігер, өзара сенім және екі ел арасындағы тығыз практикалық ынтымақтастық негіз болғанын атап өтіп, АҚШ Конгресін Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 35 жылдығына орай қоспартиялы қарар қабылдауға шақырды.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы көшбасшылық рөлін ерекше атап өтті. Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы, ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тарту және еліміздің кейінгі халықаралық қызметі ядролық қатерлерді іс жүзінде азайтудың ең маңызды үлгілерінің біріне айналғаны атап көрсетілді.

Спикерлер Қазақстанның жаһандық таратпау режимін нығайтуға қосқан дәйекті үлесін жоғары бағалады. Осы тұрғыда еліміздің Ядролық қаруды таратпау туралы шартты және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты қолдауы, Қазақстан аумағында МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің орналастырылуы, сондай-ақ ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық диалогты ілгерілету жөніндегі күш-жігері атап өтілді.

Бұдан бөлек, осыдан 20 жыл бұрын Семейде қол қойылған Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа ерекше назар аударылды. Қатысушылар аталған құжаттың өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету және ядролық қаруды таратпаудың жаһандық режимін нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.

Пікірталас барысында ядролық қарусыздану, қару-жарақты бақылау және таратпау салаларындағы қазіргі сын-қатерлер, сондай-ақ жаңа технологиялардың халықаралық қауіпсіздікке ықпалы жөнінде пікір алмасу өтті. Қатысушылар Қазақстанның тәжірибесі қазіргі жағдайда айрықша өзекті болып қала беретінін және ядролық тәуекелдерді төмендетуде халықаралық ынтымақтастықтың, сенім шаралары мен жауапты тәсілдердің маңызын көрсететінін атап өтті.

Іс-шара сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өткен сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:47
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see122

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see121

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see119

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see118

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see116

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see115

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see115

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see115

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see115

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see115

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see113

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see113

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see112

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see111

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see111

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see111

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see108

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары