Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Волонтерлік қызмет Конституция деңгейінде бекітіледі

Волонтерлік қызмет Конституция деңгейінде бекітіледі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Абай университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында «Волонтерлікті дамытудың конституциялық негіздері. Оның құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі» атты ерікті жастар форумы өтті. Референдум қарсаңында өткен іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен «Жақсылық акселераторы – Ізгілік Елшісі» ұлттық волонтерлік қозғалысы ұйымдастырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ел ертеңіне бейжай қарамайтын волонтер жастар бас қосқан форум жұмысын Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы – ректоры, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық жалпыұлттық коалиция мүшесі Болат Тілеп ашып, жаңа Конституция еріктілік пен волонтерлік қызметті тек әлеуметтік көмек көрсету ретінде ғана емес, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық қоғамды қолдау қағидатының құрамдас бөлігі ретінде танып отырғанын жеткізді. Мәселен, жаңа Бас құжаттың 31-бабының 2-тармағына «…Қазақстан Республикасы әлеуметтік сақтандыруды, басқа әлеуметтік кепілдіктерді, еріктілік (волонтерлік) және қайырымдылық қызметті қолдайды» деген норма қосылған. Бұл норма еріктілік қызметтің Конституция деңгейінде ресми түрде танылғанын көрсетеді.

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Игорь Рогов модератор міндетін атқарып, форум жұмысына ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев, Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев, Қазақстан криминология қауымдастығының президенті Өмірәлі Жалаири, «Акселератор добра – Izgilik Elshіsі» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Айнұр Сабитова бастаған белгілі тұлғалар мен әр ЖОО-дан келген 200-ден астам ерікті-студент қатысты.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев өз сөзінде жаңа Конституциядағы фундаменталды адам құқықтарына жеке-жеке тоқталып, түсіндірді.

– Жаңа Конституцияда алғаш рет еріктілер қызметіне мемлекеттік қолдау көрсету және оны ынталандыру нормалары конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл – сіздердің ортақ жетістіктеріңіз, құрметті еріктілер. Бұл жаңалық волонтерліктің жекелеген азаматтардың жеке бастамасы ғана емес, мемлекет мойындаған және қорғалатын конституциялық құндылық екенін айқындайды», – деді. 

Форумның ашылуына арнайы бейнеқұттықтауын жолдаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студент-еріктілердің азаматтық белсенділігі мен қоғамдық бастамаларға атсалысуының маңыздылығын атап өтті. 

–  Izgilik Elshisi  ұлттық еріктілер қозғалысы «Жақсылық акселераторы» жобасының қатысушыларына ерекше ризамын. Сіздердің құқықтық-ағартушылық ынталарыңыз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарыңыздың қоғамдық мәні зор. Бұл форумның ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен бірлесіп өткізілуі мемлекет, білім беру ұйымдары және азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың нақты үлгісін көрсететіні сөзсіз, – деді министр Саясат Нұрбек.

Министр өз сөзінде еріктілер қозғалысы жауапкершілігі жоғары, өзара көмек пен заңдылық қағидаттарына негізделген жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді. Сонымен қатар  волонтерлердің құқықтық-ағартушылық қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы жұмыстарының қоғамдық маңызына ерекше тоқталды.

Форум конституциялық реформа жағдайында еріктілерді қолдай отырып, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру, заңдылық пен адалдық қағидаттарын орнықтыру мәселелерін тиімді талқылауға септігін тигізді. Сараптамалық сессия барысында конституциялық өзгерістердің мазмұны, азаматтық белсенділікті дамыту тетіктері, сондай-ақ студенттік волонтерлік жобалар таныстырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы волонтерлік тәжірибелер кеңінен сараланды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық деңгейде волонтерлікті қолдау бастамасын көтеріп, оның БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында «Халықаралық еріктілер жылы» деп жариялау ұсынысы қолдау тапқан болатын. Осы бастама аясында ұйымдастырылған форум – волонтерлік қозғалыстың құқықтық және институционалдық негіздерін нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара.

Форумның қорытындысында «Акселератор добра: Ізгілік Елшісі» қозғалысына жаңа мүшелерді салтанатты қабылдау рәсімі өтіп, белсенді еріктілерге алғыс хаттар табысталды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 12:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see144

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see141

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see134

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see129

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see127

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see119

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see117

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see116

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see115

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see114

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see113

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see113

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары