Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Заманауи технологиялар шаруашылықтың шырайын келтіреді

Заманауи технологиялар шаруашылықтың шырайын келтіреді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бесінші рет ұйымдастырылған форум ауыл шаруашылығы еңбегін дәріптейтін мерекемен ғана шектелмей, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағыты айқындалатын маңызды алаңдардың біріне айналып отыр.

«Жер ырысы – 2026» халықаралық ауыл шаруашылығы фестивалі өткізіле бастаған кезден өңірлік Дала күнінен Қазақстандағы ең ірі аграрлық алаң ата­нып, Қазақстан мен шетелден келген сарапшыларды біріктіретін болды. Бұл жолы да Бәйтерек ауданының Сұлукөл ауылы бірнеше күн бойы еліміздің аграрлық өмірінің орталығына айналды. «Агро­СервисБатыс» ЖШС алаңында отандық ауыл шаруашылығының дамуын айқын­дайтын шаруашылық басшылары, сала мамандары, ғылыми ұйымдар мен мем­лекеттік құрылымдардың өкілдері жиналды.

Фестивальдің ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Аймақ басшы­сының сөзінше, өңірдің тиімді геогра­фиялық орналасуы, ауыл шаруашы­лығындағы бай дәстүрі және қуатты асыл тұқымды мал базасы зор әлеует қалып­тастырып отыр.

– Батыс Қазақстан облысы – қазақтың ақбас сиырының, көшім жылқысының, еділбай және ақжайық сияқты етті-жүнді қой тұқымдарының отаны. Біздің басты мін­деттеріміздің бірі – осы асылтұқымды малдарды кеңінен насихаттап, олардың әлеуетін толық ашу, – деді өңір әкімі.

Қазір облыс ауыл шаруашылығын дамыту бойынша көптеген бағыттарда көшбасшы өңірлердің қатарында. Жүйелі мемлекеттік қолдау мен заманауи техно­логияларды енгізудің арқасында өңір тұрақты нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 676 мың гектар алқапқа егілген. Оның ішінде 52 мың гектардан астам күздік дақыл жиналып, орташа гектар өнімділігі 32,4 центнерді құрап, 170 мың тонна ас­тық бастырылды. Ал жекелеген шаруа­шы­лықтар бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізуде. Мәселен, «АгроСер­вис­Батыс» ЖШС-да күздік бидайдың өнімділігі гектарына 50-70 центнерге дейін жеткен. Саланы дамытуда мемлекеттік қолдау ерекше рөл атқарады. Кейінгі үш жылда өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға 190 миллиард теңгеден астам қаржы ба­ғыт­­талды.

– Көктемгі егіс және егін жинау жұ­мыс­тарын қаржыландыруға 22,9 миллиард теңге қарастырылды. Қазір 15,3 миллиард теңге көлемінде жылдық 5 пайыздық жеңіл­детілген несиелер берілді. Сонымен қатар аграршылар тыңайтқыштар сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын алуға және маусымдық жұмыстарды жүр­гізуге мемлекет тарапынан қолдау алып отыр, – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Биыл фестиваль бағдарламасы бұрын­ғыдан да ауқымды болды. Дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығы техникасы мен агра­рлық ғылым жетістіктерін таныс­тырумен қатар, қатысушылар өсімдік шаруа­шылығы, мал шаруашылығы, селек­ция, ветеринария және өсімдіктерді қорғау салаларындағы заманауи шешім­дермен танысты. Қонақтар үшін көрмелер, ғылыми алаңдар, этноауыл, кәсіби бай­қаулар, балалар аймақтары және түрлі тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Агрофестисвальдің басты ерекшелігі – оның тәжірибелік бағытта өтуінде. Өйткені мұнда тәжірибе алмасуға, әріптес­тер табуға және шаруашылықтарда тікелей қолдануға болатын нақты шешімдерді талқылауға болады. Фестиваль ұйым­дастырушысы Армат Бисеновтің айтуынша, шараның басты мақсаты – қазіргі ауыл шаруашылығының қаншалықты заманауи әрі болашағы зор салаға айналғанын көрсету.

– Кейінгі үш жылда еліміздің агроөнер­кәсіптік кешенін қаржыландыру көлемі 140 миллиард теңгеден 1,2 триллион тең­ге­ге дейін өсті. Бұл – бизнес үшін өте маңызды белгі. Бүгінде өсімдік шаруашы­лығы, мал шаруашылығы, өнімді қайта өңдеу немесе жаңа технологияларды енгізу болсын, даму мүмкіндігі мол, – деді ол.

Фестивальге деген қызығушылық жыл сайын артып келеді екен. Әсіресе, жастар арасында аграрлық саланың тартымдылығы артқан.

– Біз ауыл шаруашылығының тек ауыр еңбек қана емес, сонымен бірге заманауи, технологиялық және болашағы зор сала екенін көрсеткіміз келеді. Бұл салаға мамандар, инженерлер, агрономдар, техника операторлары және елдің дамуына үлес қосуға дайын азаматтар қажет, – деді Армат Бисенов.

Фестивальдің басты тақырыбының бірі – цифрлық технологияларды енгізу. Бүгінде дәлме-дәл егіншілік, өндірісті автоматтан­дыру және деректерді талдау жүйелерінсіз заманауи ауыл шаруашылығын елестету мүмкін емес. Көрме барысында «Орал Агро» компаниясы егістік алқап­тарын тиімді әрі үнемді өңдеуге мүмкіндік беретін DJI Agriculture агродрондарын таныстырды. Компанияның сервистік ин­женері Думан Қабуевтің айтуынша, ұшқышсыз техно­логиялар шығындарды азайтып, ауыл шаруашылығы жұмыс­та­рының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

– Агродрондар өсімдіктерді дәлме-дәл өңдеуге, егістік алқаптарының жай-күйін талдауға және проблемалы учаскелерді анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, мультиспектралды технологиялардың көмегімен өсімдіктердің зақымданған аймақтарын анықтап, дер кезінде тиісті шаралар қабылдауға болады, – деді маман.

Оның айтуынша, фермерлердің мұндай шешімдерге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Өйткені цифрландыру ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудың негізгі факторларының біріне айналып отыр.

Фестивальде өз әзірлемелерін басқа да кәсіпорындар таныстырды. Metal Tor компаниясы мал шаруашылығы кешен­деріне арналған заманауи шешімдерін ұсынса, West Agro Food ЖШС Теректі ауда­нындағы суармалы жерлерде өсірілген өз өнімдері – картопты көпшілік назарына шығарды. Компанияның атқарушы директоры Азамат Елекбаевтың айтуынша, кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс көлемін одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр.

– Бүгінде бізде шамамен 370 гектар суармалы жер бар, оның 237 гектарына картоп егілген. Алдағы уақытта өнімді сақтау және қайта өңдеу бағыттарын дамытуды көздеп отырмыз, – деді фермер.

Фестиваль барысында мал шаруашы­лығын дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның ет өндірісін ұлғайтып, жаңа нарықтарға шығуға әлеуеті өте жоғары. Turan Қазақстан мал шаруашылығы қауымдастығы басқармасының төрағасы Жәнібек Кенжебаев бүгінде бұл саланың жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.

– Еліміздегі мал шаруашылығының әлеуеті өте зор. Саланы 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылданғаннан кейін фермерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Ең бастысы, кәсіпкерлер қолжетімді мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдаланып, өн­дірісті дамытуға белсенді кірісуі қажет, – деді ол.

Екі күнге созылған «Жер ырысы – 2026» агрофестивалі сала мамандарының бас қосатын алаң ғана емес, облыс тұрғындары үшін де үлкен мерекеге айналды. Ұйым­дастырушылар мәдени-танымдық бағдар­ламалар, спорттық жарыстар, түрлі байқау­лар, көрсетілімдер және ұлттық ойындар ұйымдастырды. Дегенмен фестивальдің басты құндылығы оның ауқымында емес. Оның негізгі маңызы – тәжірибе мен тың идеяларды, дәстүр мен заманауи техно­логияларды тоғыстыратын тұрақты диалогты қалыптастыруында.

Бүгінде фестиваль аграрлық саланың аға буыны мен жас ұрпағын байланыс­тыратын өзіндік көпірге айналып, қазақ­стандық ауылдың жаңа келбетін қалып­тастыруда. Бұл – заманауи, техно­логиялық тұрғыдан дамыған әрі жаңашылдыққа ашық ауылдың бейнесі. Осындай алаңдар отандық ауыл шаруа­шылығының әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беріп, еліміздің болашағы жер мәуесіне қараған жан­дардың еңбегімен тығыз байланысты екенін айқын көрсетеді.

Аида ҒАЛИЕВА,

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 03:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары