Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Зейнетақы реформасы Қазақстанда сингапурлық модель талқылануда

Зейнетақы реформасы Қазақстанда сингапурлық модель талқылануда

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде зейнетақы жүйесін жаңғыртудың ықтимал нұсқалары талқыланды. Арнайы жұмыс тобының отырысында бірнеше модель, соның ішінде Сингапур тәжірибесі қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сингапур моделі не ұсынады?

Ұсыныстардың бірі - зейнетақы жүйесінің сингапурлық моделі. Ол міндетті зейнетақы капиталын қалыптастыруды қарастырады, бұл ретте азаматтар жинақтарының бір бөлігін зейнетке шыққанға дейін-ақ тұрғын үй сатып алуға, білім алу ақысын төлеуге, медициналық шығындарға немесе инвестицияларға пайдалана алады.

Қаражатты үш шотқа бөлу ұсынылады. Олардың бірі жеңілдік тетігі арқылы тұрғын үй мәселесін шешуге арналған.

Талқылау барысында бірқатар сарапшы бұл модель мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін толық ескеретініне күмән келтірді. Олардың пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістердің осы санаттарды зейнетақымен қамсыздандыру деңгейіне әсері қосымша талдауды қажет етеді.

Анықтама: Сингапурдың зейнетақы жүйесі міндетті жеке жинақтарға негізделген. Жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің жарналары бірнеше шотқа бөлінеді, ал қаражаттың бір бөлігін зейнетке шыққанға дейін, мысалы, баспана алуға, білім алуға, емделуге және инвестицияның жекелеген түрлеріне пайдалануға рұқсат етіледі. Қалған жинақтар зейнет жасына жеткеннен кейін төленетін зейнетақы төлемдерін құрайды.

Тағы қандай нұсқалар қарастырылып жатыр?

Жұмыс тобы сингапурлық модельден бөлек, зейнетақы жүйесін реформалаудың басқа да тәсілдерін талқылап жатыр.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әлеуметтік зейнетақы төлемі тетігін енгізуді ұсынды. Оның мөлшері азаматтың орташа айлық табысы мен медианалық жалақының арақатынасына, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады. Бұл тәсіл зейнетақы жүйесінің ынтымақты компонентін күшейтеді деп күтіледі.

Өз кезегінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының 4 пайызын азаматтың жеке зейнетақы шотына, ал 1 пайызын ынтымақты (сақтандыру) компонентке бағыттау моделін ұсынды. Бастама авторларының пікірінше, бұл жинақтау принципін сақтандыру және өмір бойына берілетін төлем элементтерімен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Еңбек министрлігі барлық ұсыныстар сарапшылық талқылау сатысында екенін атап өтті. Соңғы шешімдер әлеуметтік әділеттілікке, қаржылық тұрақтылыққа және әрбір нұсқаның азаматтардың әртүрлі санаттарына әсеріне жан-жақты талдау жасалғаннан кейін қабылданады.

Қазақстандағы зейнетақы реформасы

Еске сала кетейік, маусым айының басында Еңбек министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі ықтимал өзгерістер туралы мәлімдеген болатын. Кейінірек зейнетақы реформасы туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты. Оның сөзінше, қазіргі уақытта Үкімет пен Ұлттық банк тиісті тәсілдерді әзірлеп жатыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Шілде 2026 10:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see127

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see120

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see118

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see113

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see112

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see109

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары