Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Елімізге зейнетақы реформасы не үшін қажет?

Елімізге зейнетақы реформасы не үшін қажет?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: istockphoto.com

Зейнетақы реформасының қажеттілігіне әсер етіп отырған негізгі факторлардың бірі – демографиялық өзгерістер. Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Бұл бір жағынан, денсаулық сақтау жүйесінің дамуын көрсетсе, екінші жағынан зейнетақы жүйесіне түсетін қаржылық жүктемені ұлғайтады.

Табысты алмастыру коэффициенті дегеніміз не?

Сарапшы Бауыржан Ысқақ бұл мәселеде табысты алмастыру коэффициентін қайта қарау керек екенін айтады. Табысты алмастыру коэффициенті – азаматтың зейнетке шыққаннан кейін алатын зейнетақысының жұмыс істеп жүрген кездегі орташа жалақысына шаққандағы үлесі. Егер жұмысшының еңбек еткен кездегі орташа айлығы 400 мың теңге болып, зейнетке шыққаннан кейін ай сайын 200 мың теңге алса, демек оның табысты алмастыру коэффициенті 50 пайызды құрайды.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі жүйеде барлық құрамдас бөліктерді есептегендегі орташа табысты алмастыру деңгейі шамамен 44 пайызды құрайды. Ал жинақтаушы төлемдерді алмайтын азаматтар үшін бұл көрсеткіш 36 пайызға дейін төмендейді. Халықаралық тәжірибеде азаматтың зейнетке шыққаннан кейінгі табысы еңбек кезеңіндегі табысының шамамен 60-70 пайызы болғаны тиімді деңгей ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстандағы көрсеткішті арттыру қажеттілігі байқалады», дейді сарапшы Бауыржан Ысқақ.

«4+1» және Сингапур жүйесі: Зейнетақы реформасына қай модель сәйкес келеді?

Зейнетақы жүйесіне түсетін жүктеме артып келеді

Сарапшының сөзінше, еңбек нарығының қазіргі ахуалы да реформаның іске асуын жеделдетіп отыр. Себебі елімізде зейнетақы жарнасын аудармайтындардың қатары қалыңдай түскен.

«Бүгінде миллиондаған ел тұрғыны тұрақты түрде міндетті зейнетақы жарнасын аудармайды немесе бейресми жұмыспен қамтылған. Мұндай жағдайда олардың болашақтағы жинағы жеткіліксіз болып, төмен зейнетақы алу қаупі жоғарылайды. Сонымен қатар мемлекеттік бюджетке түсетін әлеуметтік жүктеме де біртіндеп артып келеді. Егер жинақтаушы жүйе күшейтілмесе, болашақта зейнетақы төлемдерін қаржыландыру үшін бюджет шығындарының көлемі ұлғаюы ықтимал», деді ол.

Зейнетақы шегінің өсуі тұрғын үй бағасына қалай әсер етеді?

Әлем елдері зейнетақы жүйесін қалай жетілдіріп жатыр?

Экономистің айтуынша, халықаралық тәжірибе зейнетақы жүйесін тұрақты түрде жетілдірудің маңызды екендігін байқатып отыр. Мәселен Сингапурда міндетті жинақ жүйесі азаматтардың жеке жауапкершілігіне негізделген. Австралияда жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары кезең-кезеңімен ұлғайтылып келеді. Ал Швецияда жинақтаушы және сақтандыру қағидаттары үйлестіріліп, тәуекелдерді мемлекет, жұмыс беруші және азамат арасында бөлу тетігі енгізілген.

«Әр ел өз ерекшелігіне қарай әртүрлі модельді қолданғанымен, олардың барлығы да зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін тек мемлекетке ғана жүктемей, жұмыс беруші мен азаматтың да ортақ міндетіне айналдыру қажеттігін көрсетіп отыр», дейді сарапшы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев зейнетақы реформасында үш ұсыныс қаралып жатқанын атап өткен болатын. Жұмыс тобына «4+1» моделі, МӘСҚ ұсынысы, сенаторлар тарапынан 40 жыл жұмыс істеген жағдайда зейнетке шығу туралы ұсыныс енгізілген еді. Алайда министр соңғы ұсыныстың талқылаудан алынып, Сингапурлық жүйе енгізілгенін айтты. Министрліктің мәліметінше, зейнетақы реформасы шілде айының басында қолданысқа енеді.  

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 18:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see105

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары