Зейнетке ерте, ал жұмысқа алмайды. Еңбек нарығында “есептен шығып қалған“ 40+ жастағы қазақстандықтар туралы
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
"Жасыңыз ұжымға сәйкес келмейді", "біліктілігіңіз бұл лауазым үшін тым жоғары" немесе жіберілген ондаған, кейде жүздеген түйіндемеге үнсіз жауап.
Краткий пересказ текста от Tengri AI
Этот текст сгенерирован ИИ
Мәтін Қазақстанның еңбек нарығындағы жас бойынша кемсітушілік мәселесіне арналған және 40 жастан асқан адамдардың жұмыс іздеу кезінде неліктен жиі бас тартуға тап болатыны туралы баяндайды. Тәжірибесіне, біліктілігіне және оқуға дайындығына қарамастан, мұндай үміткерлер түйіндемені іріктеу кезеңінде-ақ жұмыс берушілер үшін көрінбей қалады. Қазақстандық Натальяның тәжірибесі мынадай: ол рекрутингтік сайтта 764 рет бос жұмыс орындарына жауап берген, бірақ оны бірде-бір рет сұхбатқа шақырмаған. HR-маман көптеген компаниялардың 40 жастан асқан кандидаттарды, әсіресе жаппай позицияларға қарастыруға дайын емес екенін растайды. Бұл ересек қызметкерлер нашар оқиды, баяу бейімделеді және қарым-қатынаста қиындық тудырады деген тұрақты стереотиптермен түсіндіріледі. Сонымен қатар, жұмыс іздеушілердің өздері де бас тартулардан шаршап, мазасыз әрі ширыққан күйге түседі, бұл тұйық шеңберді одан әрі күшейте түседі. Мәтінде сондай-ақ мемлекеттік қолдау құралдары, соның ішінде Enbek.kz порталы және мемлекет 50 жастан асқан қызметкерлердің жалақысын ішінара субсидиялайтын "Күміс жас" бағдарламасы қарастырылады. Алайда, сарапшылар ақпараттандырудың төмендігі, техникалық қиындықтар мен жұмыс берушілердің аз тартылуы салдарынан бұл шаралар әлі де толық күшінде жұмыс істемей тұрғанын атап өтеді. Сондай-ақ материалда 40 жастан кейін мамандығын ауыстырып, өз ісін аша алған немесе мансабын қайта бастаған адамдардың оқиғалары келтірілген. Бұл мысалдар жастың дамуға кедергі емес екенін, ал жинақталған тәжірибе жаңа кәсіби жолдың негізі бола алатынын көрсетеді. Бизнес-психолог мұндай өзгерістер үшін басты кедергі дағдылардың жетіспеушілігі емес, мәртебені жоғалтып алу және қайтадан жаңа бастаушы болудан қорқу екенін айтады. Материалдың қорытындысы: мәселе 40+ жастағы адамдарда емес, кемелденген мамандарды жете бағаламайтын еңбек нарығының кемелсіздігінде.
Қазақстанда парадокс қалыптасқан: тәжірибесі толысқан 40 жастан асқан қызметкерлер еңбек нарығы үшін "көрінбейтін" адамға айналғанын аңғарады. Ресми зейнетке шығуға әлі жиырма жыл бар, бірақ HR-фильтрлер үшін олар әлдеқашан "есептен шығарылған". Неге кадр тапшылығы сезіліп отырған елде тәжірибелі мамандар жасын жасыруға мәжбүр? Tengrinews.kz тілшісі сарапшылармен сөйлесіп, пайдалы мәліметтер жинады және қазіргі уақытта жұмыс іздеп жүргендерге қолдау ретінде 40 жастан кейін мансабын "қайта бастауға" бел буған қазақстандықтардың оқиғаларын жазып алды.
Бос орындарға 764 өтінім және бірде-бір шақырту жоқ46 жасында Натальяның өмірі жұмыс іздеуге арналған интернет-платформаны үздіксіз жаңартумен өтетіп жатыр.
Көпжылдық өтілі бар басқарушы, логистика мен операциялық процестердің тәжірибелі сарапшысы 45 жасқа дейін жұмысқа орналасуға ең көп дегенде бір ай кететін еді дейді. Қазір Натальяның ізденісте жүргеніне жарты жылға жуықтады, ал бұл "ізденіс" статистикасы көңіл көншітпейді:
"Нақты статистиканы айту үшін қосымшаны аштым: мен 764 рет "өтінім беру" батырмасын басыппын. Нәтижесі қандай? Себебі түсіндірілмеген 31 бас тарту және рекрутерлер тіпті ашып қарауға ерінген 70-ке жуық түйіндеме".
Әйелдің пайымдауынша, мұндай интернет-платформаларда жұмыс берушілер 45 жастан асқан үміткерлерді автоматты түрде өткізбейтін сүзгілер орнатып қойған.
Жұмыс берушімен сұхбатқа жету мүмкін болмай тұр"Маман ретіндегі міндетім - өзімді дұрыс таныстыру, қол жеткізген нәтижелерім мен көрсеткіштерім туралы айтып беру. Бірақ диалогқа дейін іс бармайды. Өтінім - бас тарту - бітті. Сайт рекрутерден "Неге?" деп сұрай алмайтындай етіп жасалған. Мен қателігімді түсінгім келеді, өскім келеді, бірақ жүйе алдыңнан есікті тарс жауып алады", - дейді Наталья.
Бұл кедергіні қалай да болсын жеңу үшін, ол онша әділ емес қадамға баруға - түйіндемесінен жасын алып тастауға мәжбүр болған. Ол мұның таза кемсітушілік және Еңбек кодексін бұзу екенін түсінеді, бірақ нарық басқа таңдау қалдырмай отыр.
Натальяның тәжірибесінде оған: "Біздің командамыз өте жас" деп ашық айтқан жағдай да болған. Мүмкін, бұл сыпайы тіркестің артында тәжірибесіз басшылардың мықты кадрлардан сескенуі жатқан болар.
"Мен 55 адамнан тұратын ұжымды басқардым және командаға әрқашан өзімнен мықты адамдарды алуға тырысатынмын. Өйткені мықтылар - сенің сенімді тылың, олармен алаңсыз демалысқа шығуға немесе ауырғанда шықпай қалуға болады. Ал 24 жастағы басшы 28 жастағы үміткердің түйіндемесін "ол маған бағынбайды" деген сөзбен шетке ысырып қойса - бұл тек бастықтың біліксіздігін көрсетеді".
Ал "Күміс жас" және ересек жастағы жұмыс іздеушілерді қолдаудың басқа да мемлекеттік бағдарламалары (олар туралы толығырақ төменде - ред. еск.) Наталья үшін тек теория жүзінде қалып отыр. Ол бұл бағдарламалар туралы естігенін, бірақ әзірге олардың тиімділігіне сенбейтінін, сондықтан жаңа шындыққа өз бетінше бейімделуге тырысатынын айтты:
"Қазір жасанды интеллектіні үйренуге тырысып жүрмін. Толыққанды оқу шамамен 300 мың теңге тұрады, әзірге ондай артық ақша жоқ, сондықтан өз бетімше ізденіп жатырмын. Жасанды интеллектіні бизнес-процестерде қалай қолдануға болатынын: чат-боттар, сату воронкаларын, жарнамалық видеолар жасауды зерттеп жүрмін".
Наталья тек туған қаласы Алматыда ғана емес, Астана немесе Шымкенттегі бос орындарды да қарастыруға дайын. Алайда оны жалақы деңгейі де қынжылтады: 2026 жылы инфляция жоғары, ал жұмыс берушілер Натальяның осыдан бес жыл бұрын алған сомасын ұсынады.
HR-маман түйіндемелер неге "қоқыс жәшігіне" кететіні туралы"Біз тоқсаныншы жылдардың балаларымыз. Біз жұмыс істей білеміз, ең бастысы, жұмысты жақсы көреміз. Біз қиындықтан қорықпаймыз, бізде орасан зор тәжірибе бар. Бірақ қазір біз бен жұмыс берушілер екі бөлек жолмен жүрміз және неге екені белгісіз, еш кездесе алмай жатырмыз. Мен жай ғана лайықты еңбекақы төленетін лайықты жұмыс қалаймын. Шынымен де бұл тәжірибе артықшылық емес, кедергіге айналғаны ма?" - деп таңырқайды ол.
Натальяның оқиғасы ерекше жағдай емес, бұл қазіргі қазақстандық нарық үшін қалыпты сценарий десе болады. 700 өтінімнің неге нәтиже бермейтінін түсіну үшін рекрутингтің "ішкі жағына" үңілу керек. Компаниялар қандай бейресми кедергілер қоятыны және 40 жас жұмыс берушілер үшін неге қауіпті межеге айналғаны туралы HR-консалтинг жетекшісі Дарья Тимошина айтып береді.
Жұмыс берушілердің үміткерлерге арналған бейресми сүзгілері туралы"Шектеулер әрқашан қойылады. Жағдайлардың 90 пайызында жұмыс берушілер ересек үміткерлерді қарастыруға дайын емес, - деп растайды Дарья. - Олармен бұл мәселені талқылауға, тіпті кейбірін көндіруге тура келеді. Тек өндірістегі техникалық директорлардың бос орындары ғана ерекшелік болуы мүмкін. Бірақ ол жерде басқа кемсіту іске қосылады: тек ер адамдарды ғана қарастырады".
Ал ең көп таралған бос жұмыс орны - сату менеджері туралы айтатын болсақ, маманның айтуынша, 40 жастан асқан үміткерлер ол жерге, әдетте, тіпті қарастырылмайды.
"Бас тартудың негізгі себебі - 40 жастан асқан адамдар оқуға қабілетсіз, тез әрекет ете алмайды және менталды проблемалары бар деген қалыптасқан теріс пікір. Әрине, бұл шындыққа жанаспайды".
Дәйексөз авторын қосу
Сурет қосу
![]()
Дарья Тимошина
HR-консалтинг басшысы
HR-мамандардың пайымдауынша, 40-тан асқан үміткерлер екі санатқа ғана бөлінеді:
не ол мол тәжірибесі мен соған сай жоғары қаржылық талабы бар топ-менеджер; не ол қарапайым дағдылары бар адам, мысалы, қосалқы жұмысшы.Жұмыс берушілер мен үміткерлердің қорқынышы туралы"Өндіріс саласында ер адамдарға "жаңадан бастаушы" болу біршама жеңілірек. Ол қосалқы жұмысшы болып кіріп, біртіндеп тәжірибе арқылы мамандықты меңгере алады. Ал әйелдерді мұндай рөлде мүлдем қарастырмайды - оларға тек таныстар арқылы жол табуға тура келеді", - дейді Тимошина.
HR-маман тағы бір құбылысты байқаған: 40-тан асқан үміткерлер жасырын дискриминация барын жақсы біледі және ұзақ уақыт жұмыс іздеуден қажыған, бұл да өз кезегінде қиындық тудырады:
"Мұның бәрі кандидаттардың өзіне үлкен із қалдырады. Сұхбат кезінде олардың көбі өзін мазасыз ұстайды, тіпті кейбірі рекрутермен "жоғарыдан" сөйлесуге жол береді".
Нәтижесінде тығырыққа тірелген шеңбер пайда болады:
Жұмыс беруші жасы келген кандидаттардан мәселе туындайды деп алдын ала қорқады. Жасы келген үміткерлер осы қорқыныштың әсерінен өздерін еріксіз сол стереотиптерді растайтындай ұстай бастайды."Сонымен қатар, зейнет жасының жоғары болуына байланысты еңбек нарығында жағдайы одан да қиын тұтас бір топ - 50-ден 63 жасқа дейінгі адамдар қалыптасқанын ұмытпаған жөн", - деді HR-консалтинг басшысы.
Жұмыс іздеушілерге арналған мемлекеттік бағдарламалар Enbek.kz: үміткерлер мен жұмыс берушілер не білуі керек?"Бірақ кейде жас шектеуін қоятын бизнес иелерін де түсінуге болады, - дейді сарапшы. - Мысалы, өндірісте жұмыс істей білу керек станоктар бар және шартты түрде 10–100 миллион тұратын қымбат жабдықтың бұзылып қалмауын қадағалап, компьютер арқылы басқару қажет. Бұл жағдайда басшы кімді таңдайды? 25–35 жастағы жігітті ме, әлде 45–60 жастағы ересек адамды ма? Жауабы айтпаса да түсінікті".
Біз HR-маманмен жұмысқа орналасудағы мемлекеттік қолдау, атап айтқанда - Enbek.kz бос жұмыс орындары сайты туралы сөйлестік.
Дарья Тимошинаның пікірінше, 40+ үміткерлердің жолында психологиялық кедергілерден бөлек, техникалық кедергілер де бар. Мемлекет жұмыс іздеуге арналған инфрақұрылым жасағанымен, сарапшының ойынша, үміткерге де, жұмыс берушіге де онда бағдарлау қиын. Порталдың әлеуеті зор, бірақ оны іске асыру әзірге ақсап тұр.
"Мемлекеттің жұмысқа алуды қалай қолдайтынына келетін болсақ, идеясы үшін "бес", ал орындалуына, өкінішке қарай, әдеттегідей "екі" деген баға беруге болады. Мысалы, әркім түйіндеме қалдыра алатын Enbek.kz сайты өте күрделі жасалған. Адамдарға оның қалай жұмыс істейтінін түсіну қиын. Соған қарағанда [жұмыс іздеуге арналған коммерциялық сайтты атайды] түйіндеме жасау үшін өте ыңғайлы. Ал Enbek-ті көбі түсінбейді, соның салдарынан олардың түйіндемелері өте нашар күйде болады", - деп бөлісті Дарья Тимошина өз бақылауы.
Ыңғайлы интерфейстің жоқтығы вакуум тудырады: үміткерлер порталдың мүмкіндіктерін білмейді, ал рекрутерлер оны жай ғана "есеп үшін жасалған биржа" деп санап, кіруге асықпайды.
"Рекрутерлердің бәрі бірдей ол жерден кандидат іздеуге болатынын білмейді. Мен өзім ол жерден бірнеше рет адам жалдадым. Иә, іздеу қиынырақ, өйткені адам аз келеді, сапалы толтырылған түйіндемелер де аз. Бірақ тіпті жәрдемақы алу үшін тіркелген адамдардың байланыс деректері арқылы да іздеуге болады".
Сонымен қатар, маман шағын кәсіпорындар үшін мемлекеттік портал қымбат жеке сервистерге жақсы балама бола алатынын атап өтті:
"Алматы мен Астанада коммерциялық сайттардың түйіндеме базасынан бір ай бойы іздеу - шағын бизнес иесі үшін қомақты сомма. Ал Enbek-те тегін іздеуге болады. Егер бұл жоба ілгерілеп, дамитын болса, бұл бизнеске де (ірі және шағын), үміткерлерге де үлкен көмек болар еді. Сондықтан адамдардың бұл туралы білгенін қалаймын".
Бірақ әзірге сайтта жұмыс берушілердің белсенділігі төмен, ал 40+ мамандар бұл дереккөзге аса сенбейді. Сондай-ақ, "онда негізінен жалақысы төмен және біліктілігі аз мамандықтар мен жұмысшылар қарастырылады" деген пікір бар.
"Күміс жас": мемлекет жасы келген қызметкер үшін ақы төлейді"Бір танысыма аспаздық курсын ұсынды. Болжамды жалақысы - салықтарды қосқанда 200 мың теңге шамасында. Немесе "Қазпоштадағы" позиция - салықтармен бірге 100 мың теңге", - дейді Дарья Тимошина.
Көптеген қазақстандықтар жасына байланысты жұмысқа қабылданбаған кезде, ақпараттандырылған жұмыс беруші үшін олардың "тиімді олжа" бола алатынын тіпті сезбейді де. 2022 жылдан бастап елімізде "Күміс жас" жобасы жұмыс істейді, ол іс жүзінде бизнеске былай деп ұсыныс тастайды: "Тәжірибелі қызметкерді жұмысқа алыңыз, ал мемлекет оның жалақысының бір бөлігін төлейді".
Егер бұрын бағдарлама зейнетке шығуға екі жыл қалған адамдарға бағытталса, қазір ережелер өзгерді - оған 50 жастан бастап қатысуға болады.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Мемлекет бизнеске ересек қызметкерге төленетін төлемдерді үш жыл бойы субсидиялайды:
Бірінші жыл: бюджет белгіленген жалақы мөлшерінің 70 пайызын өтейді. Екінші жыл: мемлекет төлемдердің 65 пайызын өз мойнына алады. Үшінші жыл: жалақының 60 пайызы субсидияланады.Маңызды: субсидия сомасы 30 АЕК-тен (2024 жылы шамамен 110 мың теңге) аспауы керек, бірақ бұл шағын және орта бизнес үшін кандидаттарды таңдау кезіндегі салмақты уәж болып табылады.
Қадамдық алгоритм: "Күміс жас" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасатын адам не істеуі керек? Тіркелу:Жұмыс іздеушіге тіпті үйден шығудың да қажеті жоқ. Алдымен Enbek.kz сайтында немесе Enbek мобильді қосымшасы арқылы тіркелу қажет.
Мәртебе: Ресми жұмыссыз мәртебесін алу қажет. Бұл ЭЦҚ арқылы онлайн немесе жақын маңдағы Еңбек мобильділігі орталығында (бұрынғы жұмыспен қамту орталықтары) жасалады. Бос жұмыс орнын іздеу: Enbek.kz порталындағы сүзгілерден "Күміс жас" тармағын таңдау керек. Онда субсидиялау шарттарына келісіп қойған жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары жинақталған. Шарттар: Жұмыс тұрақты болуы тиіс. Үш жылдық субсидия аяқталғаннан кейін жұмыс беруші сізді штатта тағы кемінде бір жылға қалдыруға міндетті, бірақ бұл кезде ол жалақыны толықтай өз есебінен төлейді. Қандай жұмыс берушілер "Күміс жас" бағдарламасына қатыса алмайды:Бағдарлама қосымша жұмысқа немесе уақытша қоғамдық жұмыстарға орналасуға қатысты емес. Сондай-ақ жобаға мемлекеттік мекемелер қатыса алмайтынын ескеру қажет. Бұл ұсыныс жеке секторға - шағын наубайханалардан бастап ірі өндірістік цехтарға арналған.
Лайфхак: егер сіз арманыңыздағы компанияны тапсаңыз, бірақ ол "Күміс жас" туралы білмесе, оларға бұл туралы өзіңіз айтып беріңіз. Жұмыс берушіге Enbek.kz сайтына кіріп, сіздің кандидатураңыз бойынша жобаға қатысуға өтінім беруді ұсыныңыз. Бұл компанияның еңбекақы қорынан миллиондаған теңге үнемдеуіне мүмкіндік бере отырып, өзіңізді "сатудың" тамаша тәсілі.
"Өмірді өзгертуге ешқашан кеш емес" 1-оқиға. Аспаз - сату менеджері - қойма қызметкеріЕлорда тұрғыны Қанаттың негізгі мамандығы - аспаз. Ол жас кезінен осы жүйеде жұмыс істеген, бірақ шамамен 35 жасында денсаулығына байланысты кетуге мәжбүр болған.
"Мен тамақ пісіруден басқа ештеңе білмейтінмін. Сату саласына кетуге мәжбүр болдым. Ірі құрылыс дүкенінде сату менеджері болып орналасып, сол жерде жұмыс барысында оқудан өттім. Көп нәрсені үйрендім, бұл әлі күнге дейін өміріме көмектесіп келеді. Екі жыл жұмыс істегеннен кейін отбасылық жағдайларға байланысты жұмыстан шығуға мәжбүр болдым. Жұмыстан шыққаннан кейін, 40-тан асқан шағымда жұмыс іздеу кезінде жасқа байланысты кемсітуге тап болдым", - дейді Қанат.
Оның айтуынша, ол сайттардағы хабарландыруларға жауап беріп, бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне де барған. Бірақ барлық жерде ер адамның жасы сәйкес келмейтінін айтқан:
"Барлығында "жас ұжым", ал мен "олармен тіл табыса алмайды" екем. Тек қоймадағы бос орындар немесе күзет қана қалды. Осылайша қойма жүйесіне тап болдым. Жұмыс істеп жатқаныма бір жыл болды. Шыны керек, жалақысы аз, бірақ жұмыстың үйдің жанында орналасқаны ұстап тұр. 40-тан асқанда таңдау қалмайды - қайда алды, сонда бардым. Денсаулығымның әлі де олай жұмыс істеуге мүмкіндік беріп тұрғаны жақсы - қазір жасым 44-те, өзімді күтемін, спортпен шұғылданамын".
Қанаттың жұмыс орны. Фото материал кейіпкерінен алынды
Қанат құрдастарына, егер мүмкіндік болса, мамандықты өзгертіп, оқудан өтуге кеңес береді:
2-оқиға. Дизайнерліктен массаж жасауға дейін"Еш қорықпай, батыл жасаңыз. Бәрі сәтті болады".
Алматылық Еленаға 42 жасында үлкен қаладан Жетісу облысындағы шағын Текелі қаласына көшуіне байланысты жаңа саладан жұмыс іздеуге тура келген.
"Мен полиграфия дизайнері болып 12 жыл жұмыс істедім, негізінен газет-журналдардың беттерін қаттадым. Шағын қалада бұл қызметтерге сұраныс аз. Оның үстіне, жаңа мамандық иегері атанып, ағзаның жұмысы мен оны сауықтыру жолдарын білгім келді - бұл сала мені баяғыдан қызықтыратын. Бұған қоса, Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасу кепілдігі де болды, жаңа жерде тезірек табыс таба бастау мен үшін маңызды еді", - дейді Елена.
Ол орталықта мемлекеттік бағдарлама бойынша оқып, шәкіртақы мен жол ақысын алған. Оның айтуынша, "бұл массаж саласындағы көкжиегімді кеңейтуге, лайықты білім алып, практикадан өтуге мүмкіндік берді". Оқуды аяқтаған соң, ол массаж жасаушы болып жұмыс істеуге құқық беретін мемлекеттік үлгідегі сертификат алып, шипажайдан жұмыс тапты.
3-оқиға. Технологтан мұғалімге дейін"Ең бастысы - өміріңді өзгертуге деген құлшыныстың болуы. Адам өз еңбегінен ләззат алмайтын кездер жиі болады. Өмірі бірқалыпты өтіп жатса да, ол мүлдем басқа нәрсені армандайды. Сондықтан қорықпау керек. Қалай болғанда да, жаңа мамандықпен өміріңіз бұрынғыдай болмайды, ал жаңа білім мен жаңа тәжірибе қуаныш пен шабыт сыйлайды. Өйткені, таңертең өзіңе ұнайтын, оның үстіне адамдарға пайда әкелетін және араласудан жағымды әсер сыйлайтын жұмысқа үлкен құлшыныспен бару - ең керемет сезім", - дейді Елена оқырмандарға.
Алматылық Маргаританың негізгі мамандығы - "қоғамдық тамақтандыру технологиясы". Ол осы сала бойынша көптеген жылдар бойы тамақтандырумен айналысатын ірі қазақстандық компанияларда еңбек етті. Бірақ 43 жасында тағдыры күрт өзгерді - бұған үлкен ұлының сырқаты себеп болды.
"Мен үйде оқуға жазылған мүмкіндігі шектеулі балама қарадым. Бірақ мұндай оқытудың "ешқандай" екенін түсініп, жүйеге қарсы шығуды ұйғардым. Бала мектепке баруы керек! Осылайша, баламның қасында болу үшін алдымен мектеп кітапханашысы болып жұмысқа орналастым", - деп еске алады Маргарита.
Бірде мұғалімге сабақ кезінде шұғыл шығып кету керек болып, ол Маргаритадан оқушыларға бас-көз бола тұруды және материалды түсіндіріп көруді өтінеді.
Келесі сабақта балалардан сұрау алған мұғалім материалдың бірден игерілгеніне таңғалады.
"Сол кезде мен мұның нағыз сүйікті ісім екенін түсіндім! - дейді Маргарита. - Мен мұғалім болғым келді. Жоғары оқу орнын екінші білім ретінде екі жылда қиындықсыз аяқтадым. Қазір педагог-сарапшы санатым бар!"
Маргарита мектептегі жұмыс үстінде. Фото материал кейіпкерінен алынды
"Мен жұмысқа үлкен махаббатпен барамын, күн сайын бүлдіршіндерімді асыға күтемін, - деп жалғастырды ол. - Өзге балаларды осылай жақсы көруге болатынын білмеппін. Менің мамандығым - ең тамаша мамандық екеніне сенімдімін!"
Маргарита кез келген білім мен дағды адамға жайдан-жай берілмейді деп есептейді: әркімнің өз тағдыры бар және ол кез келген жаста айқындалуы мүмкін.
4-оқиға. Маркшейдерден сағат шеберіне дейінКелесі кейіпкеріміз, қаратаулық Геннадий Кимнің мансабы туған қаласының тағдырымен бірге 50 жасында өзгерді.
Геннадий тау-кен кәсіпорнында жұмыс істеген, бірақ оның айтуынша, уақыт өте келе өндіріс көлемі азая бастаған. Жұмыс берушілер алдымен штатты қысқартып, кейін қала құраушы кәсіпорын мүлдем жабылып қалған.
"Мен мамандығымды өзгертуге мәжбүр болдым және тұрмыстық сағаттарға қызмет көрсету мен жөндеу бойынша өз шағын шеберханамды аштым", - дейді шебер.
Геннадийдің айтуынша, тау-кен ісінде жинақтаған дағдылары жаңа ісінде де кәдеге жараған.
Геннадий Ким жұмыс үстінде. Фото материал кейіпкерінен алынды
"Мен мамандығым бойынша топографпын, яғни топографиялық карталар сызатынмын. Бұл өте ұсақ, өте нәзік жұмыс. Сағат жөндеу кезінде де осы дағды көмектесті, өйткені ондағы бөлшектер де өте майда", - деп салыстырады ол.
Қазір Геннадий Ким зейнетте болса да, сағат жөндеу ісін жалғастырып келеді.
5-оқиға. Маркетингтен қоғамдық тамақтандыруға дейінАлматылық Гүлжан Тұрысбаева - 20 жылдан аса тәжірибесі бар маркетолог, ол 47 жасында жалдамалы жұмыстан кетуге шешім қабылдады. Жеке наубайханасын ашып, оның негізінде Қазақстан үшін жаңа өнім - гёдза жартылай фабрикаттарын шығаруды қолға алды.
Анықтама: гёдза (гедза) - бұл жұқа қамырдан жасалған, көбінесе ет пен көкөніс салмасы бар жапондық қуырылған тұшпара. Оларды алдымен қытырлақ болғанша қуырып, кейін буда пісіреді. Бұл тағам Жапонияға Қытайдан келген, онда оның аналогы цзяоцзы деген атпен белгілі.
Гүлжанның наубайханасында шығарылған гёдза. Фото кейіпкерден алынды
Гүлжанның айтуынша, басты себеп - өзіне сынақ тастау: "Қолымнан келе ме, әлде келмей ме?"
Ол бұған дейін бизнес басқарып көрмеген, ал қоғамдық тамақтандыру - ол үшін мүлдем жаңа бағыт, оның үстіне өнім де өте ерекше. Гүлжанның бизнесі әлі жас - оның бұл салада жүргеніне небәрі тоғыз ай болды.
6-оқиға. Маркетологтан тігіншіге дейін"Маркетинг саласындағы білімім жаңа бизнесте маған көмектесіп жатыр, бірақ, әрине, әлі де үйренерім өте көп".
Дәйексөз авторын қосу
Сурет қосу
![]()
Гүлжан Тұрысбаева
шағын бизнес иесі, бұрынғы маркетолог
Наталья Пак та жиырма жылдан аса уақыт бойы түрлі корпорацияларда, негізінен халықаралық компанияларда маркетолог болған. Қызмет саласын ауыстыру туралы 45 жастан кейін ойлана бастаған. "Неге?" деген сұраққа ол "бұл бірнеше фактордың жиынтығы болды" деп жауап береді:
"Табысты мансабыма қарамастан, өзімді жаңа қырымнан сынап көргім келді, үйреншікті ортамнан шығуды қаладым. Сонымен қатар, 20 жылдық қауырт жұмыстан кейін шаршау басым болды, жүйенің, процестердің және шексіз дедлайндардың шеңберінен шыққым келді".
Наталья Пак жұмыс үстінде және оның өнімдері. Фото материал кейіпкерінен алынды
Сонымен, Наталья тоқыма бұйымдарын жасауды жөн деп шешті. Ол мектеп кезінен бастап бізбен тоқуды білетін. Кейде өз туындыларын әлеуметтік желілерде көрсетіп, көптеген жылы пікірлер алатын.
40 жастан асқанда "қайта жүктеуді" неден бастау керек"Маған "қашан тапсырыс қабылдайсыз?" деген сұрақтар жиі қойылатын. Бәлкім, қазір Англияда тұратын бұрынғы әріптесімнің хабарламасы қозғаушы күш болған шығар. Ол менің заттарым керемет екенін және сатуды бастау керектігін айтып жазды. Содан бері міне, екі жылға жуық уақыт өтті, мен бізбен тоқудан тоқу машинасына көштім, сапалы иірілген жіп сатып алып, жеке парақша ашып, клиенттік база қалыптастырдым", - дейді Наталья.
40 жастан кейін "жүйені бұзып", жаңа істен өзін тапқан жандардың оқиғасын оқығанда, мұның бәрін сәттілікке немесе мықты мінезге балап қоя салуға болады. Бірақ мұндай қадамның артында қорқыныштың жоқтығы емес, оны тізгіндей білу жатыр. Мансапты қалай күрт өзгертуге болатыны туралы бизнес-психологтың кеңесіне жүгіндік.
"Бұл жастағы басты кедергі - дағдылардың жетіспеушілігі емес, "сарапшылық тұзағы". Сіз бір салада беделіңізді ұзақ уақыт бойы қалыптастырғаныңыз сонша, қайтадан "жаңа бастаушы" болу ойының өзі намысқа тиетіндей көрінеді. Бірақ 40 жастан асқанда бизнес бастау - бұл бәрін нөлден бастау емес, жинақталған кәсіби және әлеуметтік капиталды монетизациялау".
Дәйексөз авторын қосу
Сурет қосу
![]()
Наталья Ким
коуч, бизнес-психолог
Төменде біз Наталья Кимнің мамандығын ауыстырғысы келетін немесе өз бизнесін бастауға батылы бармай жүрген қырықтан асқан кәсіби мамандарға арналған нұсқаулығын ұсынамыз.
"Көлеңкелі" дағдыларды түгендеу. Түйіндемеңізде көрсетілгенді емес, іс жүзінде не істей алатыныңызды жазыңыз: агрессивті жеткізушілермен келіссөздер жүргізу, дағдарысты еңсеру, адамдарды тани білу. Бизнесте бұл "жұмсақ дағдылар" (soft skills) нақты құралдарды білуден маңыздырақ. Олардың жалдамалы жұмыстан жеке іске қаншалықты оңай көшетініне таң қаласыз. "Кішігірім ставкалар" стратегиясы. Барлық көпірлерді өртеп, пәтеріңізді кепілге қоюдың қажеті жоқ. Микробизнестен немесе "кешкі" консалтингтен бастаңыз. Сіздің міндетіңіз - алғашқы 10 мың теңгені жұмыс берушіден емес, тікелей клиенттен алу. Осы "алғашқы табыс" сәті белгісіздік алдындағы қорқынышты сиқырлы түрде сейілтеді. "Шәкірт" рөлін "зерттеуші" рөліне ауыстыру. Мамандықты ауыстырудан қорыққанда, өзіңізді емтихан алдындағы оқушыдай сезінесіз. Ұстанымыңызды өзгертіңіз: "Мен қайтадан оқып жатқан жоқпын, мен ескі тәжірибемді жаңа жағдайларда қалай қолдануға болатынын зерттеп жатырмын". Бұл сізге мұқтаждық емес, мықтылық позициясын береді. "Әлеуметтік айнамен" жұмыс істеу. 40-тан асқанда біз көбіне айналамыздың пікіріне тәуелді боламыз: "Директорлық креслодан кетіп, нан пісіре бастасам немесе той түсірсем, әріптестерім не демек?" Өзіңізге жаңа "айна" табыңыз - бұл сіздің қадамыңызды мәртебенің төмендеуі емес, батылдық деп бағалайтын кәсіпкерлер қауымдастығы болсын.Басты құпия: 20 жаста бизнесті албырттық алға сүйресе, 40-тан асқанда - есеп пен төзімділік жетелейді. Сізде жастарда жоқ қасиет бар: бірдеңе дұрыс болмай қалса, дүние төңкеріліп кетпейтінін білесіз. Сіз қиындықтан шығуды үйренгенсіз. Бұл - сіздің басты бәсекелестік артықшылығыңыз.
"90-жылдардың балалары бейімделе біледі"Қазақстандағы 40 жастағылардың мансаптық парадоксы - бұл тек жеке адамдардың мәселесі емес, бұл біздің еңбек нарығымыздың кемшілігі. "Жас та жалынды" мамандарды қуалаймыз деп, компаниялар маңызды дүниені - тәжірибеден, сенімділіктен және стратегиялық ойлаудан тұратын іргетасты жоғалтып жатыр. Тәжірибесіз кадрлардан туындаған қиындықтармен бетпе-бет келген кейбір жұмыс берушілер мұны түсіне бастады.
Бірақ кейіпкерлеріміздің шынайы оқиғалары көрсеткендей, еңбек нарығындағы "көрінбеу" - бұл үкім емес, еңсеруге болатын жүйелі қателік. Бұл жолдағы мансаптық эйджизмнен қорғайтын басты қару - өз құндылығыңды сезіну. Кейіпкерлеріміз айтқандай, тоқсаныншы жылдардың балалары аман қалуды және бейімделуді біледі. Егер нарық сізді әлі "көруге" дайын болмаса, бәлкім, өз ережелеріңіз бойынша жеке нарығыңызды құратын уақыт келген болар.
Авторы: Юлия Колмогорова
Дайындаған: Дина Шәріпхан
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Сәуір 2026 10:37 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















