Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарға сұраныс артты

Еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарға сұраныс артты

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Біздің елде биыл жұмысшы мамандықтар жылының жариялануы бекер емес. Осы тұста өз ішіміздегі жағдай қалай деген сұрақ туындайтыны анық.

Еңбек нарығында жұмысшы мамандығына сұраныс артып тұр. Әсіресе құрылыс, көлік-логистика және қызмет көрсету салаларына аса қажет. Еңбек биржасында 723 жұмыс беруші 7 мыңнан астам қызмет ұсынып отыр. Мұның жартысынан көбі қол күшін қажет ететін қызметтер.

Дуньягозель Байимова құрылыс бұйымдарын өндіретін зауытта маңдайалды жұмысшылардың бірі. Аспалы кранның тізгіні осы кісінің қолында. Салмағы 8 тоннаға дейін баратын қада, плиталарды көтеріп, жүк көлігіне тиейді. Ол 2004 жылы мансап орталығы арқылы арнайы оқыту курсынан өткен. Бүгінде құрылыс техникасын басқарып жүргеніне 20 жылдан астам уақыт өтіпті.

Аспалы кранды басқару – жауапкершілігі жоғары жұмыс. Әр қозғалыс дәлдік пен зейінді қажет етеді. Ал осы ауыр техниканы ұршықша үйіріп жүрген кейіпкеріміз – өз ісінің нағыз шебері.

Дуньягозель Байимова, кран машинисі:

- Көбі менен: «биіктен қорықпайсың ба?», – деп сұрайды. Алайда мен үшін бұл адреналин. Мамандығым өзіме өте ұнайды. Тұрғын үй құрылысына атсалысып, адамдардың жылы, жайлы жерде өмір сүруіне үлес қосу мен үшін үлкен мәртебе.

«Елорда – жылдан-жылға көркейіп келе жатқан алып шаһар. Мұнда құрылыс қарқынды. Сондықтан өндіріс мамандарына сұраныс үнемі жоғары», – дейді зауыт қызметкерлері.

Жанат Әбдірахманова, кадр бөлімінің басшысы:

- 2025 жыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Біздің зауытта қызметкерлердің 80%-і жұмысшы мамандар. Әріптесіміз Дуньягозель Нұрмұратқызының мамандығы – мұнаралы кран жүргізушісі. Бұл әйелдер арасында өте сирек кездесетін бағыт. Мұндай тәжірибелі мамандар өз білімі мен дағдысын жастарға үйретіп, білікті кадр даярлауға үлес қосуы керек деп ойлаймын.

Биыл қалалық мансап орталығында 100-ге жуық азамат өндірістік мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға жіберілді. Бұдан бөлек елордада 40-тан астам бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде жұмысшы мамандығын меңгерген азаматтарға сұраныс артпаса, кеміген емес.

Бағила Орынбетова, Астана қалалық мансап орталығының басшысы:

- Мысалы, құрылыс саласында түрлі инженерлерден бастап қарапайым жұмысшы мамандықтарға дейін тапшы. Медицина саласында әртүрлі бағыттағы дәрігерлер және жұмысшы мамандар бойынша санитар, медбикелер тапшы. Ал қызмет көрсету саласында аспаздан бастап тігіншіге дейін сұраныс жоғары. Логистика саласына келер болсақ, түрлі көлік жүргізушілері, жеңіл көлік және әртүрлі категориялы жүргізушілер тапшы болып жатыр.

Айта кеткен жөн, биылдыққа 18 мыңнан астам астаналық жұмыс іздеп өтініш беріп, 5 мыңы тұрақты жұмыс тапты. Оның 3 мыңға жуығы жұмысшы маман.

Авторлары: Дильназ Тұрғазыева, Мерей Талап, Абдулхамит Бөлекбаев

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 13:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары