Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Зерттеудің абыройлы жылы

Зерттеудің абыройлы жылы

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Көзді ашып-жұмғанша тағы бір жыл зулап өте шықты. Биыл еліміздің ғылым саласы табысты болғаны анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазір ғылымға арқа сүйеген мемлекеттер әлемнің даму көшін бастап тұр. Біз сол елдердің қатарына қосылу үшін ғылымға айрықша мән беруіміз керек, яғни ғылымды қарқынды дамудың төте жолы ретінде қарастыруымыз керек. Ахмет Байтұрсынұлы «Озған­дарға жету керек, жеткендерден озу керек» деген болатын. Бұдан бір ғасыр бұрын айтылған сөз қазір, әсіресе өзекті», деген болатын. Яғни ендігі жерде елімізде ғылымға көңіл бөлу жыл сайын арта түспек.

Қалдықтан құнды материал әзірленді

Сәтбаев университетінің зерттеушілері қант өндірісінде пайда болатын негізгі қалдық – қант қызылшасының сығындысын тиімді пайдалану арқылы жаңа материалдар алудың тың тәсілін ұсынды. Бұл қалдық жалпы биомассаның 80 пайызына дейін жетеді. Қауымдастырылған профессор Сана Қабдрахманованың жетекшілігімен постдокторант Faisal Kholiya мен PhD докторанты Меруерт Иманбек гидротермалдық синтездің заманауи технологияларын қолдана отырып, тағам және фармацевтика саласына жарамды жоғары сапалы пектин, шамамен 35 пайыздық шығыммен целлюлоза, сондай-ақ өлшемі 8-14 нанометрді құрайтын фотолюминесцентті көміртекті кванттық нүктелер алды.

Жаңа материалдар азық-түлікті сақтау жүйесінде, дәрі-дәрмектерді бағыттап жеткізу технологиясында, заманауи визуалды медицинада және қолданбалы нанотехнология салаларында кеңінен пайдалануға жол ашады. «Бұл жоба ауыл шаруашылығы қалдықтарын жоғары сапалы, қосымша құны мол материалдарға айналдырудың айқын үлгісі», дейді жоба жетекшісі Сана Қабдрахманова.

Зерттеу жұмыстары Сәтбаев университе­тінің Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен және металлургия институтына қарасты Химиялық үдерістер және өндірістік эко­ло­гия кафедрасы негізінде жұмыс істей­тін озық функционалды материалдар мен олардың композиттері бойынша ха­лықаралық «R&D» орталығында жүргізілді. Ғалымдардың қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу – өнеркәсіптік ауқымда жүзеге асыруға болатын тұрақты әрі экономикалық тұрғыдан тиімді үдеріс. Бұл бағыт ауылдық аймақтарда жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндіріс саласының әлеуетін арттыруға және елдегі ғылыми-технологиялық мүмкіндіктерді дамытуға жол ашады.

Автономды көлікке арналған заманауи шешімдер

Бүгінде елімізде техникалық жоғары оқу орындары тек өнеркәсіп пен экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ететін білім ордалары ғана емес, сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министр­лігінің стратегиялық бастамалары мен басым бағыттарын жүзеге асыратын маңызды ғылыми-технологиялық алаңдарға айналды. Бұл үдеріс университеттердің ғы­лыми-инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған нақты жобалар арқылы көрініс тауып отыр.

Соның жарқын үлгісінің бірі – Д.Серік­баев атындағы Шығыс Қазақстан техни­калық университеті базасында құрыл­ған «SMART Driving Technology» инжи­нирингтік орталығы. Аталған орталық биыл қараша айында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ашылып, Лу Бань шеберханасының даму жолын жалғастырды. Қазіргі таңда бұл орталық білім беру, ғылыми зерттеу және автопилот технологияларын тәжірибелік деңгейде ұштастыратын кешенді инженерлік кеңістікке айналды.

Орталықтың техникалық инфрақұры­лымы кең мүмкіндіктерді қамтиды. Мұнда жаңа буынға арналған оқу-тәжірибелік гибридті және электрлі автокөліктер, оның ішінде «Changan» маркалы автономды модельдер бар. Сонымен қатар автопилот жүйелеріне арналған мультисенсорлық платформалар (LiDAR, радарлар, бейнекамералар, ультрадыбыстық датчиктер), жасанды интеллект пен машиналық оқытуға негізделген компьютерлік көру, навигация және шешім қабылдау алгоритмдерін әзірлеу мен сынақтан өткізу мүмкіндіктері қарастырылған. Бұдан бөлек, интеллектуалды көлік жүйелері мен цифрлық карталар, жол қауіпсіздігі мен төтенше жағдай сценарийлерін модельдеуге арналған цифрлық шешімдер, AR/VR-симуляторлар, сондай-ақ экологиялық таза әрі автономды көлікке бағытталған «SMART» технологиялар орталық жұмысының маңызды бөлігі саналады.

Осылайша, «SMART Driving Technology» инжинирингтік орталығы жүргізушісіз көлік, жасанды интеллект және интеллектуалды транспорттық жүйелер саласында инновациялық шешімдерді әзірлеу мен сынақтан өткізуге арналған заманауи технологиялық платформа ретінде қалыптасты. Дәл осы инфрақұрылым ШҚТУ-ды Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жүргізушісіз таксиге арналған цифрлық карталар әзірлеу бо­йынша қанатқақты жобасына қатыстыруға мүмкіндік берді. Жоба шеңберінде жасанды ин­теллект алгоритмдерін тексеру және технологияларды тәжірибелеу үшін орталық­тың «Changan» маркалы оқу-тәжірибелік автономды көліктері пайдаланылды.

Аталған тәжірибе Мемлекет басшысы­ның «Қазақстан жасанды интеллект дәуі­рінде» атты Жолдауында белгіленген автопилот, жасанды интеллект және смарт-көлік бағыттарын дамыту міндеттерін іске асырудағы ведомствоаралық ынтымақ­тастықтың нақты үлгісі болды. Бұл ретте «мемлекет – университет – технология» арасындағы байланыс абстрактілі тұжырым деңгейінен шығып, отандық жоғары оқу орындарының көлік саласы мен елдің цифрлық экономикасын технологиялық жаңғыртуға нақты дайын екенін көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 10:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары