Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Жаһандық тәртіп, орта мемлекеттер рөлі Финляндия Президенті астаналық студенттерге дәріс оқыды

Жаһандық тәртіп, орта мемлекеттер рөлі Финляндия Президенті астаналық студенттерге дәріс оқыды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Студенттер мен оқытушылар алдында сөз сөйлеген президент Стубб әлем қазіргі заман тарихындағы маңызды бетбұрыс кезеңдерімен салыстыруға болатын терең өзгерістер дәуіріне қадам басқанын атап өтті.

– Біз қырғи-қабақ соғыс дәуіріндегі екі полюсті әлемнен, кейін АҚШ үстемдік еткен бірполюсті кезеңнен қазіргі көпполюсті жағдайға өттік. Бұл күрделі әрі болжам жасай алмайтын жүйе. Сіздердің буындарыңыз үшін бұл 1945 немесе 1989 жылдардағыдай сәт, яғни жаһандық тәртіптің өзі қайта қалыптасып жатыр, – деді Финляндия президенті.

Финляндия көшбасшысы билік біртіндеп ірі, орта және дамушы мемлекеттер арасында бөлінгенін, сол аралықта технологиялық серпіліс пен жаңа одақтар жаһандық саясат құрылымын өзгертіп жатқанын айтуда.

– Бүгінгі басты сұрақ: біз көпқырлы транзакционализмге – келісімдер әлеміне қарай дамимыз ба, әлде шынайы көпжақты ынтымақтастыққа қайта ораламыз ба?, – деді ол.

А. Стубб жақында жарық көретін The Triangle of Power (Билік үшбұрышы) кітабына сүйене отырып, қазіргі жаһандық динамика үш орталықтың – Ғаламдық Батыс, Ғаламдық Шығыс және Ғаламдық Оңтүстік маңайында айналып отырғанын түсіндірді.

– Менің тұжырымым бойынша, жаһандық тәртіптің келесі кезеңінің қалай дамитынын Ғаламдық Оңтүстік анықтайтын болады, – деді спикер.

Ол сондай-ақ Финляндия мен Қазақстан сияқты орташа көлемді елдер ірі державалар арасындағы көпір ретінде маңызды рөл атқаратынын, диалогты, білім беруді және ережеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатынын жеткізді.

Президент Стубб сыртқы саясаттың үш тұрақты тірегі – құндылықтар, мүдделер және қуат екенін баса айтты. Оның пікірінше, қазіргі дипломатия елдердің осы үш тіректі қалай үйлестіретініне байланысты.

– Адам құқықтары, еркіндік және заң үстемдігі сияқты құндылықтар жалпыға тән. Ал мүдделер мұндай әмбебап емес. Ендігі мәселе – оларды біріктіру үшін күштілер қалғандарына үстемдік жасайтын әлемге жеткізбеу, — деді ол.

Сонымен бірге, еуропалық спикер студенттерге дипломатия ешқашан тұрақты болмайтынын да еске салды.

– Халықаралық қатынастарда түпкілікті соңғы күй болмайды. Бұл үнемі дамып, жаңартылып отыруы қажет үздіксіз процесс, – дейді фин көшбасшысы.

Финляндия президенті студенттерді болашақты қалыптастыруда белсенді рөл атқаруға шақырды.

– Тарих сирек қайталанады, бірақ көбіне ұқсас ырғақта жүреді. Келесі 5-10 жылда жасайтын әрекеттеріміз осы ғасырдың бейнесін анықтайды, – деді ол.

Кейінгі талқылауда А. Стубб климат саясаты, тіл білімін беру және Финляндиядағы азшылық құқықтары сияқты тақырыптарға да тоқталды.

Айта кетсек, бүгін Финляндия президенті қазақ тарихына қатысты жәдігерлермен танысты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 16:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары