Жалақы аз : Ақтөбеде зауыт жұмысшылары ереуілге шықты
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшылары жалақы мәселесіне байланысты басшылыққа наразылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жұмысшылардың айтуынша, соңғы уақытта жұмыс көлемі артқанымен, жалақы үш жылдан бері өзгермеген. Сондай-ақ олар еңбек демалысы кезінде төленетін қаражаттың аздығына және демалысқа шығудың қиындағанына шағымданған.
Компания басшылығы жұмысшылармен кездесіп, кәсіпорынның өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылады.
"Компания өндірістік жобаларды іске асыруды, жабдықтарды жаңғыртуды және шикізат базасын дамытуды жалғастыруда. Бұл өндіріс тиімділігін арттыруға, кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді дамуға және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады "Қазхром".
Компания басшылығы жұмысшылардың барлық ұсынысы мен өтініші қарауға қабылданғанын мәлімдеді.
"Қазхромда" жалақы жыл сайын 1 қаңтардан бастап қайта қаралады. Компанияның мәліметінше, 2022 жылдан бері кәсіпорын қызметкерлерінің орташа жалақысы 79%-ға өскен. Еңбекақыны одан әрі арттыру мәселесі компанияның қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін ескере отырып қарастырылады.
Айта кетері, "Қазхром" трансұлттық компаниясы – ферроқорытпа мен хром шикізатын өндіретін әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Компания Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кіреді.
Биыл "Қазхром" EcoVadis бағалауының қорытындысы бойынша күміс медаль иеленді. Компания 100 ұпайдың ішінен 75 ұпай жинап, жоғары нәтиже көрсеткен кәсіпорындардың қатарына енді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 17:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















