Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Ақмола облысында көлік өртенді

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Жалған мейірімділік пен популизм: Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік төлемдер туралы

Жалған мейірімділік пен популизм: Тоқаев Қазақстандағы әлеуметтік төлемдер туралы

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы негізсіз әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдер беру тәжірибесін сынға алды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, өткен онжылдықтарда мемлекеттік басқарудағы кемшіліктерді халыққа әлеуметтік көмекті көбейту арқылы жасыруға тырысқан. Бұл ретте елде мектептер мен ауруханалар тапшылығы артып жатқанда, төлемдерді тіпті ауқатты отбасылар да алып келген.

"Өткен онжылдықтарда мемлекеттік басқарудағы қателіктер мен кемшіліктерді әлеуметтік көмекті қарқынды түрде арттыру, яғни азаматтардың көңілін табу арқылы бүркемелеу үйреншікті жағдайға айналды", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы мұндай тәжірибе қоғамда масылдық пиғылдың артуына ықпал еткенін, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі теріс пайдаланушылықтар мен сыбайлас жемқорлық схемаларына жағдай жасағанын атап өтті.

"Бюджет қаражаты есебінен адамдарға жалған жанашырлық таныту – бұл халықтың мүддесіне және елдің тұрақты дамуына қарсы бағытталған түрлі айла-шарғыларды солақайлықпен бүркемелейтін нағыз популизм", - деп қадап айтты Президент.

Тоқаевтың пікірінше, негізсіз жеңілдіктер мен төлемдердің шамадан тыс көптігі мемлекеттік аппараттың әлсіздігін және ұзақ мерзімді жоспарлаудың жоқтығын көрсетеді.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатқа деген көзқарастарды қайта қарауға шақырды.

"Сондықтан әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарап, оны бір күндік мәселелерді шешуден стратегиялық мақсаттарға жетуге бағыттау маңызды. Қайталап айтамын: мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс. Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі – осы. Жалпы, бұл салада өзекті мәселелер аз емес, соған байланысты Үкімет өз ұсынысын, шешімдерін беруде", - деді Президент

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір қоғамда осы мәселелер бойынша қызу талқы жүріп жатыр. Азаматтар өздерін алаңдатқан мәселелерді ашық айтып жатыр.

"Сондықтан бұл күрделі мәселені "өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай", байыппен, салмақты көзқараспен шешу қажет. Артық қыламын деп, тыртық қылуға мүлдем болмайды. Кез келген реформа терең сарапталып, мұқият зерттеліп, азаматтардың жағдайын мейлінше ескере отырып жүргізілуге тиіс. Әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдерін, соған қатысты ақпараттық жүйелердің қызметін алдын ала мұқият тексерістен өткізу қажет. Ең дұрысы, ондай жобаларды әуелі пилоттық режимде іске қосып, тиімділігі расталған соң ғана кең ауқымда қолдану керек", - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес, бұл, ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз.

"Сондықтан біз адам капиталының сапасын жақсартуға және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға баса мән беріп отырмыз", - деді Президент.

Сондай-ақ Президент "Халықтық құрылыс" ауқымды бағдарламасы жиналып қалған құрылымдық теңсіздіктерді жоюға бағытталғанын түсіндірді. Оның айтуынша, халық санының өсуі мен ішкі көші-қон әлеуметтік нысандарға шамадан тыс салмақ салып отыр, олардың көбі қазірдің өзінде мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп тұр.

Еске сала кетейік, 28 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялап жатыр.

Мемлекет басшысы алғаш рет бірпалаталы парламент – Құрылтай отырысында Жолдау жариялап отыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:34
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 12:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see149

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see146

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see145

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see144

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see143

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see135

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see134

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see133

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see133

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see131

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see131

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see131

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see130

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see129

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see129

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see129

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see128

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see128

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары