Байлар көмек алмауы тиіс : Бектенов әлеуметтік төлемдер туралы пікір білдірді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Премьер-министр Олжас Бектенов ауқатты қазақстандықтар әлеуметтік төлемдер түріндегі мемлекеттік көмекті алмауы тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Құрылтай отырысында жәрдемақылар мен азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесінің реформасына қатысты пікір білдіру кезінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет тек мұқтаждарға көмектеседі"
Құрылтай отырысында Олжас Бектеновке бюджет тапшылығы туралы сұрақ қойылды.
Бұған жауап ретінде премьер-министр әлеуметтік төлемдер реформасына тоқталды. Оның айтуынша, бұл шара мемлекеттің жәрдемақыларға жұмсайтын шығындарын азайтып, үнемделген қаражатты басқа қажеттіліктерге бағыттауға мүмкіндік береді.
"Әлеуметтік көмек – табыс көзі емес""Біз ақыры адамның қай санатқа жататынына емес, мұқтаждық қағидатына көшіп жатырмыз. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл қағидат толық күшінде жұмыс істейді. Мысалы, бүгінде көпбалалы отбасы бай болсын, кедей болсын, мемлекеттен бірдей қолдау шараларын алады. Біздің ойымызша, бұл әділетсіз. Ауқатты, өзін-өзі асырай алатын дәулетті адамдар мемлекеттен көмек алмауы тиіс", – деді Бектенов.
Олжас Бектеновтің сөзінше, мемлекет тек өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтындарға ғана көмек береді.
"Тағы да айта кететін жайт, адам мемлекет көрсетіп жатқан көмекті тұрақты табыс ретінде қабылдамауы керек. Жоқ, бұл адамның өзін тауып, уақыт өте келе мұқтаждар санатынан шығуына берілген серпін болуы тиіс. Пәлсапа осындай", – деп түсіндірді премьер-министр.
Бектенов бұл шаралардың нәтижесінде 2027 жылы 700 миллиард теңге, ал үш жыл ішінде шамамен 2,5 триллион теңге үнемделетінін хабарлады.
Реформаның мәні неде?"Осындай жұмыстар жүргізіледі. Бюджет тапшылығын барынша азайту бағытында жұмыс істейміз", – деп түйіндеді Бектенов.
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда 10 мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау ережесі өзгереді. Бұл тізімге нақты қандай төлемдер енгенін мына жерден оқи аласыздар.
Төлемдер туралы шешім қабылдау кезінде адамның немесе отбасының материалдық жағдайы ескеріледі. Отбасының әл-ауқатын бағалау үшін бес санат қолданылады:
А – жоғары деңгей: тұрақты жоғары табысы, жылжымайтын мүлкі және басқа да активтері бар отбасылар. B – ауқатты деңгей: тұрақты табысы, баспанасы және тұрақты қаржылық жағдайы бар отбасылар. C – қанағаттанарлық деңгей: табысы аз, несиелері бар және қаржылық мүмкіндіктері шектеулі отбасылар. D – экономикалық тұрғыдан осал деңгей: табысы төмен, қарыздары бар немесе жұмысқа орналасуда қиындықтары бар отбасылар. E – экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал деңгей: өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар.Жаңа ережелерге сәйкес, А және B санатындағы азаматтар бекітілген тізімдегі жәрдемақыларды ала алмайды.
Егер адам қазірдің өзінде жәрдемақы алып жүрсе, бірақ ол А немесе B санатына жатқызылса, төлем тоқтатылуы мүмкін. Егер оның материалдық жағдайы нашарлап, ай сайынғы бағалау кезінде C, D немесе E санатына өтсе, төлем қайта басталуы мүмкін.
Өзгерістер енгізілетін төлемдердің қатарында – бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы және және бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтім бойынша ай сайынғы жәрдемақы бар. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл төлемдер де отбасының материалдық жағдайын ескере отырып тағайындалады. Отбасының әл-ауқат деңгейі Отбасының цифрлық картасы көмегімен автоматты түрде анықталады. Ол үшін табыс, мүлік және салықтар туралы мәліметтер салыстырылады.
Қазақстанда бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақыны тек мұқтаж жандар алады
Tengrinews.kz онлайн-калькулятор әзірледі. Оның көмегімен қолданыстағы әдістеме бойынша отбасыңыздың бес санаттың қайсысына жататынын алдын ала анықтауға болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:79
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 20:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















