Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Жамбыл облысында донорлар жетіспейді: жүздеген науқас кезекте тұр

Жамбыл облысында донорлар жетіспейді: жүздеген науқас кезекте тұр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мамандардың айтуынша, донор жетіспеушілігі мәселесі бүкіл Қазақстан бойынша өзекті күйінде қалып отыр. Облыстық трансплантация үйлестірушісі, денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас нефрологы Аягөз Баймұратованың мәліметінше, соңғы бес жылда елімізде 1005 трансплантация жасалған. Алайда операциялардың басым бөлігі – 92,1%-ы тірі донорлар есебінен жүзеге асқан.

Ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың үлесі небәрі 7,9% ғана.

Жамбыл облысында да жағдай осыған ұқсас. Қазіргі таңда 137 адам трансплантация кезегінде тұр. Олардың 122-сі, оның ішінде бес бала бүйрек ауыстыруға мұқтаж. Бұл өңірдегі бағдарламалық гемодиализдегі науқастар санының көптігімен байланысты, бүгінгі күні олардың саны 439 адамға жеткен.

Сондай-ақ 8 адамға бауыр, 7 адамға жүрек трансплантациясы қажет.

Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, жүйе әлі де туыстық донорларға тәуелді. 2024 жылы өңірде 25 бүйрек және 5 бауыр трансплантациясы жасалса, оның тек біреуі ғана мәйіттік донорлық есебінен жүзеге асқан.

2025 жылдың сегіз айында жасалған 7 бүйрек трансплантациясының барлығы тірі донорлардан алынған.

Мамандардың айтуынша, мәйіттік донорлықтың дамуы өте баяу жүріп жатыр. 2014-2017 жылдары мұндай небәрі төрт жағдай тіркелсе, кейінгі жылдары тек екі жағдай (2023 және 2025 жылдары) ғана болған.

Сарапшылар бұл мәселенің тек медицинаға емес, қоғамдағы көзқарасқа да байланысты екенін атап өтеді. Сенімнің төмендігі, түрлі мифтер мен этикалық күмәндар жүйенің дамуын тежеп отыр.

Осыған байланысты мамандар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді басты бағыт ретінде қарастырады. Дәрігерлер, дін өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қоғамда мәйіттік донорлыққа оң көзқарас қалыптастыруда маңызды рөл атқаруы тиіс. Себебі бір ғана шешім бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстан бойынша шамамен 5 мыңға жуық адам орган трансплантациясын күтіп отырғаны хабарланған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Сәуір 2026 01:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see145

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see144

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see141

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see134

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see129

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see127

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see119

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see117

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see117

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see116

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see115

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see115

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see114

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see113

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see113

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see113

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары